Күшейткіштер бұл электроникада сигнал күшін жақсарту немесе көбейту үшін қолданылатын құрылғылар



бет2/3
Дата06.12.2022
өлшемі142,46 Kb.
#55413
1   2   3
Байланысты:
К шейткіштер б л электроникада сигнал к шін жа сарту немесе к бе

А режимі. Күшейткіш элементтерінің бірнеше жұмыс шешімдері бар, олардың бір-бірінен айырмашылықтары қасиеттерінде, сондықтан олар әр түрлі аймақта қолданылады. Шығыс тізбегінде сигналдың барлық периодында ток болатын күшейткіш элементінің жұмыс режимін А режимі дейміз. А режимінде күшейткіш элементінің тыныштық нүктесі түзу - сызықты бөліктің ортасында болады. (2 -сурет)
Шығысы тогының кіріс кернеуіне тәуелді өзгерісі. Тыныштық нүктесінің түзу сызықты бөліктің ортасында болуы үшін кіріс тізбегіне ығысу кернеуін немесе тогын береді.
А режимінде шығыс тогының Іштайнымалы құраушы амллитуда шамасы тыныштык, ток ІТ шамасынан үлкен
болмайды. Шығыс тогының орта І0 мәні А режимінде, кіріс сигналының амплитудасына байланыссыз және тыныштық тогынан Iт аз өзгерісте. А режимінің негізгі артықшылығы ол - гармоникалық коэффициентінің аздығында, себебі күшейткіш элементінің жұмысы сызықтық бөлікте және шығыс тогының түрі кіріс тогының түрімен бірдей болғандықтан. А режимінде пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК = Р~/ Ро, мұндағы Р~ күшейткіпі элементі беретін сигнал қуатыР шығыс тізбегінің қорек көзінен пайдаланылатын қуат) аз, себебі тыныштық шамасы жоғары, сондықтан ПӘК-тің аз болуы оның кемшілігіне жатады. А режимі көбінесе алдын ала күшейту каскадтарында, сонымен қатар жоғарғы қуатты күшейткіштерге қолданылады. А режимін бір тактілі және екі тактілі каскадтарда пайдалануға болады.
В режимі. Сигналдың жарты периодында шығыс тізбегінде ток болатын күшейткіш элементінің жұмыс режимін В режимі деп атаймыз. Күшейткіш элементінің тыныштың нүктесі түзуленген өту сипаттамасының төменгі жағында орналасңандыңтан, кіріс тізбегіне ығысу шамасын ендіру қажет. Бұл режимді толығымен сипаттау үшін қиылу бұрышы деген үғымды ендіреміз. Қиылу бұрышы деп периодтық жарты бұрыштық өлшемде белгіленген бөлігін айтамыз. Бұл кезде күшейткіш элементінен сигнал тогы өтеді. Қиылу бұрышын Q белгісімен белгілейміз, идеалды В режимінде қиылу бұрышы р/2 = 90° тең, ал шығу ТОРЫ жарты период ішінде өтеді. Бірақ, шын мәнінде, сипаттаманың төменіндегі иілу аймағына байланысты қарастырғанда тыныштық тогының шамасы В режимінде нөлге тең емес, 5-15% шығыс тогының Iмах максималды мәнін құрады жөне қиылу бұрышы Q 90° біраз артық.
Осы соңғы жағдайға байланысты бұл режимді кейде АВ режимі деп атайды. Бұл режим А және идеалды В режим аралығында болады. Тыныштық тогыныңжәне токтың (Іорт =0,318Імах) орта мәнінің аздығының салдарынан В режимінде А режимімен салыстырғанда ПӘК-і жоғары. 



2-сурет. В режимі
В режимінің негізгі артықшылығы - пайдалану қорек энергиясының аздығы. Бұл ПӘК жоғарылығы ғана емес және аз сигналдарда қорек көзінен пайдаланылатын ток шамасының тез азаюында, сондықтан музыка және сөз сигналдарын күшейткенде, В режимінде жұмыс істейтін қуатты күшейту каскадтары А жұмыс режимімен салыстырғанда қорек көзінен энергияны аз жұмсайды. В режимінің кемшілігі - күшейткіш элементі жарты периодта жабық тек жарты периодта ғана берілген сигналды күшейтуінде, сондықтан В режимін екі тақталы күшейту схемаларында пайдаланады. Бұл кезде екі тақталы схеманың бір иығы оң жарты периодта, ал екінші иығы екінші жарты периодта күшейтіледі, сондықтан сигналдың екі жарты толқыны да күшейтіледі. В режимінде ПӘК жоғары болуына бай-ланысты. В режимі жоғарғы қуатты күшейткіштерде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет