1. Кәсіби бейімделуге мына компонеттердің қайсысы кіреді:
кәсіби ақпарат;
алғашқы «күш сынау»;
күнделікті оқу жұмысы;
сыныптан тыс жұмыстар;
кәсіби кеңес беру;
ата-аналармен әңгіме;
2. Кәсіби бейімделу мыналарға байланысты (дұрыс жауабын таңда).
Кәсіпке қызығушылық;
Оқыту мазмұны;
Еңбек мазмұны;
Жанұя есері;
Өндірістік орта;
Ата- анасының жас мөлшері.
Мына топтар қандай кәсіп түріне жатады:
Мұғалім, оқытушы, кітапханашы;
Дәрігер, заңгер, агрохимик, орманшы;
Суретші, дизайнер, ғалым;
Радист, бейне инженер, журналист;
Кәсіптік мектеп оқушыларының техникалық
шығармашылығының мәні, міндеттері және түрі
Шығармашылық жұмыс - адам қызметінің жемісі, ол материалдық және рухани игіліктердің саналы жаңа көрінісі.
Адам шығармашылық жұмыспен шұғылданған кезде оның бойындағы барлық рухани күштер іске қосылады, таным, түйсік, найымдау, оқу мен практика кезінде жинақталған шеберліктері, әсіресе, қиял арқылы ойлау процесі шығармашылық жұмыста өз нәтижесін береді.
Техникалық шығармашылық - бұл тиімді әрі жаңашыл техникалық нысандарды жасау, сол арқылы оқушылардың шығармапылық қабілетін дамытып, оқу мен тәрбиелеудін белгілі бір мақсатты көздеген құралы.
Кәсіптік мектеп оқушыларының техникалық шығармашылығының нәтижелері - жеке тұлғаның саналы шығармашылық жұмыстарының кешенді сипаты болып, оны дамытудың негізгі жолдары:
ойлау белсеңділігі;
практикалық жұмыстарды орындауда білім мен икемділікті шыңдауға апаратын жол;
міндеттерді өздігінен шеше алуға;
еңбек сүйгіштік қабілетін дамытуға;
өнер тапқыштық қасиетін қалыптастырады.
Оқушылар мен өндірістік оқыту шебері, үйірме жетекшілеріпс әрбір оқушының творчестволық мүмкіндігінің деңгейін анықтайтын мынадай көрсеткіш келтіріледі:
Достарыңызбен бөлісу: |