Кјсіптік мектептердегі кґсіби баєдар беружїйесі


I - деңгей. Оқушылар техникалық құжат бойынша сызбаларын аздаған өзгерістер енгізу арқылы деталдар орнын өзгертіп бұйым дайындай алады. II - деңгей



бет8/9
Дата07.06.2023
өлшемі114 Kb.
#99433
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Реферат. Портфолио

I - деңгей. Оқушылар техникалық құжат бойынша сызбаларын аздаған өзгерістер енгізу арқылы деталдар орнын өзгертіп бұйым дайындай алады.
II - деңгей. Техникалық құжат бойынша сызбаларға өзінше өзгерту жасап, құрастыруды жетілдіріп, өнім жасай алады.
III - деңгей. Өнімді оқушылар технологиялық процестерді түпнұсқасын сақтай отырып, жетілдіре алады.
IV - деңгей. Оқушы өз жетекшісінің ұсынысы бойынши технологиялық процестерді өзі кұрастырып, өнім дайындай алады.
V - деңгей. Оқушы өздігінен бұйым сызбаларын негізден, идеяларын өнертапқыштық жолмен жүзеге асыруға мүмкіндігі бар.
Техникалық шығармашылық түрлері:

  • өнертапқыштар бригадасы;

  • техникалық үйірме;

  • шығармашылық тапсырма;

  • оқушылар конструкторлық бюросы;

  • бітіру алдындағы өндірістік практика;

  • ғылыми жетістіктер көрмесіне топ саяхат.

Кәсіптік мектеп оқушыларының шығармашылық
қабілетін қалыптастыру әдістері
Инженер-педагогтік кәсіптік мектеп оқушыларының техникалық шығармашылық қабілетін қалыптастыру әдістері мына бағыттарда жүргізілуі тиіс:
1. Кәсіби оқуға алғашқы кіріскен күннен бастап шығармашылық жұмысқа қызығушылығын арттыру;
2. Олардың бойында өз ісіне деген берік сенімділік қалыптастыру;
3. Жаңа ақпарат көздерін тауып, ғылым негіздерін өз бетінше
жүйелі жинауға үйрету.
4. Жеке тұлғалық шығармашылық белсеңділігінің көзін ашу, одан нәр алуға баулу.
5. Жаңа технологиялық тәсілдерді игерген сайын, шебер оқушы қабілетін лайық жаңа шеберлік көкжиегіне қарай бағыттау ізденіске жетелеу;
6. Жағдаяттық қиындықтарды отбасымен бірлесіп шешу
(материалдар, құралдар, қаражат көздері, уақыт т.б.)
7. Әрбір жұмыста я өнімде жатпай тұрған бөлшекті я технологиялық процесті жете білу, аңғару, оны өзінше ой елегінен өткізу;
8. Техникалық үйірмелердің конструкторлық қызметінде ой бөлісу, пікір алысу, жобасын дәлелдеу;
9. Оқушыларды сыни ойлауға үйрету, кез- келген бұйымды жетілдіру мүмкіндігі бар екенін ұғындыру, өз кәсіби білім кеңістігін, кәсіби шеберлік деңгейіне жеткізіп, өнертапқыштық жолында өз ізденісін түпкі нәтижеге дейін апару қасиетін қалыптастыру.
Жеке демек, тұлғаның саналық қасиетгері оны белгілі кәсіп саласы аймағындағы қызметінде айқындалып, ашыла түседі. Мысалы. радиоэлектроника аспаптарын (РЭА) жөндеуші шебердің бойына тән өзіндік кәсіби қасиеттері: түрақтылык, жинақылық, ізденімпаздық, дәл анықтай білу, білім тереңдігі, хабардарлығы, т.б. Ал, инженер-педагогика тән сапалы кәсіби қасиеттер: шыншылдық, әділдік, талап ете білушілік, адамгершілік ұстамдылық жұртпен тіл таба білушілік, т.б. Әрбір сөз соңында айтарымыз жеке тұлға белгілі бір техникалық үйірмелерге қатысып, өз идеяларын жүзеге асыру үшін, ұдайы ізденісте, өз білім қорын танымдық қабілетін ақпарат көздері арқылы үнемі толықтырып отырғандағы кәсіби шеберлік шыңына жете алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет