1. Болжау кезеңі.Нақты оқу орнының жағдайында, сол мамандық бойынша кәсіптік-техникалық білім берудің мемлекеттік және аймақтық даму жүйесінің болашағымен танысады, оқып үйренеді. Бұл кезеңнің жүзеге асуы мына нәрселермен белгіленеді:
Аталған оқу орнындағы білікті жұмысыны дайындау тізбесінде кәсіптің бар екендігін анықтау.
Базалық кәсіпорындардың, ұқсас мекемелердің сол мамандыққа сұранысын болжау.
Аталмыш оқу орнында жаңа кәсіптің даму болашағын нақтылау;
Кәсіби бағдар жүргізілетін мамандықтың біліктілік сипаттамасы мен профессиограммасын таңдау және онымен танысу.
2. Нысананыкездеүкезеңі. Бұл жұмыс жалпы орта мәдениеттің 1-ші сыныбынан басталады. Бірінші курсқа қабылданған, бұл оқушылармен өндірістік оқыту шебері, сынып жетекшісі немесе ииженер-педагог олармен байланыс орнатып, кәсіби бағдар бойынша кешенді жұмыстар атқарады. 7-8 9 сыныптарда 3 жыл қатарынан бір я бірнеше мектепте қатарынан атқарылған жұмыстарда инженер-педагог мына нәтижелерге қол жеткізуі керек:
Тиісті жалпы білім беретін мектеппен кәсіби бағдар бсру жөнінде келісім шартқа отыру.
Кәсіби бағдар жүргізілетін сыныптың жетекшісі туралы дәйектемелер (аты-жөні, оқытатын пәні, телефоны, мектепті болатын сағаты т.б.)
Мектептің еңбек пәні мұғалімі туралы мәлімет:(аты-жөні, байланыс телефоны, базалық жоғарғы білімі, мектепте болу мерзімдері т.б.)
Директордың тәрбие істері жөніндегі орынбасары туралы мәліметтер:(аты-жөні, оқытатын пәні, байланыс телефоны, мектепте болу уақыты т.б.)
7-сынып оқушыларының жалпы тізімі.
3.Жоспарлаукезеңі. Мұны инженер-педагог жалпы білім беретін жетінші сынып оқушыларымен танысқан күннен бастауы қажет. Бұл жоспар келісім-шарт түрінде инженер-педагог пен мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары мен сынып жетекшісі арасында жүргізілуі тиіс. Кәсіби бағдар беру, жоспары мен тараулары кәсіби бағдар берудің негізгі компоненттерімен сай келуі керек.
1 .Кәсіп туралы ақпарат беру
2. Оқушыларды түрлі қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке жету.
3. Кәсіби кеңес.
4. Кәсіпке бейімделу.
Әрбір тарау мына мәліметтерді есепке ала толықтырылуы тиіс:
оқу орнының кәсіби бағдар беру мүмкіндігі;
базалық кәсіпорын кәсіби бағдар беру мүмкіндігі;
аймақтық жұмыспен қамту орталығының кәсіби бағдар беру
мүмкіндігі;
инжеиер-педагогтің осы саладағы іс-тәжірибесі; сынып жетекшілерінің осы саладағы іс-тәжірибесі; кәсіби бағдар берудің қазіргі әдістемесін іріктеп алып, тиімді пайдалануы;
Бұл жұмыстар нәтижелі болуы үшін арнайы кәсіби бағдар беру
жоспарына сай жүзеге асуы тиіс.
4. Іске асыру кезені.Бұл кезеңде инженер-педагог жоспардың іске асуын бақылап, қажет болса жұмыс барысында түзетулер енгізіп, іске асырады. Мұның нәтижесінде мыналарға қол жетуі керек:
Кәсіптік оқу орнына арналған топ тізімі пайда болды, кейін арызы жазылды. Берік ұжым негізін құрады;
Оқушылар туралы кәсіптік оқу орнында толық мәлімет жасақталды. Кәсіптік оқу орнына қабылданып, өз мамандығына деген бейімділігін бірінші курста инженер-педагог пен кураторлар, оқытушылар жалғастыруына жол ашады.