ә) мақалдар мен мәтелдер ауыз әдебиетінің ерекше жанры ретінде қарастырылса, афоризм, көбіне, жазба әдебиетіне байланысты жасалып отырады.
б) мақалдар мен мәтелдер өмір құбылысының жақсы, жаман жағын бірдей көрсететін болса, афоризмдер өмір құбылысының, көбіне, жақсы жағын үлгі ретінде ғана баяндайды.
Афоризмдер өзінің пайда болу жағынан, көбіне, жазба әдебиетке тәуелді болады. Сонда, кейбір афоризмдер белгілі авторға байланысты айтылмай, халық қазынасы ретінде көбірек айтылады. Мұндай жағдайды қазіргі газет – журналдардың бетінен жиі ұшыратамыз. Өйткені, келелі, өткір ойды жинақтап, ұғымды етіп халыққа жеткізу мақсатымен кейде, авторы белгісіз жаңа афоризм сөздердің пайда болуы көп кездеседі. Баспасөзде кездесетін мұндай афоризмдердің көбі халық арасында мақал ретінде танылады. Өйткені, олардың авторы – жалпы ұжым.
Қорыта айтқанда, қазақ афоризмдері жазба әдебиеті негізінде жасалып, жаңадан қалыптасып келе жатқан жас тұлға. Бірақ, қазақ афоризмі қазақ әдебиеті тарихында болмаған категория деуімізге болмайды. Өйткені, жазба әдебиеті кеш басталған қазақ әдебиеті сияқтыларда ауыз әдебиеті аса күшті дамығаны айқын. Ал ауыз әдебиеті тұсында афоризмдердің бәрі дерлік халық қазынасына айналып кеткені мәлім [32,52]
Жазушы Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» атты шығармасынан терілген мақал –мәтелдер мен афаризмдер.
1.«Үй өзімдікі деме, үй сыртында кісі бар демекші, бұл заманда кімге сеніп болады»-деп ойлады ол су басына қарай аяңдап келе жатып.
2.-Ай, Майлық-ай, ауру қалса да әдет қалмайды-ау. Адам бойынан табылмайтын екі нәрсенің бірі ауру –сырқау болса, екіншісі жақсы, не жаман әдет. Ауру, дерт адам емделсе, күтінсе кетіп қалатын уақытша құбылыс болса, жастайынан үйренген, ана сүтімен кіріп, сүйекке сіңген әдет тек адамның өзімен бірге кетеді, одан арылам деп қанша тырысса да бойда оның қалдығы қалады, одан біратала арылу қиын.
3.-Дәл таптыңыз, Құлан аға, үстінен түстіңіз,- Майлық өзіне өзі риза болған кейіппен қорсылдап күліп қойды,-ұры азығы мен бөрі азығы жолда деп...
4.Адам үш күннен кейін көрге де үйренеді дейді ғой. >Ауыс. Адам баласының бұ дүниеде де, о дүниеде де көрмейтін, көнбейтін азабы жоқ. Ол тауқыметтің бәріне көнеді, көндігеді, оған, тіпті, көп ұзамай –ақ үйренеді, тіпті ол үш күннен соң көр азабына да үйренеді деген сөз.<
5.Сақтықта қорлық жоқ деп... өзініз барып торға түсіп қайтесіз аға.
6. -Күштінің құйрығы диірмен тартады дейді ғой.
7. «Қазақ байыса қатын алады» деп қатынды да үйірімен ұстады, атасынан қалған ауыр дәулетті місе тұтып, көзі тоймай ұры да жұмсап, бір шеті срнау Жаманқала, Қорған, бір щеті Қарсақпай, Ұлы таудан жылқы да алдырды. бұл қазақтың ертеден келе жатқан көне салты бойынша байлығы асып, дәулетті таси бастаса болды үйленіп, көп әйел алуға талпынуына, ал сырттардың (саудамен шұғылданған Орта Азиядағы әлеуметтік топтың) байи бастаса болды, там салып, үй –ауласын кеңейтуге талпынуына жаман әдет деп қараудан туған мақал. Өз кезінде қазақ пен оған көршілес отыратын сарттардың бұл әдеті қырғын соғыстан кейін халық санын қалпына келтіру үшін қажет болса да, барлық уақытта елдің бәріне бірдей оны істеуге болмайтынын ескертуге болмайтынын ескертіп тұрған сияқты.
8.Сонымен деймін-ау, жаман айтпай жақсы жоқ,- деп толқыған қарт жаңағы мәтелді тағы тілге тиек етті,-«біздің батыр қайда» деп мына пақырларың әбден көкми болып отыр. Ауыс. Басталған игі істі жүзеге асыру үшін оған тосалғы болатын, қарсы келетін нәрселердің барлығын алдын ала айтып, ескерген жөн, солардан тазалап алғанда ғана игі істің орындалуына жол ашылады деген сөз. [33,53]
9.Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді деген бар емес пе! 1.Кебін-пенденің келмес сапарға аттанғанда киер ақырет киімі және ол –келмеске кеткеннің бір белгісі; ал, тас кебенек (ер азаматтың сауыт орнына жауға киетін, арасына қыл –қылшық салып , соғысқа кеткен адамның садақ оғы өтпейтындей етіп, тығыздап қара киізден басқан қорғаныс киімі) киіп, қарсы шайқастан еліне (үйіне), аман қайтуының мүмкіндігі ықтимал; 2) ауыс. «Қырық жыл қырғын болса да ажалы өледі» дегендей, тірі кеткен адамның еліне оралуы ықтимал деген сөз.
10. Бізде орыста мақал бар: «старый друг лучше новых двух», былай айтқанда ескі, кәрі дос жаңа екі достан жақсы деген.
11. Мүмкін бұған әкесі де себепкер болған шығар, үнемі: «бізде құдайдың алты аласы, бес бересі жоқ, оның құлағын шулатып қайтесің, тапқан тамағыңды біл де тымпиып жүре бер» - дейтін қалжыңдап.
12. «Әке көрген оқ жонады», ақыры сол Афонюшкадан діндәр адам шықпады, қаршадайынан қолына мылтық ұстап, әкесінен қалмай тайга кезді, аю соқты, құралайды көзінен атқан мерген атанды. Әке көрген оқ жанар, Шеше көрген тон тігер 1.Ертеректе ер –азаматтың бір міндеттың бір міндеті садағына оқ жона білу болса, аналардың (әйел заттының) өзіндік бір міндеті –тон піше білу, яғни киімдерін өздері пішіп, өздері тіге білуі. Мақал жасөспірім ұл –қыздардың алдына қоятын тілектің ең бастысы (кезінде) ата –ана кәсібін жалғастыра білу болған; 2. Ауыс. Ата –баба дәстүріне берік болу, олардың үлгі –өнегесін үзіп алмай, ілгері дамыту дегенді аңғартады.
1.«Әлің жеткен жерде әлек салатын кесірдің өзісің –ау» деп түйіп қойды мерген ішінен.
2.Ес білген кезінен –ақ, «патша ағзамға адал қызмет ет, керек болса, әкең сияқты жолына жаныңды қи» деп құлағына құюмен болды.
3.Бірақ сен қажыма. Үш кесе де жыланның кесірткедей қауқары бар дейді гой.
4. «Қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар» деп ескілікті адамдар айтып кетіпті ғой.
5. Жаңа мылтығын ілейін деп айнала бергенде бұл жолаушының қақпақтай жауырынын көріп, «ел болсын, жау болсын –осы тегін адам емес –ау» деп ойлаған.
6. Әкім болсын демеймін, оқығанның беті жарық, оқымағанның беті шарық демекші, кедей –кепшікке жәрдемі тисе шүкірілік қой.
7.Қайда барсам Қорқыттың көрі үңірейіп алдымнан шыға келеді.
8. «Бәледен машайық қашыпты, осы қанжауғырлардың ортасынан тайып тұрсам», -деген ой мергенді жиі-жиі алаңдата берді.