Пікір:қиянатына қалу т.б.
Фразеологизмдер.1.Бәтшағар, сені шошаңдатпай, тап осы жерде аяғыңды көктен келтірейін бе? Күлі көкке ұшты, тас-талқаны шықты, бәлеге ұшырады, жаза тартты.
2. Зәреңді бір алайын! Үрейін ұшыру, қорқыту [26,44]
3.Құлан есікті мықтап жапты да енді айналасына көз жүгіртті. Шолып қарады; шола іздеді; ой жіберді;
4.Далаға келген бір шешекте әке-шешесін жалман алған жетім бала бай үйінің отымен кіріп, күлімен шығып жүр екен. Бар үй бейнетін, тұз бейнетін арқалады; барлық ауыр салмақты көтерді;
5. Ағаңның барар жер, басар тауы таусылған сияқты.Қылар үміт, артар түк айла-амалы жоқ.
6. Содан соң ашу ,үстінде таяқ жеп қалармын деп сөзін жұта қойды. Сөзін кілт тоқтатып,артын айтпай қойды.
7. Алдыңғы аяғын бүгіп алған, кірісіне қызыл жүн қойдырған жебе дерлік, атылып барып анадай жерге топ ете түсті, көзді ашып-жұмғанша тағы көкке ырғыды. Лездің арасында, қас пен көздің арасында әп-сәтте.
8. Там төбесіндегі тесіктен көрінген от орнындай аспан көлеміне қарап жатып, Құлан сол бір ұмыт болған елесті есінде қайта жаңғыртып еді.Бұл жердегі мағына: аумақты,көлемді.
9.Әй, сол кісілер де нағыз жүрек жұтқан ер болған-ау. Еш нәрседен қорықпайтын батыл, ер-азамат.
10.Сіз естідіңіз бе, естімедіңіз бе білмеймін, бір жолы сол кісі жорықтан талып-шаршап келе жатып, бір бұлақтың басына ат шалдырыпты дейді. Атын азын-аулақ отқа қойды.( Аттың белін жазғызып, шөпке жайып алғанда айтылады) [26,45]
11.Жарықтықтардың, жер хабар бермесін, жүрегінің түгі бар ғой. Ер, батыр, батыл кісі, еш нәрседен тайматын, қаймықпай, бетіне айтатын адам.
12. Көздегені мүлт кетпейтін еді ғой, топырағы торқа болғырдың. Діни. Жатқан жері жақсы болсын деген мағынада дүние салған адамға айтылады.
13. Екеуі де түні бойы кәдір түнін күзеткен діндарларша көз ілген жоқ. Ұйқтамады.
14.Қой, кеселім тиіп, обалына қалармын. Жазықсыз жапа шектірді, қиянатын өз басыңа көз қалды.
15. Ағынан жарылса да, әлде қиыстырып қайдағы жоқты соқса да бұған бәрібір. Еш нәрсені жасырмады, ішіне еш сыр бүкпей, ашық айтты, бар сырын ақтарды.
16. Ой, шатастырған құдай-ай, мен де сол сияқты шаруа бағып үйде тыныш жатсам,әуелден, жағам жайлау, төсім өріс болмай ма? Мол өмір, уайым-қайғысыз тіршілік,еркіндік, көңілділік; жайбарақат күйде күн кешу.
17. Әліптің артын бақ деген бар емес пе.
18. Қайдан білейін енді бәрі орнына келді, қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған заманды орнаттым деп бөсіп жүрдім-ау. Тыныштық, бейбіт заман орнады.
19. Мен де енді ақ үй тігіп, байларша бір шалқиын деген ой көкейіме құрт боп түсті. мазасын қашыру, маза бермеу,
20. Көкке ауызы тиді, енді оңалып кетеді ғой деген үміт қана көңілге медеу. Көңілге медеу: Іштей сүйемел ету, арқа сүйер ету мағынасында айтылған. [27,46]
Көкке ауызы тиді: Жерге шөп шығып, тойынар шақ келді.
21. Немере інісіне іштей ренжісе де ет жақын бауырымен жүз жыртысуға, әрі өзінен мүшел жас кіші адамға: «әй, сен бәлен етіпсін!» деуге дәті бармады, оны бойына ар көрді. Ұрысты, араздасты, ренжісті.
22. Ондай хабарлар бұл үйлерге ұзынқұлақтан жететін. Алыпқашпа әңгіме; әркімнің айтқан лақап сөздері.
23.Серкештің айызы қана көп айтатын хабары-ел арасындағы ұрыс-жанжал болып келетін. Көңілі жай тапты, құмары тарқады; құлақ құршы қанды, рақаттанды.
24. Мені басынайын, аяқ асты етейін деген-ау,-деп ойлады ол,- батыр, мерген атағы бар Құланның ауылына келіп жанжал шығарған не сұмдық.1)Қалай боса солай, берекесіз шашылып жатқан, керексіз болған нәрсе туралы айтылады.2) Менсінбеу, қорлау мағынасында айтылған. [27,47]
25. Көрейін олардың әуселесін. Тал түсте ауылыма ат ойнатып, Құланның төбесіне шықпақ екен ғой. Астамшылық етті, басынды; атқа мініп, қаумалап, қамап тұрды.
26. «Қап, қап, қорлағаны-ау, бұл»- деп іші алай-түлей болған Құлан ашуға булығып, бетіне түгі шығып отыр. Қатты қаһарланды, бұланталан болып, кәріне мінді.
27.Еттен таяқ, сүйектен сөз өтті. Айыбын бетіне баса масқара қылып ұрысты, балағаттады.
28. Бір шыбын жаныңа нені де болса сатып жібересің-ау, ә?! Көне. Өмір, тірлік мағынасында. (Діни ұғым бойынша кісі өлгенде «жан» шыбын тәрізді ұшып кетеді-міс)
29. Міне енді, қанағанымыз қарық, сағанағымыз сарық.
30.Ернім ерніме жуымайды.
А.Нұрманов «Құланның ажалы» романында 50 фразеологизм табылды. Оның 30 теріліп, 28нің мағынасы ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: |