Кучербаева Д. К. А. НҰрмановтың «ҚҰланның ажалы» романының КӨркемдік әлемі


Метонимиялар мынадай іргелестік, шектестіктер негізінде тууы мүмкін



бет34/39
Дата14.02.2023
өлшемі160,51 Kb.
#67990
түріДиссертация
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
өскен ұлжалғас

Метонимиялар мынадай іргелестік, шектестіктер негізінде тууы мүмкін:
1.Қимыл, әрекет пен оның нәтижесінің шектестігі. Мысалы, бояу, егеу, сайлау, жайлау сияқты сөздер әрі қимыл атаулары, әрі зат атаулары болып екіжақты қызмет атқарады. Бұлар алдымен іс – әрекет атауы болып қолданылған да, кейін соның нәтижесі ретінде заттық сипат алған.
2. Зат пен оның ішкі мазмұнының шектестігі.
3. Материал мен одан жасалған заттың шектестігі.
4. Жалқы есімдердің оларға қатысты қимыл-әрекет атауларымен байланыстылығы. Қазақ тілінде кейбір кісі аттары мен жер-су атаулары есімге айналып, белгілі сөздердің контекстік синонимі ретінде жұмсалады.
5. Сапалық сын есімдер мен олардың заттанған мағыналарының байланыстылығы. Мұны түсті білдіретін қызыл, ақ, көк, қара сияқты сапалық сын есімдердің заттанған мағыналарымен шектестігінен айқын көреміз.
6. Автор мен оның шығармасының, болмаса шығарма аты мен оның ішкі мазмұнының байланыстылығы.
7. Іргелес заттық ұғымдардың шектестігі.
8. Жалқы есімдердің бір – бірімен шектестігі [45,60].
Метонимия.
1. «Өкімет арқылы бәлеңшекең мен түгеншекең ізденуде екен, милиция шығарып, Құланнан малын өндірмекші» деген ұзынқұлақ хабарлар еміс –еміс дүңкілдеп бұл ауылға жетіп те жатты.
2. Олар ауызбен айтса, мен қолмен атқардым, тартып алдым сол қансорғыштардан кедейдің есесін.
3.Қаладан келген көк киімдер екен деп шошып кетсем осы өзіміздің ауылдың бәйтөбеттері...
4.-Аман, құдағи, аман, -деді Құлан сол жақ іргеде бырылдап тәтті ұйқыда жатқан қара домалақ қос ұлға бір түрлі іші елжірей, қызыға көз қиығын салып, -мына күшіктердің ұйықтасын –ай басы аяғына кетіп.
5. Болмаса, «батыр, енді елден таңдап бір сұлу ал,өзіндей атағы шыққан азамат ерлер қыз алып жатыр» деп маңайындағы жандайшаптар қолпаштадыма.
6. Жаман бөріктер онан сайын жапырайып, манағы әзірдегі томсарған түс еркектердің жүздеріне қайта тұнды.
7.Құланның өз отауына беттегенін көрген жеті үйдің еркек кіндіктілері осылай қарай аяңдады.
8.Өзінің осы жасқа келгенше жас иіс иіскемегені ойына оралып, бір түрлі іші ашып кетті.
А.Нұрманов «Құланның ажалы» романында 8-метонимия табылып, 8-де терілді.
Қазақ тіл білімі ғылымында да көркем әдебиеттің тілі мен стилі, сөз зергерлерінің шеберлігі сөз болғанда метафораға соқпай кетпейді. Көптеген ақын – жазушының шығармашылық мәнерін сөз еткенде метафораның түрлі тілдік қызметіндегі қасиеті мен ерекшеліктерін талдайды. ‟Метафора – сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа, не құбылысқа балау; сөйтіп суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп әсерін күшейту”.
Сөз мағыналарының метафоралық ауысуы тілдік семантиканы дамытудың аса маңызды тәсілі болып табылады. Метафора тілге көркемдік беретін элемент емес, ол – тілдің бір құрамдас бөлігі іспеттес құбылыс.
Метафоралық шығармашылық түрлі семантикалық процестердің негізінде синонимдік құралдардың дамуына, жаңа мағыналардың пайда болуына, полисемияның жасалуына, терминология жүйесінің және эмоционалды – экспрессивті лексиканың дамуына теңдессіз үлес қосып келеді [45,65]
Тіл білімінде метафора мәселесі көне ойшылдар Аристотель, Цицерон, орыс тілі зерттеушілері А.А.Потебня, В.Г.Гак, В.Н.Телия, Н.Д.Арутюнова, В.К.Харченко т.б. қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынұлы, М.Балақаев, Б.Хасанов, Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиұлы, Б.Қасым т.б. зерттеу еңбектерінен орын алды.
Аристотель алғаш рет метафораны ұқсастық негізінде сөз мағынасының өзгеруі деп көрсетеді. Цицерон оның тілге қажет ұғымдарды атау қабілетін басты назарға алды. Метафора табиғаты әлем лингвистикасында адамның білім қорының құрылымдық сипатымен байланыстыра қарастырылады. Тілдің ойды қалыптастырушылық маңызын басты бағыт етіп алған А.А.Потебня метафоралық ауысуды тілдік семантиканы дамытудың бір құралы ретінде таниды. В.Г.Гак, В.Н.Телия метафораның аталымдық, когнитивтік қызметіне баса назар аударылды. Н.Д.Арутюнова бұл құбылыстың тілдік аспектілері: бейнелілігін, қолданымдық сипатын ашады. Метафораның мағына дамытуда маңызы туралы А.Байтұрсынұлы, Ә.Болғанбайұлы, М.Балақаев құнды пікірлер қалдырған. Оның қызметіне, қолданыстық ерекшеліктеріне Б.Хасанов зерттеу еңбегін арнаған. Әлем тіл білімінде метафораның адамның ойлау үрдісін қалыптастырушылық қасиетін ескеріп, оны басқа қырынан қарастыруды алға тартады. Соңғы уақытта бұл тақырып когнитивистикамен айналысушы ғалымдардың терең қызығушылығын тудырады. Тілдік бірліктердің жасалуындағы адам танымы, дүниені қабылдауы, оны тілде бейнеленуінде метафора маңызды қызмет атқарады. Метафора ұғымдарды қалыптастырады және дайын таңбалар арқылы оларды атайды. Когнитивтік феномен ретінде танылған метафораның аталым жасаудағы маңызына ғалым Б.Қасым өз еңбегінде ерекше тоқталады: ‟Метафора – тілде әмбебап құбылыс. Оның әмбебаптығы тілдің құрылымында және қызметінде көрінеді. Ол тілдің түрлі аспектісі мен қолданыстық қызметін қамтиды” – деп атап көрсетеді.
Қазақ терминтану мәселелерімен шұғылданушы ғалым Ш.Құрманбайұлы терминдену үрдісіндегі метафораның маңызына да тоқталады. ‟Қазіргі қазақ және орыс тілдеріндегі метафораланған терминдердің семантикасы” зерттеу еңбегінде И.С.Мұратбаева ғылым тілінің қалыптасуындағы метафораның сипатына тоқталады.
Ғалым Ғ.Қ.Резуанова зерттеу еңбегінде метафораның тілдегі жаңа мағыналарды тудыруы жөнінде айтады. Аталым жасаудағы метафораның рөлі туралы Н.Д.Арутюнова: ‟Метафора семантикалық процеске серпіліс береді де, өзі өшеді, жоғалады, образдылығы бірте – бірте жойылып, оның орнына ұғым келеді” – деп көрсетеді. Ойлаудың өзі кезең – кезеңмен жүзеге асырылатынын ескерсек, метафора адам ойын дамытып, байытып, көркемдеп отырады. Адам ойының поэтикадағы оның тілінен байқалады. Жаңа нысандар туралы білімді қалыптастыруда бейнелілік ерекше маңызды. Метафора – когнитивтік феномен, яғни адамның әлемді тануда жаңа ұғымдардың қалыптасуына, сонысымен жалпы әлем туралы білімді толықтыруға, дамытуға жағдай жасаушы тілдік құбылыс. Метафораны біріккен зат атаулары негізінде зерттеген ғалым Г.Н.Зайсанбаева мынадай тұжырым жасайды: ‟Метафоралардың жасалуында адамның сезім мүшелерінің қызметі де маңызды рөл атқарады. Көру, сезу, есту, иіскеу, ұстау т.б. арқылы адам қоршаған әлемді таниды. Сол қызметтердің нәтижесінде нысандар арасындағы ассоциациялық байланыстар да анықталады. Осы байланыстар метафораларға әкеледі”.
Метафора көркем шығармада тілдік ерекшеліктеріне байланысты сезімдік, бейнелік қасиетін ашу қызметінде жұмсалады.
Көркем шығармада метафора көркемдік амал – тәсілдің негізгі тілдік элементі болып табылады.
‟Белгілі бір тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сол халықтың басынан өткізген бүкіл өмір тіршілігін, жалпы өткен тарихын айнытпай дәл бейнелейтін таусылмас бай қазына, өшпес тарихи мұра екендігі даусыз. Қазақ халқының басынан кешкен көне тарихын, ақыл – ойын, тілек мүддесін, барлық кәсібі мен шаруашылығын, күллі мәдениетін, керек десеңіз, оның өзіне тән сезімі мен эмоциясын білгіміз келсе, осы тілдің бай лексикасын түбегейлі зерттеу арқылы көз жеткізуге болады” – дейді белгілі ғалым Ә.Болғанбаев.
Тілдік метафораларды жеке зерттеу жұмысының нысаны ретінде алып қарастырған профессор Б.Хасанов метафораға мынадай анықтама берді: ‟Сөз шеберлігіне қиыннан қиыстырған асылды саралау заң. Осы бір қасиетті заңды табанды ұстаған зергерлер өзіндік ою – өрнегімен, ақындық әуенмен ерекше танылмақ.
Бұл ретте ақын – жазушылардың қаламынан туған индивидуалдық метафоралар, яғни сөздердің метафораны қолдануы пайда болған. Әр түрлі стильдік мақсатта метафоралардың тіркеске түсуі арқылы сөздердің сыйымдылығы арта түседі” [46,70].
Зерттеуші ғалым Ж.А.Абитжанова өзінің 2008 жылы қорғаған ‟Орхон – Енисей ескерткіштері тіліндегі метафоралардың уәжділігі мен семантикасы” атты кандидаттық диссертациясында метафоралардың зерттелуі жайына тоқталып өтеді: ‟Тіл білімінде метафораны көркемдік тәсіл ретінде А.Байтұрсынұлы, Р.Барлыбаев, Ә.Болғанбаев, Б.Хасанов сияқты зерттеушілер қарастырған. Қазақ тіл білімінде метафораның табиғатын көркемдік тәсіл ретінде қарастырып, алғаш тұжырым жасаған А.Байтұрсынұлы. Ол өзінің ‟Әдебиет танытқыш” еңбегінде троп түрлеріне, соның ішінде метафораға түсініктеме берген. Ғалым метафораны ‟ауыстыру” деп алған.
М.Балақаев, А.Ысқақов, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Н.Сауранбаев сияқты ғалымдар метафораға мынадай анықтама берген: ‟Лексикада түріне, түсіне, қимылына т.б. белгі ұқсастығына қарай, бүтін бір ұғымның бөлшегін басқа жеке сөзге ұқсату арқылы жаңа мағына ашуын метафора дейміз”.
Р.Барлыбаев метафораны сөздің ауыс мағынасы, ұқсату заңы деп атайды. Аталған еңбекте бір заттың атауын жалпы сыртқы ұқсастық, сәйкестікке қарай екінші бір заттың, құбылыстың жалпылық жақтарының негізінде туған тілдік құбылыс екендігі көрсетілген.
Қазақ тіл білімінде тілдік метафора оның түрлері туралы К.Ахановтың ‟Қазақ тілі лексикасының мәселелері” (1956), ‟Тіл біліміне кіріспе” (1965), М.Балақаев, М.Томанов, Е.Жанпейісов, Б.Манасбаевтың ‟Қазақ тілінің стилистикасы” (1974), І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаевтың ‟Қазіргі қазақ тілі” (1975), ‟Ә.Болғанбаевтың ‟Қазақ тілінің лексикологиясы” (1988), А.Айғабыловтың ‟Қазақ тілінің лексикологиясы” (1995) т.б. біршама қазақ тіліне қатыстыеңбектерде айтылған” [47,72].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет