Байланысты: kudaibergenova kt zhogary oku oryndarynda syr suleileri shyg
қалыптастырушы кезеңінде Сыр сүлейлері
шығармаларындағы əдеби бейне мен бейнелілік мəселелерін оқытуда
эксперимент тобында «Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне
бейнелілікті оқыту» атты элективті курс əзірленіп, оқу процесіне енгізілді. Ал,
бақылау тобында зерттеу тақырыбына қатысты мəселелер білім беру
бағдарламасының жүмыс оқу жоспарында ЖОО компонент болып саналатын
«Халық ауыз əдебиеті», «Хандық дəуір əдебиеті», «ХІХ ғасыр əдебиеті» деген
пəндер аясында қарастырылды. Жасалған жұмыстарды төмендегіше
сипаттаймыз.
Қалыптастырушы
эксперименттің
1-кезеңіндегі
танымдық
компонентінде, өлшемі ретінде – əдеби бейне жəне бейнелілік тəсілдерін
меңгеру 2020-2021 оқу жылының 2-ші академиялық кезеңінде «Сыр сүлейлері
шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілік» мəселесі туралы жоғары оқу
орындарының білім алушыларына дайындалған сауалнама жүргізіліп, бақылау
жəне эксперименттік топқа кірген 2-курс білім алушыларына арнайы курсты
оқытқаннан кейін екі жылдан соң қайтадан жүргізіп пайыздық көрсеткіштерін
төмендегі 19-кестеде көрсеттік. Біз, зерттеу жұмысымыздың соңында бақылау
эксперименті бойынша салыстырмалы зерттеу жүргіздік.
Зерттеудің қалыптастырушы экспериментінің 1- кезеңінде танымдық
компоненті бойынша
екі топтың 2- курс білім алушыларына жоғары оқу
орындарының
« Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне
бейнелілікті оқыту» курсынан кейінгі жүргізілген сауалнаманының нəтижелері
төмендегі кестелерде бейнеленген жəне гистограммада көрсетілген (сурет 8).
Кесте 19 - Қалыптастырушы экспериментке дейінгі жəне кейінгі танымдық
компоненті бойынша бақылау жəне эксперимент топтары білім алушыларына
«Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілік» туралы білім
деңгейін анықтауға арналған сауалнамадан алынған тəжірибелік мəліметтердің
салыстырмалы пайыздық көрсеткіштері
Бақылау тобы
Эксперимент тобы
Экспериментке
дейінгі кезең
2019 – 2020
Эксперименттен
кейінгі кезең
2021 – 2022
Эксперментке
дейінгі кезең
2019 – 2020
Экспериментте
н кейінгі кезең
2021 – 2022
«Ия» деген
жауап
30,6 % (23)