Екінші бөлім бойынша тұжырым
Зерттеу
жұмысы
бағытындағы
ғылыми-зерттеулерді
талдап
қорытындылау ЖОО-да Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне
бейнелілікті оқыту арқылы тілдік бейнелеу амал-тəсілдерін, көркемдік
сипатын аша отырып, жоғары білім беру жүйесінде Сыр сүлейлері
шығармаларындағы əдеби бейне мен бейнелілікті оқыту негізінде болашақ
кəсіби тіл мамандарын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін
жасауға мүмкіндік берді.
Модельдің тиімділігін айқындау үшін тəжіріибелік-эксперимент
жұмысын жүргізу қажет болды. Біз зерттеу барысында болашақ (тіл мен əдебиет
пəнін оқытатын) филолог мамандарға Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби
134
бейне мен бейнелілік мəселесін жаңа технологиялық тəсілдермен оқыту арқылы
кəсіби-тұлғалық сапаларын дамуы деңгейінің өзгеруін бақылау үшін
диагностикалық əдістерді таңдадық.
Біз əзірлеген жəне енгізген оқу-таным жұмыстарының арнайы тиімділігін
бағалау үшін эксперименттік жəне бақылау топтарындағы нəтижелерге
салыстырмалы талдау жүргіздік.
Болашақ тіл мамандарының Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби
бейне жəне бейнелілікті ЖОО жағдайында оқу үрдісінде меңгеруі бойынша
тəжірибелік – эксперименттік жұмыстың мақсаты мен міндеттері, модельдің
компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері жəне деңгейлеріне сəйкес
алынған нəтижелері ашып көрсетіледі. Эксперимент барысында алынған
нəтижелерге талдау жасалып өңделді.
Қалыптастырушы
эксперимент
барысында
эксперимент
тобына
жүргізілген «Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті
оқыту» атты арнайы курс бағдарламасы өз нəтижесін бергенін анық көруге
болады. Білім алушыларға Сыр сүлейлерінің шығармашылығы, ондағы «əдеби
бейне», «бейнелілік» категориялары жайлы білім беру, қазақ əдебиеті
тарихында өзіндік орны бар Сыр сүлейлері атанған бірнеше ақын – жыраулар,
жыршы-термешілердің шығармаларын көркемдік – стильдік жағынан заманауи
педагогикалық техникамен оқыту, білім алушылардың өзін-өзі білімдендіруіне
ықпал еткенін байқауға болады. Зерттеу нəтижелерінің репрезентативтілігі,
яғни, келешекте осы тақырыптың əрі қарай да практикада қолданысқа ие
болатындығын аңғартады.
Екінші кезекте қалыптастырушы экспериментке дейінгі жəне кейінгі
эксперименттік
жəне
бақылау
топтарының
160
білім
алушысына
шығармашылық – іс-əрекеттік компонент, өлшемі – шығармашылық
белсенділік бойынша теориялық білім қалыптасу деңгейлері зерттелді. Осы
орайда, диагностикалау мақсатында қалыптастырушы экспериментке дейінгі
ЖОО – да Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті
оқыту кезінде білім алушылар ізденіс, зерттеу жəне талдауға негізделген
шығармашылық жұмыстарға жұмылдырылды. Білім алушылардың «Сыр
сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті оқыту»
барысында əртүрлі іс-əрекетте: оқу, аудиториядан тыс, ғылыми жобаларда,
айтыс, мүшайраларда, клуб жұмыстары арқылы бақыладық.
Зерттеу нысанасына Базар жырау, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Шораяқтың
Омары, Қарасақал Ерімбет, Қаңлы Жүсіп, Кете Жүсіп, Күдеріқожа Көшекұлы
т.б. сияқты ақындардың шығармалары арқау болды. ХІХ – ХХ ғасырда Сыр
елінде өмір сүрген қазақ поэзиясына жаңаша көркемдік ізденіс əкелген
ақындардың туындылары алынды. Қарастырылып отырған мəселелердің
сипатына, ауқымына қарай іріктелген ақындардың жекелеген поэзиялық
туындылары контент-талдау əдісімен игерілді. Нəтижесінде болашақ тіл
мамандарына Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілік
тəсілдерін оқытудың салыстырмалы көрсеткіштері деңгейінің сапалы өсуінің
135
оң динамикасын айқын көрсететін жоғарыда келтірілген статистикалық
мəліметтерге сүйене отырып, келесі тұжырымдар жасауға негіз бар:
Жоғары оқу орындарында Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби
бейне жəне бейнелілік мəселесін оқытудың ғылыми – əдістемелік негіздері
арқылы болашақ əдебиет пəні мұғалімдерін кəсіби тұлға ретінде
қалыптастырудың құрылымдық – мазмұндық моделін жүзеге асыру оқытушы
мен білім алушы арасындағы өзара əрекеттестіктің оң динамикасына ықпал
етеді;
Дəрісханадағы жəне дəрісханадан тыс оқу іс-əрекеттерінде Сыр сүлейлері
шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілік тəсілдерін оқытудың
педагогикалық ықпал ету үдерісі болашақ əдебиет пəні мұғалімдерін кəсіби
тұлға ретінде қалыптастырудың құрылымдық – мазмұндық моделін жүзеге
асыру жағдайында, заңдылықтар мен ұстанымдарды ескере отырып, ұсынылған
модель аясында педагогикалық жағдайлар кешенін құру кезінде, ғылыми-
əдістемелік қамтамасыз ету жəне шығармашылықпен жүзеге асырылуы, білім
алушылардың Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілік
тəсілдерін заманауи АКТ техникаларымен оқытудың тиімділігін арттырады.
Болашақ тіл мамандарын кəсіби даярлаудағы заманауи талаптардың
жоғарылауын қамтамасыз етеді.
136
Достарыңызбен бөлісу: |