99
Ш.А. Амонашвили [130], Б.С. Гершунский [131] т.б. педагогикалық
рефлексияны жаңаша ойлау стиліне жатқызған.
Педагогикада «жағдаят» əдіснамалық тұғыр ретінде негізделмегенімен,
жалпы педагогикада «педагогикалық жағдаят», «проблемалық жағдаят»,
«тапсырмалық жағдаяттар», «мəнге бағытталған жағдаят» болып ғылыми
түсінік ретінде қолданылып келеді [132].
Case – study əдісі – білім алушылардың сыни ойлауын дамытып, сабақтың
мазмұнын ерекше құруға, шығармашылық мүмкіндігін дамытуға жағдай
жасайды. Әдістің мақсаты – білім алушылардың бірлескен танымдық
диалогтық іс-əрекетінде [133] Сыр сүлейлері шығармаларын талдау жəне
практикалық шешім шығару болып табылады. Әдебиетті оқытуда білім
алушылардың ғылыми ізденушілігін арттыру үшін жоба қорғау, топтық,
жұптық жоба жасау, мүшайра айтыстарын ұйымдастыру жұмыстарының
маңызы зор. Білім алушылар зерттеудің топтық, жұптық жұмыстары арқылы
бір қорытындыға келуге, ортақ шешім қабылдауға дағдылары қалыптасады.
Эксперимент барысында «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыда ойлауды
дамыту» (RWCT) технологиясы бойынша өткен дəріс сабақтарына тоқталсақ
(кесте 6).
Кесте 6 – «Оқылым мен жазылым арқылы сыни тұрғыда ойлауды дамыту»
(RWCT) технологиясы бойынша сабақ үлгісі
1
2
Сабақтың
тақырыбы:
Пəнге кіріспе.
Мазмұны:
1. Пəнді оқытудың мəні мен маңызы.
2. «Әдеби бейне», «бейнелілік» ұғымдары туралы түсінік.
3. Сыр сүлейлері шығармалары туралы ақпарат.
Достарыңызбен бөлісу: