Кудайбергенова кунимжан тыныштыкбековна


Сабақ түрі  Дəріс  Сабақтың жалпы  мақсаты



Pdf көрінісі
бет27/71
Дата13.10.2024
өлшемі4,13 Mb.
#147906
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   71
Байланысты:
kudaibergenova kt zhogary oku oryndarynda syr suleileri shyg

 
Сабақ түрі 
Дəріс 
Сабақтың жалпы 
мақсаты:
 
Білім алушыларға пəннің мақсаты мен міндетін түсіндіру, оның 
қалыптасуы жайлы жалпы түсінік беру
 
Оқу/оқыту 
нəтижесі: 
 
оқытушы пəн жəне тақырып бойынша SMART мақсатты оқу/оқыту 
үдерісінде тиімді пайдаланады; 
– 
көрнекі құралдар арқылы студенттердің пəнге деген 
қызығушылығын арттырады;
– сұрақ – жауап, талдау жүргізеді;
– білім алушылар SMART мақсат қою мəселесін түсінеді.
 
Сабақтың 
көрнекілігі:
 
Интерактивті тақта, ғылыми негізделген дəріс тезисі, слайд, 
оқулықтар мен ғылыми еңбектер.
 
Түйінді идеялар:
 
Аудиторияға психологиялық жағымды орта қалыптастыру, 
студентердің пəнді игеруге деген мотивтерін жоғарылату.
 
Ұйымдастыру 
кезеңі:
 
1. Презентация арқылы ғылыми негізделген дəріс мəтінін түсіндіру;
2. Дəріс – сұқбат арқылы аудиторияға пəн аясында білім деңгейін 
анықтауға бағытталған сұрақтар беру;
3. Студенттерді сабақты қабылдауы мен сұрақтарға жауап беруіне 
қарай (қабілетіне) топтастыру;
4. Қабілеті төмен білім алушыларға қосымша сауалдар қою арқылы 
дəріске деген қызығушылығын оятуға ұмтылу.
 


100 
6 – кестенің жалғасы 


Тапсырмалар:
 
Силлабуста берілген практикалық, БАӨЖ сабақтың SMART 
мақсатын анықтау, презентация əзірлеу.
 
Кері байланыс:
 
Сабақ біткеннен сауалнама жəне Quiz тест/ білім алушының 
рефлекциясы
 
Қорытынды/ бағалау: 
 
Дəрістегі белсенділігіне қарай білім алушыларды балдық 
рейтингтік əріптік жүйемен бағалау.
 
Дəрісте болашақ педагог мамандарға пəннің қажеттілігі, онда көтерілетін 
негізгі мəселелер, өзектілігі туралы сөз болады. «Әдеби бейне», «бейнелілік» 
ұғымдарына түсінік беріледі. Зерттеу нəтижесі бойынша ғылыми айналымға 
еніп отырған Сыр сүлейлері мұрасының игерілуі, жариялануы жөніндегі тың 
деректер 
жайлы 
түсіндіреді, 
шығармалары 
жанрлық, 
тақырыптық 
ерекшеліктеріне 
қарай 
сарапталады. 
Сабақ 
қорытындысында 
білім 
алушылармен кері байланыс орнату үшін болашақ қазақ тілі мен əдебиеті 
мұғалімдері үшін дайындалған «Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби 
бейне жəне бейнелілікті оқыту» курсы бойынша көзқарасын анықтауға 
арналған сауалнама арқылы білім алушыларға сұрақ (сауалнамадағы сұрақтарға 
«иə» десеңіз – 2 балл, «жауап беру қиын» десеңіз – 1 балл, «жоқ» десеңіз – 0 
балл) қойылады.
Атап айтсақ, Сіз «Сыр сүлейлері туралы не білесіз, білгіңіз келе ме?», 
«Сыр сүлейлері шығармаларымен таныссыз ба?», «Сыр сүлейлері» деген 
ұғымды білесіз бе, бұрын естідіңіз бе?», «Сіздің кəсіби тұлға болып 
қалыптасуыңызға Сыр сүлейлерінің ғибраттық ойлары қажет пе?», «Сыр 
сүлейлерінің шығармаларын оқып, танысуға қарсы емессіз бе?», «Әдеби бейне» 
жəне «бейнелілік» ұғымдары жайлы түсінігіңіз бар ма?», «Сыр сүлейлерінің 
дүниетанымы мен көркемдік ойлауын айқындап бересіз бе?», «Сыр 
сүлейлерінің жазба айтыстарын білесіз бе?», «ЖОО-да Сыр сүлейлерін оқытуда 
қандай бағыттарды ұстанған дұрыс?», «Сыр сүлейлері шығармаларымен терең 
танысып, меңгеру үшін Сізге не қажет?» 
Білім алушылардың рефлекциясы: – Сабақ барысында қаңдай тың 
мəліметтер алдым? – Мен үшін не түсініксіз болды? – Қай тақырыпты тереңірек 
білгім келеді? – Сабақты қандай əдіспен өткен сіз үшін қолайлы? Сыр сүлейлері 
шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілік туралы Quiz тест жүргізілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет