Тест сұрақтары:
1. Бейне (образ) дегеніміз не ? Суретті сөз, бейне, сурет, портрет, əсемдік,
сұлулық.
2. Әдеби бейненің түрлерін белгілеудің неше факторы бар. Аттарын
атаңыз: əдістік, тектік, тəсілдік; түр мен тек; прототип; типтендіру; амал – тəсіл,
3. Көркемдік əдіс тұрғысынан келгенде бейне (образ) неше түрге
бөлінеді?
101
4. Әдеби тек тарапынан келгенде образдың неше түрі бар, аттарын
атаңыз? Эпикалық, лирикалық, драмалық образ.
5. Жасалу тəсілдеріне қарай бейне (образ) неше түрге бөлінеді? 5,8, 3,4,7.
6. «Сүлей» сөзінің араб жəне қазақ тіліндегі мағынасы: салауи (тума
талант); діндар; сақа; ақын; жазушы.
7. Бейнелілік (образдылық) дегеніміз не? Суреттілік, сөздегі сурет;
типтендіру; суреттеу; прототип; адам бейнесі.Табиғат бейнесі.
8. Әдебиеттегі көркемдік əдістің түрлері қалай аталады? Романтизм,
реализм; постмодернизм; модернизм; типтендіру; тек; түр.
9. «Сыр сүлейлері» деген ұғым қай ғасырдан пайда бола бастады? ХІХ
ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың бас кезі; ХV ғасыр; ХVІ ғасыр; ХІІ ғасыр; ХІV
ғасыр.
10. «Сыр сүлейлері» деген атау Қазақстанның қай қаласына тəн?
Қызылорда, Тараз; Шымкент; Алматы; Өскемен.
Дəрістен кейін білім алушылардың рефлексиясын анықтау оқытушы үшін
өте маңызды. Себебі, əрбір сабақты жоспарлауда олардың берген жауабы үлкен
роль атқарады. Пəннің алғашқы дəрісіндегі білім алушылардың рефлекциясы
жақсы нəтиже көрсетті. «Сабақ барысында қаңдай тың мəліметтер алдым?» –
деген сауалға дəрісхана толығымен пəннің тың əрі қызықты тақырып екенін
айтса, «Мен үшін түсініксіз не болды?» – деген сұраққа кейбір білім алушылар
Сыр сүлейлерінің жазба айтыстары жайлы толыққанды ақпарат алғысы келетіні
жайлы айтты. «Қай тақырыпты тереңірек білгім келеді?», – деген сауалға білім
алушылар «Әдеби бейне» жəне «бейнелілік» ұғымдары жайлы түсінігі, Сыр
сүлейлері шығармашылығы жайлы оқып білгісі келетіндерін жеткізді. Ал,
сабақта қолданған жаңа технологияға барлық білім алушылар оң пікірлерін
білдірді. Оқу үдерісінде педагог пен білім алушылар үшін танымдық диалогтық
өзара іс-əрекеттегі жұмыстың маңызы зор. «Бірлескен диалогтық танымдық
диалогтық іс-əрекет» (С.М. Джакупов) [134] тұжырымдасы бойынша топтық,
жұптық жұмыстарды жүйелі жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, білім
алушылардың болашақта кəсіби іс-əрекеттерінде адамдармен бірлескен іс-
əрекетте жұмыс жасауына да əсері бар (кесте 7).
Кесте 7 – «Топтық» жұмыс арқылы өткен практикалық сабақ жоспары
Сабақтың құрылымы Сабақта өткізілген топтық жұмыстың сипаттамасы
1
2
Сабақтың мазмұны:
Қазақ əдебиетін оқыту технологиясы
Жоспар:
1.Әдебиетті оқыту əдістемесінің қысқаша тарихы.
2.Сыр сүлейлері, олардың шығармаларының мазмұны.
3. Сыр сүлейлері, олардың шығармаларын оқытудың технологиялары
мен əдістері (Сын тұрғысынан ойлау технологиясы)
Сабақтың түрі:
Практикалық сабақ
Сабақтың мақсаты:
креативтілік, коммуникация, командалық жұмыс, сыни ойлау
Топта жұмыс істеу
үдерісін модельдеу
Екі топқа бөлу: – «Эмигрант» тобы; – «Ирридент» тобы.
102
7 – кестенің жалғасы
1
2
Сабақтың
негізгі
идеясы:
Білім алушыларды өзара бірлескен танымдық диалогтық іс –
əрекеттестікте жұмыс жасауға баулу, Сыр сүлейлері, олардың
шығармаларын оқытудың технологиялары мен əдістері (Сын
тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы креативтілік, коммуникация,
командалық жұмыс)
Оқу/оқытуда
күтілетін нəтижелер:
– Сыр сүлейлері, олардың шығармалары туралы зерттеушілер
пікірімен танысады, мəдени – танымдық маңызын біледі.
– Миға шабуыл, сын тұрғысынан ойлау əдістері арқылы
шығармашылық ойлау қабілеттері артады;
– Өзара бірлескен танымдық жұмыс жасауға дағдыланады.
Оқу/оқытуда
əдіс
тəсілдер:
Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс, кері байланыс.
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сыр сүлейлері, олардың шығармаларын оқытудың технологиялары
мен əдістерінің маңыздылығына тоқталу.
2. Білім алушыларды қабілеттеріне қарай топқа бөлу.
3. Топтың ережесі мен талаптарын түсіндіру.
4. Білім алушылар арасынан тəуелсіз сарапшылар сайлау.
5. Қорытынды.
Көрнекіліктер:
Интерактивті тақта, слайд
Тапсырмалар:
«1 – Сұңқар» тобы: «Сыр сүлейлері, олардың шығармалары туралы
зерттеушілер пікірлері бойынша топтық жұмысқа арналаған
тапсырмалар?
-Жоба
- Пікірсайыс. Топта жұмыс істеу не үшін қажет? бірлескен өзара іс -
əрекет арқылы топпен қалай жұмыс жасау керек?
-Топпен жұмыстың ережелері ғылыми негізде дəлелдермен қорғау.
«2 – ші Қыран» тобы: «Сыр сүлейлері, олардың шығармаларын
оқытудың технологиялары мен əдістерін» нақты, ғылыми негізде
дəлелдермен қорғау.
Сын
тұрғысынан
ойлау:
Жағдаят, проблемалық сауалдар қою.
Кері байланыс:
Білім алушының рефлекциясы.
Қорытынды нəтиже:
Дəрістегі белсенділігіне қарай білім алушыларды балдық рейтингтік
əріптік жүйемен бағалау
Білім алушылар арасынан құрылған тəуелсіз сарапшылар екі топтың
пікірсайыстағы жəне жағдаяттағы білдірген пікірлері мен ортақ шешім
қабылдаудағы түсініктерін ескере отырып қорытынды жасады жəне бағалады.
Сабақтың нəтижесін анықтау мақсатында кері байланыс орнатып, білім
алушының рефлекциясын білу мақсатында төмендегідей сұрақтар қойылды.
Білім алушылардың рефлекциясы: – Сабақ барысында қаңдай тың
мəліметтер алдым? – Мен үшін түсініксіз не болды? – Қай тақырыпты тереңірек
білгім келеді? – Сабақты қандай əдіспен өткен сіз үшін қолайлы? Практикалық
сабақтан кейін жəне бірлескен танымдық диалогтық өзара іс – əрекеттегі жұмыс
бойынша өткен сабақтың, сабақ барысында қолданылған интербелсенді
əдістердің нəтижесін көру мақсатында білім алушылардың рефлекциясын
103
анықтадық. «Сабақ барысында қаңдай тың мəліметтер алдым?» - деген сауалға
білім алушылар Сыр сүлейлерінің жанрлық ерекшелігін, көпқырлылығын
білдік десе, «Мен үшін түсініксіз не болды?», – Базар жыраудың өмірі мен
шығармашылығы,
«Әмина
қыз»,
«Айна-тарақ»,
«Жүсіп
Ахмет»
дастандарындағы көркемдік образы жайлы толыққанды білгілері келетінін
жеткізді. «Сабақтың өтілу барысына көңілдеріңіз толды ма?» – деген сауалға
білім алушылар оң пікір білдірді.
Әрбір оқытушы үшін білім алушының қабілетін анықтау, табиғатын тану,
жеке даралық ерекшеліктеріне қарай жұмыс жасау орынды. Бұл ретте білім
алушылар үшін оқытушылармен бірлескен танымдық диалогтық іс-əрекеттер,
психологиялық-педагогикалық консилиум құру арқылы сабақ жүргізудің
тиімділігі жоғары.
Консилиум – білім саласындағы сарапшылардың, мамандардың мəжіліcі,
өзара кеңесуі. Психологиялық-педагогикалық консилиум қандай да бір
мəселені (мысалы білім алушылардың қабілетін) талқылайтын жəне бағалайтын
мамандардың бірлестігін білдіреді. Консилиум мəжілісіндегі оқыту үдерісінің
сапасын арттыру бойынша оқытушылардың жұмысы жағдайында білім
алушылардың болжамды үлгерімдерін, үлгермеушіліктің себептері талқыланып
жəне əлсіз тұстарды жеңу бойынша шешімдер қабылданды. Әрбір педагог
сабақтың нəтижесін өзара сабақ пен ашық сабақтың қорытындысынан
анықтайды. Сонымен бірге, ашық сабақ өткізу оқытушының тəжірибе
алмасуына да үлкен септігін тигізеді [135].
«Қазақ əдебиетіндегі əдеби бейне жəне бейнелілік» пəнінің
маңыздылығын айқындау үшін «Базар жырау толғауларындағы персонаждар
жəне оны оқыту» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ кафедра
оқытушыларымен бірлескен психологиялық-педагогикалық консилиум құру
арқылы жүргізілді. «Базар жырау толғауларындағы персонаждар жəне оны
оқыту» тақырыбындағы практикалық сабақты жүргізуге құрылған консилиумда
оқытушы-профессорлардың ұсынысы бойынша негізгі үш бағыт таңдап
алынды. Олар: Базар жырау толғауларындағы персонаждар ерекшелігі, Базар
жырау толғауларының жанрлық сипаты жəне оның тарихи маңызы. Сонымен
бірге, практикалық сабақты тиімді өткізу мақсатында сұрақ-жауап-талдау əдісі
ұсынылды. Аталған ұсыныстар негізінде сабақтың SMART мақсаты
айқындалып, практикалық сабақтың ғылымилығын, сапасын жəне тиімділігін
арттыру мақсатында сабақ жоспары жасалды (кесте 8, 9).
Кесте 8 – Практикалық сабақ бойынша жоспардың үлгісі ( сұрақ-жауап-талдау)
Кафедра:
Қазақ тілі мен əдебиеті жəне журналистика
1
2
Сабақты өткізген оқытушы:
Құдайбергенова К.Т.
Пəні:
«Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби
бейне жəне бейнелілікті оқыту»
104
8 - кестенің жалғасы
Оқу тобы/курсы:
Кял – 18 – 1/ 2 – курс
Сабақтың тақырыбы:
«Базар
жырау
толғауларындағы
персонаждар жəне оны оқыту»
Сабақтың түрі жəне өту əдісі:
Дəріс сабақ, сұрақ – жауап – талдау əдісі
Уақыты мен өтетін орны:
2021 ж. 11 сəуір, сағат 10.30/ 105 –
дəрісхана
Кесте 9 – Сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында жасалған үлгі – жоспар
р/с
Достарыңызбен бөлісу: |