Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет3/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
КІРІСПЕ 
 
Еңбек қорғау – бұл максималды еңбек өнімділігі кезінде, өндірісте 
салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын құрудың теориялық және 
тәжірибелік негіздерін зерттейтін ғылыми пән. Тәжірибелік түсінікпен 
алатын болсақ еңбек қорғау – жұмысшылардың салауатты және қауіпсіз 
еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін шаралар жүйесі.
Өндірістегі қауіпсіздік тұрғысынан алғанда, еңбек жағдайларын 
жақсарту бойынша міндеттердің орындалуы мамандардың дайындығына 
байланысты. Маман өндірістік зияндылықтар мен қауіптіліктерді қалай 
жою керектігін, олардың жұмысшы ағзасына кері әсерін қандай 
жолдармен төмендетуге болатынын, берілген өндірістік үрдіс үшін аса 
қолайлы еңбек жағдайын ұйымдастыруды білу керек.
Барлық керекті білімді болашақ маман «Еңбек қорғау», «Азық 
өңдеу өндірісіндегі еңбек қорғау», «Еңбек және қоршаған ортаны 
қорғау» курстарын оқу кезінде алады. Бұл пәндер студентті өндіріске 
қойылатын ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-гигиеналық 
және өртке қарсы талаптармен, сондай-ақ жұмысшыларды салауатты 
және қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ететін тәжірибелік 
шаралармен таныстырады.
Қазіргі заманғы қоғам жоғарғы мектеп алдына білімді, ойшыл, өз 
бетінше білім алып, оны тәжірибеде қолдана білетін мамандарды 
дайындауды талап етіп қояды.
Жоғарғы оқу орнында дайындау үрдісі кезінде кәсіби сана-сезім 
қалыптасады, ол оның базалық психологиялық құрылымында маманды 
дайындаудың жетекші мақсаты болып келеді. Алайда оның құрылу 
үрдісі жоғарғы оқу орнында оқумен шектелмейді, кәсіби іс-әрекет 
кезінде жалғасып, тереңдейді. Қазіргі жағдайда кез келген маманды 
дайындаудың сапасы оның білім деңгейімен ғана емес, жаңа кәсіби және 
әлеуметтік мақсаттарды қойып, оларды шеше білу дағдысымен 
анықталады. Осыған байланысты берілген оқу құралы оқыту үрдісін 
жаңа 
деңгейге 
шығару 
қажеттілігіне 
бағытталған. 
Маманды 
дайындаудың сапалы сатысына көшуге қол жеткізу керек, яғни жоғарғы 
оқу орнын аяқтау кезінде оның таңдаған мамандығы бойынша жаңашыл 
білімді өз бетінше таба білетін, кәсіби қызметінде кездейсоқ 
жағдайларға қарсы тұра алатын шығармашылық тұлға ретінде 
қалыптасуын қамтамасыз ету керек, себебі маман тек негізгі білімдер 
мен кәсіби біліктіліктерге ие болғанда ғана кез келген тығырықтан шыға 
алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет