Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері


 ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ СТАНДАРТТАР ЖҮЙЕСІ



Pdf көрінісі
бет8/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   97
 
2. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ СТАНДАРТТАР ЖҮЙЕСІ 
(ЕҚСЖ) 
 
ЕҚСЖ – қызметкерлердің еңбек қыметі процесінде олардың өмірі 
мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдық, техникалық, 
санитарлық-гигиеналық метрологиялық және өзге де нормаларды, 
ережелерді өзара байланыстыратын стандарттар кешені.
Еңбек қорғау талаптарын қамтитын нормативтік құқықтық 
актілердің ықпал ету тиімділігін арттыру үшін барлық актілер жүйесінің 
дұрыс құрылуы үлкен маңызға ие. Өзара тығыз байланысты және өзара 
тәуелділікте Бола тұра әртүрлі мемлекеттік органдардың актілері осы 
жүйеде бірінің орнын бірі толықтыра отырып өзінің белгілі бір орнын 
алуы тиіс, өйткені өздеріне жүктелген функцияларға сәйкес әрбір 
мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде қатаң белгілі бір актілердің 
басылымына құқығы бар. 
Осыған байланысты МЕСТ 12.0.001 – 82 «ЕҚСЖ. Негізгі 
ережелерінің белгілеуінше, еңбекті қорғауға арналған мемлекеттік 
талаптарды қамтитын, соның ішінде өз өкілеттіктері шегінде атқарушы 
билік органдары бекіткен нормалар мен ережелерде, нормативтік 
құқықтық актілер ықпалының бар екенін жоққа шығармайды. Еңбекті 
қорғау бойынша мемлекеттік талаптарды, нормалар мен ережелердң 
қамтитын нормативтік құқықтық актілер, атқарушы билік органдарымен 
бекітілген және ЕҚСЖ стандарттары бір-бірімен байланыста болуы тиіс.
ЕҚСЖ Талаптары стандарттарының таралу саласына және МЕСТ 
1.5 – 2001 талаптарына сәйкес өнімдердің, процестер мен қызметтердің 
қауіпсіздігін сертификаттау жүргізу маңызды болып табылады, сондай-
ақ ұйымдардағы еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарда қажет болған 
кезде ұлттық (мемлекеттік) стандарттармен және өнімнің техникалық 


15 
шарттарымен (жабдықтар, машиналар, аспаптар, жеке және ұжымдық 
қорғаныс құралдары), процестер (жұмыстар) және қызмет көрсету 
бөлімдеріндегі «Қауіпсіздік талаптары» арқылы нақтыланады, сонымен 
қатар, жобалау, конструкторлық, технологиялық, пайдалану және 
жөндеу құжаттамалары, ережелер, нұсқаулар және еңбекті қорғау 
бойынша басқа да құжаттар арқылы анықталып, нақтыланады.
ЕҚСЖ-нің ғылыми - әдістемелік принциптері басқару жүйелер 
теориясының жалпы ережелеріне негізделген. ЕҚСЖ құрылымы "адам - 
техника - орта" біртұтас жүйесі туралы ұстаным негізінен шығады. 
МЕСТ 12.0.001 – 82 сәйкес жүйе толықтай бес негізгі ішкі 
жүйеден тұрады, 1) ұйымдастырушылық - әдістемелік стандарттар (ішкі 
жүйе 0); өндірістік факторлардың зиянды және қауіпті түрлерінің 
талаптары мен нормаларына қойылатын стандартттар (ішкі жүйе 1);
өндірістік жабдықтардың қауіпсіздік талаптары қойылатын стандарттар 
(ішкі жүйе 2); өндірістік процесстерінің қауіпсіздік талаптары 
қойылатын стандарттар (ішкі жүйе 3); жұмыс істеушілердің қорғану 
құралдарына қойылатын талаптар стандарттар (ішкі жүйе 4).
Жүйе иерархиалық принцип бойынша құрастылған және өзара 
байланысқан бірнеше стандарттар деңгейінен тұрады. Сонымен, 
ұйымдастыру - әдістемелік стандарттары - ең алдымен негізгі 
ережелерді және жеке ішкі жүйе стандартына бөлінген өндірістік 
зиянды және басқа да қауіпті факторлер түрлері бойынша нормалары 
мен талаптарын белгілейтін стандарттар. Олар барлық жүйе 
стандарттарының әзірленуінің негізі болып болып табылады, жүйенің 
құру принциптері және оның құрылымын анықтайды. 
ЕҚСЖ стандарттау объектілері болып еңбек қауіпсіздігін 
қамтамасыз
етуге бағытталған ережелер,нормалар мен талаптар: 
1. Жалпы 
еңбек 
қауіпсіздігі 
стандарттары 
жүйесінің
ұйымдастырушылық-әдістемелік 
негіздерінің 
құрылымы 
және 
әдістемелік ережелері; 
2. еңбек 
қауіпсіздігі 
саласындағы 
метрологиялық 
қамтамасыздандыру; 
3. қауіпсіз 
еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша 
жұмыстарды ұйымдастырудың жалпы ережелері 
4. өндірістік қауіпті және зиянды факторлардың жіктелуі; 
5. еңбек 
қауіпсіздігі саласындағы негізгі терминдер мен 
түсініктерін анықтау; 
6. өндірістік қауіпті және зиянды факторлардың қауіпсіздігінің 
жалпы талаптары (электр, өрт және жарылу қауіпсіздігінің жалпы 
талаптары және т.б.), және де жұмысшылардың осы факторлардан 
қорғану әдістері; 
7. өндірістік қауіпті және зиянды факторлардың шекті жіберілетін 
параметрлерінің мәндері; 


16 
8. өндірістік қауіпті және зиянды факторлардың нормаланған 
параметрлерін бақылау әдістері (өлшеу, сынау, талдау); 
9. автоматты және/немесе жартылай автоматты режимінде жұмыс 
істейтін кешенді өндірістік жабдықтардың қауіпсіздігінің жалпы 
талаптары мен бақылау әдістері; 
10. өндірістік 
процестер 
мен 
технологиялық 
процестер 
түрлерінің қауіпсіздігінің жалпы талаптары,және де қауіпсіздік 
талаптарының орындалуын бақылайтын әдістер;
11. жұмыс істеушілердің қорғану құралдарының жіктелуі; 
12. жұмыс істеушілердің қорғану құралдарының кластары мен 
түрлері бойынша жалпы техникалық талаптары; 
13. жұмыс істеушілердің қорғану құралдарының қорғау және 
гигиеналық қасиеттерінің бақылау және бағалау әдістері; 
14. жұмыс істеушілердің қорғану құралдарын жалпы таңбалауға 
қойылатын талаптары; 
15. қауіпсіздіктің түстері мен белгілеріне қойылатын талаптары; 
16. апат, өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде 
қызметкерлерді қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге эвакуациялауды 
қамтамасыз ету бойынша бағыттағытталған жүйелерге қойылатын 
талаптар; 
17. еңбек қауіпсіздігі немесе өндірістік жабдықтарды, қалдықтар 
мен материалдарды кәдеге жарату бойынша жалпы техникалық 
талаптар, сондай-ақ бақылау әдістері және осы қауіпсіздік талаптарының 
орындалу барысын бағалау; 
18. Келісімге-қатысушы мемлекеттердің ұсыныстары бойынша 
белгіленген тәртіппен енгізілетін стандарттаудың өзге де объектілері.
ЕҚСЖ құрылымы бірінші немесе екінші деңгейлерінің стандартын 
әзірлеу төмен жатқан нормативтік-техникалық құжаттардың әзірлеу 
қажеттілігін туындауы тиіс, ал бұл бүкіл жүйенің иерархиялық 
құрылысымен анықталады. Мысалы, өндірістік қауіпсіздіктің қандай да 
бір түрінің туындауы осы фактордың жұмыс істейтін адамға ықпал етуді 
төмендету және қорғаудың қажетті жабдықтарымен қамтамасыз ету 
мақсатымен 1 қосалқы жүйенің тиісті стандартын әзірлеуді талап етеді. 
Сонымен бірге кері байланыс бар екендігін атап өту жөн: 
қағидаттық жаңа жабдықтың пайда болуы жаңа қауіпті және зиян 
өндірістік 
факторлардың 
туындауын 
туғызуы 
мүмкін. 
Осы 
факторлардан қорғау өз кезегінде қорғаудың әдістері мен құралдарын 
және тиісті нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуді талап етеді.
Осылайша жүйе ішінде стандарттардың қосалқы жүйелері 
арасында әбден белгілі байланыс бар.
Жеке қосалқы жүйелердің, сонымен бірге бүкіл жүйенің 
шекараларын айқындау үлкен мәнге ие. Осы мақсаттарда стандарттар 
мазмұны бойынша кіріспе бөлімінде орналастырылған таралу облысы 
шегінен тыс шықпауы қажет.


17 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет