12
Қауіпсіздік ережелері (ҚЕ);
Өрт қауіпсіздігі нормалары және ережелер (ӨҚЕ, ӨҚМН,
ППБС);
Еңбекті қорғау жөніндегі ережелер (ЕҚЕ);
Қазақстан Республикасы Ережелері (ҚР ЕР);
Республикалық нормативтік құжат (РНҚ);
Басқарушы құжат (БҚ).
Еңбекті қорғау бойынша салалық стандарттарды, нормаларды,
ережелерді, нормативтік-техникалық
құжаттамаларды белгіленген
тәртіппен тиісті мемлекеттік органдар мен ведомстволар өз
өкілеттіктерінің шегінде әзірлеп бекітеді.
Еңбек қорғау және өнімдердің,
жабдықтардың, өндірістік
процестердің жұмыскерлерді қорғайтын құралдарды қорғау саласы
бойынша талаптарды белгілейтін мемлекеттік
стандарттар Стандарттау
және сертификаттау Комитетімен және тиісті министрліктермен
әзірленеді.
1.4 Еңбек және демалыс режимі
Еңбек және демалысты ретімен кезектестіру – ол жарақаттанудың
алдын алудың маңызды шарттарының бірі. Адамның жұмыс қабілеті (1-
сурет), оның сезім өткірлігі түрлі зиянды қауіпті өндірістік факторларге
әсер беруі еңбек процесінің үздіксіз ұзақтығына байланысты. Егер адам
жұмыс уақытында белгіленген оңтайлы кезеңінен артық, үздіксіз жұмыс
істейтін болса, онда адамда дене (физикалық) шаршауымен қатар
психологиялық шаршауда пайда болуы мүмкін. Сондай ақ, жұмысшыға
жұмыс уақыты кезінде ұзақ уақыт бойы көптеген шешімдер қабылдауға
тура келсе немесе көптеген аспаптардың көрсеткіштерін бақылайтындай
жағдай болса, онда дене (физикалық)
шаршауынан бұрын
психологиялық шаршау тезірек туындауы мүмкін. Жұмыс орнында шу,
діріл, газдану, сәулеленудің болуы адамның психологиялық шаршау
процессін жылдамдатады және адамның қате іс-әрекеттер жасау
ықтималдығын
арттырады, яғни жарақат алу немесе тіпті құру
авариялық жағдайлардың болуына әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан
әкімшілік Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасында белгіленген
жұмыскерлердің тынығу және еңбек режимін қатаң сақтауға тиіс.
13
I және IV – бабына енгендік (врабатываемость); II және V –
тұрақты
жұмысқа қабілеттілік; III және VI – жұмысқа қабілеттіліктің
төмендеуі
Достарыңызбен бөлісу: