Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері


 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ БОЙЫНША ЕРЕЖЕЛЕР МЕН



Pdf көрінісі
бет14/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   97
4. ЕҢБЕК ҚОРҒАУ БОЙЫНША ЕРЕЖЕЛЕР МЕН 
НҰСҚАУЛЫҚТАРДЫ ДАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ БЕКІТУ 
ЕРЕЖЕСІ 
 
Еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық жұмысшылар мен 
қызметкерлердің тапсырылған жұмысты орындау кезіндегі қауіпсіздік 
талаптарын белгілейтін негізгі нормативтік құжат болып табылады. 
Нұсқаулық жұмысшылар үшін мекеме құжаттарында жазылған 
қауіпсіздік талаптарына, типтік нұсқаулықтарға сәйкес кәсіпорынның 
нақты жағдайын ескере отырып дайындалады.
Еңбек қауіпсіздігі нұсқаулығы құрылым (цех, участок, пункт) 
жетекшісімен дайындалады; келісімін береді: еңбек қорғау инженеры
бас технолог, бас энергетик, кәсіподақ комитеті; бекітеді: мекеме 
жетекшісі. 
Еңбек қауіпсіздігі нұсқаулығы қамтуы тиіс: 
1. Жалпы қауіпсіздік талаптары 
2. Жұмыс алдындағы қауіпсіздік талаптары 


29 
3. Жұмыс үстіндегі қауіпсіздік талаптары 
4. Апаттық жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары 
5. Жұмыс соңындағы қауіпсіздік талаптары. 
Нұсқаулық кемінде 3 жылда бір рет жаңа техника, технология 
енгізу барысында, жұмысшылар жарақат алған апаттық жағдайларда 
өңделіп немесе толықтырылып және қайта бекітіледі.
Нұсқаулықтар тізбесі кәсіптер атауының бірыңғай тарифтік-
біліктілік анықтамалығы бойынша және жұмысшылармен орындалатын 
жұмыстардың түрлері негізінде әзірленеді. 
Жұмысшыларға арналып бекітілген нұсқаулықтар кәсіпорынның 
еңбек қорғау қызметімен тіркеу журналында тіркеледі. 
5. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ 
САҚТАЛУЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ 
 
ҚР Еңбек кодесіне сәйкес еңбекті қорғау туралы заңнаманың 
сақталуын қадағалап және бақылауды жүзеге асыратын:
- осыған арнайы уәкілдік берілген кәсіпорын, мекеме, ұйымдар 
және олардан жоғары тұрған органдардың әкімшілігіне байланысты 
емес мемлекеттік органдар және инспекциялар; 
- мемлекеттік еңбекті қорғау инспекциясы; 
- мемлекеттік еңбек жағдайларын сараптау;
- еңбекті қорғау бойынша уәкілетті және өзге де уәкілетті (сенімді 
тұлғалардың) өкілді органдардың қызметкерлеры атынан кәсіптік одақ 
ұйымдары; 
- Қазақстан Республикасының аумағында еңбекті қорғау туралы 
заңнамалық және өзге де нормативтік актілердің орындалу барысын 
қадағалау Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған 
бағынышты төменгі прокуратуралармен жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет