80
бұрынғы жұмысындағы орташа жалақысынан кем емес жалақымен,
еңбек шартында келісілмеген және денсаулық жағдайына байланысты
қарсы көрсетілімі жоқ,
сол ұйымдағы, сол жердегі басқа жұмысқа не
жұмыс берушінің басқа жерде орналасқан құрылымдық бөлімшесіне
ауыстыруға құқығы бар.
Жұмыс берушінің басқа жерде орналасқан құрылымдық
бөлімшесіне
уақытша
ауыстырған
кезде
жұмыскерге
осы
Кодекстің 127-бабында көзделген мөлшерлерде өтемақы төленеді.
42-бап. Бос тұрып қалу жағдайында басқа жұмысқа уақытша
ауыстыру
1. Бос тұрып қалу жағдайында жұмыс берушінің жұмыскерді
денсаулық жағдайына байланысты қарсы көрсетілімі жоқ басқа
жұмысқа оның келісімінсіз, бос тұрып
қалудың барлық кезеңіне
ауыстыруға құқығы бар.
2. Бос тұрып қалу жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
кезінде жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу орындалатын жұмыс бойынша
жүргізіледі.
43-бап. Денсаулық жағдайына байланысты басқа жұмысқа
уақытша ауыстыру
1. Жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауға байланысты
өндірістік жарақаттануына, кәсіптік
ауруға шалдығуына немесе
денсаулығына өзге де зақым келуіне немесе денсаулығына өндіріспен
байланысты емес өзге де зақым келуіне байланысты жұмыс беруші
медициналық қорытынды негізінде еңбекке қабілеттілігі қалпына
келгенге немесе мүгедектік белгіленгенге не
кәсіби еңбекке
қабілеттілігінен айырылуы белгіленгенге дейін жұмыскерді неғұрлым
жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыруға не еңбек, ұжымдық шарттарда
жазылған жағдайларда оны жұмыстан босатуға міндетті.
2. Жұмыскер еңбек міндеттерін атқаруға
байланысты өндірістік
жарақат алған, кәсіптік ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өзге де
зақым келген кезде не өндіріске байланысты емес денсаулығы
нашарлау салдарынан неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауысудан
жазбаша түрде бас тартқан жағдайда,
жұмыскермен еңбек шарты осы
Кодекстің 58-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз
бойынша тоқтатылады.
Достарыңызбен бөлісу: