Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері


-бап. Еңбек шартын тоқтату негіздері



Pdf көрінісі
бет44/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   97
Байланысты:
enbek korgau elektrond k oku kural (2)

49-бап. Еңбек шартын тоқтату негіздері 
Еңбек шартын тоқтату үшін негіздер: 
1) тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу; 
2) еңбек шарты мерзімінің аяқталуы; 
3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу; 
4) жұмыскердің басқа жұмыс берушіге ауысуына байланысты; 
5) жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу; 
6) тараптардың еркінен тыс мән-жайлар; 
7) жұмыскердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы; 
8) 
Қазақстан 
Республикасының 
заңдарында 
көзделген 
жағдайлардан басқа, жұмыскердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) 
ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін жоққа 
шығаратын лауазымға тағайындалуы; 
9) еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы болып табылады. 
50-бап. Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзу 
тәртібі 
1. Еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін. 
2. Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзуға ниет 
білдірген, еңбек шартының бір тарапы еңбек шартының екінші 
тарапына хабарлама жібереді. 
Хабарламаны алған тарап үш жұмыс күні ішінде екінші тарапқа 
қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабарлауға міндетті. 
Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартының бұзылу күні 
жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша 
айқындалады. 
3. Еңбек шартында жұмыскермен келісім бойынша жұмыс 
берушінің осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарды сақтамай, 
өтемақы төлемін алумен еңбек шартын бұзу құқығы көзделуі мүмкін, 
оның мөлшері еңбек шартында айқындалады. 
51-бап. Еңбек шартын мерзiмi өткеннен кейін тоқтату тәртібі 
1. Белгiлi бiр мерзiмге жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң өтуіне 
байланысты тоқтатылады. 
2. Егер жүкті әйел бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге 
жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталған күні мерзімі он екі және 
одан көп апта жүктілігі туралы медициналық қорытынды ұсынса
сондай-ақ үш жасқа дейінгі баласы бар, бала асырап алған және бала 
күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысқа өз құқығын 
пайдалануға ниет білдірген жұмыскер уақытша болмаған жұмыскерді 
алмастыру жағдайынан басқа, еңбек шартының мерзімін ұзарту туралы 
жазбаша өтініш берсе, онда жұмыс беруші еңбек шартының мерзімін 
бала күтімі бойынша демалыс аяқталған күнді қоса алып ұзартуға 
міндетті. 


84 
3. Белгiлi бiр жұмыстың орындалу уақытына жасалған еңбек 
шартының мерзiмi өткен күн жұмыстың аяқталған күні болып 
табылады. 
4. Уақытша болмаған жұмыскердi алмастыру уақытына жасалған 
еңбек шарты мерзiмiнiң өткен күнi жұмыс орны (лауазымы) сақталған 
жұмыскердiң жұмысқа шығатын күнi болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет