Культурология 1-20 Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну



бет27/32
Дата03.06.2023
өлшемі122,87 Kb.
#98543
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Құндылық түрлері;

  • Ұлттық құндылық дегеніміз-ата бабадан қалған асыл мұрамыз , салт дәстүрлеріміз, Отанымыз болып табылады. Ұлттық құндылықтар біздің күнделікті өміріміздің әр сәтінде қажет . Ата бабаларымыз бізге осы Ұлы жерді , табиғи мұраларымызды аманат етті . Сол себепті біз оларды қастерлеп , өмір бақи ұлағаттап жүруіміз керек

  • Табиғи құндылық дегеніміз-бұл адамзаттың шынайы бейнесі , жаратушының бізге берген сырт болмысы , адами қасиеттеріміз болып табылады. сондай ақ өмірге деген шынайы ойымыз, аламгершілігіміз осы табиғи құнлылыққа жатады

  • Материалдық құндылық дегеніміз-адамзаттың тұрмыс тіршілігі , жалпы жағдайы , ақша , үй , көлік , байлық мәселесі болып саналады , сонымен қатар бюджеттер бойынша есептелінеді . материалдық құндылықтар екіге бөлінеді : мысалы кедей және бай болып бөлінеді .

  • Рухани құндылық дегеніміз-адамзаттың тұлғалық бейнесі , адами қасиеттеріміз, сөйлеу мәнеріміз, рухымыз. ​


34, Тұлғааралық қарым-қатынас туралы түсінік. Тұлғааралық қарым-қатынастың мақсаты, функциялары.
1) тұлғааралық қарым-қатынас туралы түсінік.
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.Мұндай қатынастар негізінде өзара байланысқан адамдардың эмоциялық қалпы мен психологиялық ерекшеліктері жатыр. Іскерлік қатынастардан ажырату үшін мұндай байланыстарды экспрессиялы, эмоциялы деп те атау қабылданған.
Тұлғалық қарым – қатынас – жеке адамға бағытталған қарым – қатынас түрі.Мысалыға, бір тұлғаға белгілі бір тұжырымды жеткізу және т.б
2) тұлғааралық қарым-қатынастың мақсаты, функциялары.
Тұлғааралық қатынастар дамуы бірнеше кезеңдерден өтеді: танысу, ашыналық, жолдастық және достық. Таныстық қоғамда қалыптасқан әлеуметтік –мәдени нормаларға сәйкес қалыптасады. Ашыналық қатынастар өзара байланысты бұдан былайда үзбеуге дайын тұрудан болады. Жолдастық қатынас кезеңінде пікірлер жақындығы пайда болып, адамдар бір-біріне қолдау көрсетуді ниеттейді.Достық қатынас ортақ мүдделік мазмұнға ие болып, мұндай деңгейдегі араласуда адамдар қызығулары, ұмтылыстары мен мақсаттары бір арнаға түседі.
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор.
Функциясы: Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып,түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет