Культурология 1-20 Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну


"Конфликт"ұғымының анықтамасы. Конфликт құрылымы, маңызы



бет31/32
Дата03.06.2023
өлшемі122,87 Kb.
#98543
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
"Конфликт"ұғымының анықтамасы. Конфликт құрылымы, маңызы.

Конфликт – (лат.тіл. conflictus- қақтығыс) – күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселерге бойынша өзара түсіністіктің болмауы.
Кез-келген конфликтінің астарында қандай да бір мәселеге байланысты қарама-қарсы позициялардан, мақсаттардан тұратын ситуация жатады. Яғни конфликтілі ситуация конфликт субъектілері мен объектілердің міндетті түрде бар болуын талап етеді. Дегенмен де конфликт ары қарай даму үшін инцидент болу керек. Егер қарама-қарсы жақ тура солай жауап қайтарса, онда конфликт болашақта тікелей және жанама, деструктивті және структивті болып дамуы мүмкін.
Конфликті анықтамасының бір варианты оның философиялық мағынасына негізделген, осыған сәйкес ол «қарама-қайшылықтардың асқынуының шарықтау шегі» деп сипатталады. Онда әлеуметтік конфликт «қызығушылықтарының, мақсаттарының, даму тенденцияларының қарама-қайшылықтарына немесе арасындағы айырмашылықтарына байланысты әр түрлі әлеуметтік бірліктердің – кластар, ұлттар, мемлекеттер, әлеуметтік топтар мен әлеуметтік институттардың қақтығыстарынан көрініс беретін әлеуметтік қайшылықтардың асқынуының шарықтау шегі».Конфликт - күрделі және көпсалалы әлеуметтік феномен болып табылады. Мұнда бірнеше тараптан бір немесе бірнеше ортақ қызығушылықтармен біріккен қатысушылар болады: индивидтер, әлеуметтік топтар, ұлттық-этникалық топтар, мемлекеттер, мемлекеттер тобы. Конфликттер әр түрлі себептерге және мотивтерге байланысты болады, мысалы: психологиялық, экономикалық, саяси, құндылықты, діни және тағы да басқа. Онымен қоса әрбір тұлға іштей қарама-қайшылықтар мен стресстерге жақын келетінін де ескеруіміз керек.



  1. "Стресс" ұғымының анықтамасы.Стресстің пайда болу факторлары.

Ең алғаш стресс терминін У. Кэннон «Күресу немесе қашу» еңбегінде стресстік жағдайға ағзаның әсерлесуі ретінде сипаттайды.Белгілі ғалым Г. Селье стрессті термин ретінде алғаш қолданушы болып табылады. Аталмыш ғалым бастапқыда стрессті сыртқы күшті тітіркендіргіштерге ағзаның және сүтқоректілердің жауап қайтаруында туындайтын ерекше қалып ретінде, кейіннен зерттеуді тереңде түсіп, стресс кез келген оған қойылған талапқа ағзаның кездейсоқ жауабы деп тұжырымдайды.
Стресс- әртүрлі қолайсыз факторлардың әсеріне жауап ретінде адам ағзасында пайда болатын қорғаныс физиологиялық реакцияларының жиынтығы.
Соңғы жылдары стресс мәселесі әлемдік психологиялық ғылым мен тәжірибеде өзекті тақырыптардың бірі ретінде қарастырылуда. Стресстің пайда болуына бірнеше факторлар әсер етеді.Олардың ішінде:
1. Әлеуметтік факторлар – бұл факторлардың тобына қоғамдағы әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық, көптеген әлеуметтік мәселелер, сондай-ақ, жұмыссыздық, әлеуметтік жанжалдар, жас отбасылардың мәселелері.
2. Әлеуметтік-психологиялық факторлар – түрлі типтегі әлеуметтік және тұлғааралық қатынаспен байланысты мәселелер, позициялық және эмоционалды дау-жанжалдар, қарымқатынастық мәселелер, кіші топтағы жағымсыз психологиялық көріністер.
3. Тұлғалық факторлар: а) обьективті-тұлғалық – жастық шақтағы дағдарыстар, жыныстық ерекшеліктер; б) субьективті-тұлғалық – темпераменттің, жоғары жүйкелік іс-әрекеттің ерекшеліктері, «бұрынғы стресстік тәжірибенің» болуы, адекватсыз өзін-өзі бағалау, жоғары тұлғалық мазасыздық, қысым, агрессивтілік, ригидтілік, мотивациялық ерекшеліктер және т.б.
4. Іс-әрекет ерекшелігімен байланысты факторлар – оқу, кәсіби, кәсіби-оқыту, қызметтік . Мысалы, ұйымның еңбегінің бұзылысы, ақпараттық қысымдар және т.б.
Көптеген теориялық және қолданбалы зерттеулерді талдай келе, әсіресе, жастық шақтағылар орта жастағыларға қарағанда стресске түсуі біршама қарқынды болады деген қорытынды жасауға болады. Стресс әрбір жас адамның өмірінде кездеседі, өйткені стресстік импульстар адам өмірі мен ісәрекетінің барлық аумағын қамтиды. Жас адамның ағзасын түбегейлі өзгертетіндер: эгоцентристік (эгоизм), қызығушылықтарының бұрмалануы, фанаттыққа ұмтылу, өз мүмкіндіктерін мойындамау, истероидтылық және т.б. Осылардың нәтижесінде адам өз хал-ақуалына қанағаттанбайды. Мұның барлығы стресстің пайда болуына әкеліп соғады. В.Ф.Калошин стресстік күйге жиі түсетін жастардың типін келесідей бөліп көрсетеді:
гиперәлеуметтік – жастардың шектен тыс «шыншыл» болғаны, тым жауапкершілігі, адамгершілігі жоғары, өзіне аса жоғары талаптар қою, ең алдымен әлеуметтік жетістікке жетуді ойлау, мансапқа қол жеткізу;
максималист – егер жастар барлық жерде ашу-ызаға, әділетсіздікке, дискриминацияға куә болса, онда олар әрдайым бар әлеммен өштесіп өмір сүреді. Ең соңында өздері жалғыздықта қалып қоятындар.
Тура – ригидті, ымыраға келмейтін тұлға – тек қана «иә» немесе «жоқ», ақ немесе қара, барлық нәрсе қандай болмасын жүзеге асу керек дейтіндер.
Әлсіз – төмен бейімделген адам – туылғаннан немесе өмір ағымында мүмкіндіктері шектеулі әрі тек физикалық жағынан ғана әлсіз емес , психикалық және әлеуметтік әлсіз жастар.
Мазасыз – күдікшіл жастарға әрдайым қорқыныш сезімі тән болғандықтан, ағзаны әлсіздендіреді. Бұл типтегі жастар әрқашан өздерін ауру сезініп жүреді.
волюнтаристер − ереже бойынша өмірді «кейінге» қалдыратындар. Жастардың көбісі жұмыста, шығармашылықта көп шаруаларын «кейінге» ысырып қояды. Бірақәрдайым «кейінге» қала берген де түрлі бастан кешулерге, реніштерге, қанағаттанбауға алып келеді. Осы типтегіадамдардаәрдайымстресскеұшырауқаупітөніптұрады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет