Культурология 1-20 Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну


Тұлғааралық қарым-қатынастың үш жағы: перцептивті, интерактивті, коммуникативті



бет29/32
Дата03.06.2023
өлшемі122,87 Kb.
#98543
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Тұлғааралық қарым-қатынастың үш жағы: перцептивті, интерактивті, коммуникативті.

Қарым-қатынас деп-адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуын,ортақ іс-әрекеттің қажеттілігі мен ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін күрделі процесті айтамыз.Қарым-қатынасқа:сөйлесу,ақпарат беру,ой алмасу,бір-бірін түсіну,қабылдау,бағалау осылардың барлығын жатқызуымызға болады.Қарым-қатынас тұлғаның қалыптасуында маңызды рөл атқарады,себебі қарым-қатынас болмаса онда тұлға мүлде қалыптаспас еді,біздің өміріміз осы қарым-қатынас жасаудан тұрады десек те болады.Қарым-қатынастың аспектілеріне тоқталар болсам:

  • Мазмұны;

  • Мақсаты;

  • Әдіс құралдары жатады.

1.Қарым қатынастың мазмұныны жайлы айтар болсам,ол-адамның эмоцианалдық күйі немесе ішкі мотивациялық күйі туралы мәліметтер болуы мүмкін.
2.Қарым-қатынастың мақсаты-ол адамда белгілі бір нәрсеге байланысты белсенділік күйінің пайда болын айтамыз.
3.Қарым-қатынастың әдіс құралдарына мыналарды жатқызуға болады:тіл,суреттер,сызбалар,бейне таспалар,механикалық,магниттік,лазерлік жазба құралдар және т.б.
Ең маңызды осы қарым-қатынастың 3 жақтарына тоқталсам,оларды:перцептивті, интерактивті, коммуникативті деп жіктеп қарастырамыз.
Перцептивті қарым-қатынас-бұл адамдардың бір-біріне сенуі,түсінуі,қабылдауы.Бұл біртіндеп қалыптасатын қарым-қатынас.

  • Идентификация-қазақша «теңестіру», «ұқсастыру» ұғымдарына жақын, яғни өзіңді басқа адаммен теңестіру, өзіңді сол адамның орнына қою

  • Эмпатия-басқаның қуаныш-сүйініштерін дұрыс сезіне білу қасиеті.

  • Аттракция-қабылданатын адамға деген эмоциялық көзқарастардың пайда болу механизмдерін анықтаумен байланысты.

  • Рефлексия-қарым-қатынасқа түсушінің басқа адам оны қалай қабылдайтынын түсінуі.

Интерактивті қарым-қатынас-адамдарың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру,бұл қарым-қатынас тек сөзбен ғана емес,іс-әрекетпен де алмасуды жүзеге асырады.

  • Ынтымақтастық;

  • Бұйыру;

  • Тығыз қарым-қатынас;

  • Қарсылық;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет