Деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
↕
|
Мамандық (кафедраның) бойынша аға куратор-эдвайзер
|
↕
|
Топтың куратор-эдвайзері
|
КУРАТОР-ЭДВАЙЗЕРЛЕРДІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ
2.1 Куратор-эдвайзерлердің басты мақсаты жастардың тұлғалық дамуының үйлесімділігін қалыптастыру, студенттерді азаматтық белсенділікке тәрбиелеу, білім алушылардың мамандықтың жұмыс оқу жоспары аясында білім алу траекториясының таңдамалығы негізінде өзін-өзі қалыптастыру және өзін-өзі көрсету қабілеттерін дамыту.
2.2 Куратор-эдвайзерлердің негізгі міндеті оқу тобында тәрбие жұмысын ұйымдастыру, өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және студенттерді университеттің қоғамдық және шығармашылық өміріне біртіндеп тарту, оқу траекториясын таңдауға (жеке оқу жоспарын құрастыру) ықпал ету және білім алу кезеңі барысында білім алу бағдарламаларын меңгерту болып табылады.
3. КУРАТОР-ЭДВАЙЗЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ
(ҚЫЗМЕТТІК МІНДЕТТЕРІ)
3.1 Куратор-эдвайзер тәрбие жұмысын жүзеге асыру барысында төмендегідей қызметтерді атқарады:
3.1.1. Топ белсенділерін (активін) қалыптастыруға және студенттік топ пен топ белсенділері арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастың орнауына; топтық ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа; қоғамдық ұйымдар және факультет әкімшілігі, топ арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуге ықпал етеді.
3.1.2. Топ белсенділерімен бірлесе отырып, студенттік топтың оқу жылындағы мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Топ белсенділерімен бірлесе отырып, университеттің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес тәрбие жұмысының үзіліссіздігін және сабақтастығын, мақсатын сақтай отырып оқу жылының жоспарын қалыптастырады.
3.1.3. Топ жұмысы жоспарының орындалуын қадағалайды, топ белсенділерінің қызметін үйлестіреді және университет, факультет әкімшілігі және студенттік топ арасында байланыс орнатушы негізгі тұлға болып табылады. Ол студенттердің университет пен қоғам өміріне қатысуын жандандыру үшін қоғамдық ұйымдармен ұдайы байланыста болады.
3.1.4. Топ студенттеріне оқу-тәрбие үдерісіне қатысты ректордың, деканның бұйрықтары мен өкімдері туралы ақпарат береді. Студенттерді ішкі тәртіп ережелерімен, университет Жарғысымен және ұйымдастырушылық құрылымдармен таныстырады. Университетте және факультетте өткізілетін байқаулар, конференциялар, жарыстар, олимпиадалар туралы хабар береді. Университеттегі және факультеттегі топтар мен студенттердің жұмысының үздік тәжірибесін насихаттайды.
3.1.5. Факультет әкімшілігіне, қоғамдық ұйымдарға студенттердің мүдделері, талаптары, ұсыныстары туралы ақпар береді.
3.1.6. Қажет болған жағдайда студент жастардың әлеуметтік-психологиялық мәселелері негізінде студенттерге психологиялық қолдау және көмек көрсетілуін ұйымдастырады.
3.1.7. Азаматтық, адамгершілік, эстетикалық, кәсіби және мәдени, спорттық және көпшілік жұмыстары бөлімдері бойынша өткізілетін нақты іс-шараларды анықтайды.
3.1.8. Жастардың патриотизмін арттыра отырып, студенттердің азаматтық белсенділігінің қалыптасуына ықпал етеді, болашақ мамандардың азаматтық, құқықтық және кәсіби ой-пікірінің қалыптасуына қатысады.
3.1.9. Жастардың салауатты өмір салтын қадағалауына ықпал етеді, ішімдік, темекі шегу, нашақорлықтың алдын-алу бағытындағы іс-шараларды ұйымдастырады.
3.1.10. Құқық бұзушылықтың және студенттік ортадағы деструктивтік саяси құбылыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізеді.
3.1.11. Студенттердің университеттің, факультеттің және кафедраның байқауларына, олимпиадаларына, ғылыми семинарларына, конференцияларына және қоғамдық ұйымдардың басқа да іс-шараларына қатысуын жандандыруға ықпал етеді.
3.1.12. Студенттік өзін-өзі басқару, студенттер құрылыс жасағының қозғалысына, клубтарға, қоғамдық бірлестіктер және ұйымдардың жұмысына қатысуына ықпал етеді.
3.1.13. Бос уақытты тиімді өткізу формалары мен әдістері туралы студенттерге ақпарат таратылуын ұйымдастырады.
3.1.14. Студенттердің өздері таңдаған мамандықтарына қызығушылықтарын арттыруға ықпал ететін тақырыптық іс-шаралар ұйымдастыруға қатысады, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер, колледждер, лицейлер және т.б. оқушылар арасында профориентациялық жұмыстарды жүргізеді.
3.1.15. Өзі жетекшілік ететін топ студенттерінің ата-аналарымен тығыз байланыс орнатып, студенттердің тәртібін және үлгерімін бақылайды.
3.1.16. Куратор – эдвайзер келесідей құжаттарды жүргізуі тиіс:
- куратор-эдвайзер күнделігі;
- тәрбие жұмысының жоспары;
- есептер: ағымдағы ақпарат (ай сайын), тоқсандық және жылдық.
3.1.17. Ректормен кездесуге, университеттің, факультеттің жалпы жиналысына, Куратор-эдвайзерлер кеңесінің жұмыс жоспары бойынша әдістемелік дәрістер мен семинарларға ұдайы қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |