Куратор-эдвайзер туралы ереже жалпы ережелер


Куратор-эдвайзер академиялық кеңес беруді жүзеге асыра отырып, келесідей қызметтерді орындайды



бет3/4
Дата08.04.2023
өлшемі20,24 Kb.
#80574
1   2   3   4
Байланысты:
куратор туралы ереже

3.2. Куратор-эдвайзер академиялық кеңес беруді жүзеге асыра отырып, келесідей қызметтерді орындайды:
3.2.1. Білім алушыларды білім беру үдерісін ұйымдастырудың тәртібімен, типтік және оқу жұмыс жоспарымен, элективті пәндер каталогымен, міндетті және таңдау пәндері тізімін құрастырудың талаптарымен, курстың пререквизиттарымен және постреквизиттарымен таныстырады.
3.2.2. Оқытудың кредиттік технологиясын жүзеге асыру және оның қызмет етуінің негізін түсіндіреді.
3.2.3. Оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша барлық қажетті ақпараттық материалдарды дайындауға қатысады, студентке жеке оқу жоспарын құрастыруға және түзетуге ықпал етеді және көмек көрсетеді.
3.2.4. Студенттің білім алуы барысының барлық кезеңінде ұйымдастырушылық-әдістемелік және кеңес беру жұмыстарын өткізеді.
3.2.5. Студенттерге жеке оқу траекториясын қалыптастыру және білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында көмек көрсетеді.
3.2.6. Студенттердің болашақ мансабы туралы мәселелерін шешуге, ғылыми зерттеу бағытын анықтауға, ғылыми жетекші таңдауға, бітіру жұмысының тақырыбын анықтауға, кәсіби практикадан өту мекемесін таңдауға көмек көрсетеді.
3.2.7. Студенттердің үлгерімін қадағалайды, өз факультетінің Тіркеуші кеңсесінің менеджерлерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.
3.2.8. Студенттерді қолданыстағы нормативтік құқықтық бөлу және болашақ мамандарды жұмысқа орналастырудың (жеке өзі және арнайы мамандардың көмегімен) ережелерімен таныстырады.
3.3 1 курстың куратор-эдвайзерінің арнайы қызметі
Бірінші курстың куратор-эдвайзері міндетті:
3.3.1. Студенттерді сабақтың басталған соң бір айдың ішінде университеттің, факультеттің Жарғысымен және құрылымымен, ішкі тәртіп ережелерімен таныстыруы және аталған міндеттерді студенттердің орындауын құжатпен рәсімдеуі тиіс.
3.3.2. Жоғары оқу орнындағы оқу үдерісінің ұйымдастырылу ерекшелігін көрсетуге, студенттерді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы оқытудың кредиттік технологиясының ерекшеліктерімен, рейтингпен және емтиханның қорытынды балдарымен таныстыруы тиіс (әсіресе студенттерді компьютерлік тестілеу барысында).
3.3.3. Екінші курста өткізілетін аралық мемлекеттік бақылау туралы және оның мазмұнымен, өткізілуімен таныстыруы тиіс.
3.3.4. Студенттерді өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру және орындау (жеке өзі және арнайы мамандарды тарту арқылы), еңбек және демалыс тәртібі, интеллектуальдық еңбекті орындау ережелерімен таныстыруы тиіс.
3.3.5. Студенттерді университеттің жастар қоғамдық ұйымдарының қызметімен және олардың қоғамдық белсенділігін қалыптастырудағы ролімен, студенттердің әлеуметтік қорғалуымен (жеке өзі және арнайы мамандарды тарту арқылы) таныстырылуы тиіс.
3.3.6. Университеттің, факультеттің, кафедраның тарихымен, факультеттің, кафедраның міндетімен және болашағымен, кафедраның жетекші оқытушыларымен, үздік студенттерімен таныстыруы тиіс.
3.3.7. Студенттерге жоғары оқу орнына, университеттің өміріне бейімделуіне, қоғамдық қызметтерге атсалысуға көмек көрсетуі тиіс.
4. КУРАТОР – ЭДВАЙЗЕРДІҢ ҚҰҚЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет