Куратор - эдвайзер: 4.1. Университеттегі және факультеттегі тәрбие жұмысының жоспарын, студенттердің мүдделері мен қызығушылықтарын ескере отырып, оқу тобындағы тәрбие жұмысының міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асырудың әдістері мен құралдарын, формасын өз бетінше таңдауға;
4.2. Университеттің және факультеттің барлық әкімшілік және қоғамдық ұйымдарына студенттердің тұрмыстық-мәдени жағдайын, тәрбие, ғылыми-зерттеу және оқу жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар беруге;
4.3. Алдын ала оқытушылармен келісе отырып, топта өткізілетін дәрістерге, семинарларға, практикалық және басқа да сабақтарға қатысуға;
4.4. Барлық пәндер бойынша ағымдық, аралық және қорытынды бақылау өткізу тәртібінің қадағалануын тексеруге;
4.5. Топ студенттерінің ата-аналарымен және туыстарымен байланыс жасау үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға;
4.6. Топтағы және жекелеген студенттерге қатысты барлық мәселелерді талқылауға қатысуға;
4.7. Әрбір студент туралы интранет жүйеге енгізілетін ақпараттың дұрыс толтырылуын қадағалауға;
4.8. Кафедралардан элективті пәндер саны және олардың сипаттамасы туралы толық ақпаратттың өз уақытында берілуін талап етуге;
4.9. Студенттерді мадақтауға, жатақханаға орналастыруға және шығаруға ұсыныс жасауға;
4.10. Студенттік өзін-өзі басқару органдарының жұмысына қатысуға, олардың қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге, топ студенттерін аталған органдар жұмысына барынша белсенді тартуға, студенттік өзін-өзі басқару органдарына сайлау үшін студенттер кандидатурасын ұсынуға құқы бар.
5. КУРАТОР – ЭДВАЙЗЕРЛЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ Куратор-эдвайзер факультет деканы бекіткен, деканның оқу жұмысы және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен келісілген, оқу тобындағы оқу-тәрбие жұмысы бағдарламасының орындалуына жауап береді.
6. УНИВЕРСИТЕТТІҢ КУРАТОР-ЭДВАЙЗЕРЛЕР КЕҢЕСІ 6.1. Университеттің куратор-эдвайзерлер кеңесі мамандықтың (кафедраның) куратор-эдвайзерлерінің жұмысын үйлестіреді және тәрбие жұмысының әдістемелік және ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз етеді.
6.2. Университеттің куратор-эдвайзерлер кеңесінің құрамына деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, аға куратор-эдвайзерлер, Кеңесте белгілі бір қызмет атқаратын университет қызметкерлері кіреді.
6.3. Кеңес мәжілісі қажеттілігіне қарай және семестріне бір рет өткізіледі.
6.4. Куратор-эдвайзерлер кеңесі төмендегідей қызметтерді атқарады:
6.4.1. куратор-эдвайзерлер жұмысын үйлестіреді және қадағалайды;
6.4.2. студенттерді тәрбиелеу бойынша кафедраның куратор-эдвайзерлерінің жұмыс тәжірибесін зерделеп, жинақтап, таратады;
6.4.3. куратор-эдвайзерлердің тәжірибе алмасуы, тәрбие жұмысының жаңа әдістері мен формаларын пайдалану бойынша семинарлар ұйымдастырады;
6.4.4. университеттегі тәрбие жұмысын әрі қарай жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Енгізілді: Колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі
орынбасары А.А.Егеубаев
Келісілді: Оқу-әдістеме жұмысы жөніндегі орынбасары М.Н.Аппакова
Оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары М.А. Ахметова
Оқу бөлім меңгерушісі А.С. Вырахманова