олардың дыбыс шығару ерекшеліктері -, көркемдік мүмкіндіктері,
-атауларының этимологиясы мен семаитикасын анықтау,
- көне муз. шығармаларды нота жазуына түсіру
-, олардың мақамдық (латдык) құрылымы мен әуендік жүйесін зерттеу
Музыкалық Фольклор ғылымының негізп зерттеу нысаны. қазақ халқының Музыкалық Фольклоры Қазан төңкерісіне дейін зерттеле бастаған.
Фольклордың ерекшелігі Фольклордың өзіндік көркемдік заңдылықтары бар. Шығармаларды жасаудың, таратудың және тіршілік етудің ауызша түрі - фольклордың ерекшелігін тудыратын, оның әдебиеттен айырмашылығын тудыратын басты белгі.
Түркі әлемінің рухани өмірі бай фольклорлық құндылықтарымен белгілі. Шаман қызметінің бірте - бірте ерекшеленуі және дәл осы уақыттарда ақындар мен салдардың қалыптасуы жеке индивиттік мамандардың негіздерін қалады. Ерте көшпенділер кезеңінде әруақтарды қошеметтейтін арнайы құпия ұжымдар пайда бола бастайды. Бұл ұжымның адамдары театралдық киімдер киіп, ерекше жүріс – тұрысты қолдануларының негізінде эксцентристтік тұрғыдағы ақындар мен композиорлардың немесе орта ғасырлардағы жараулардың пайда болуына өз себебін тигізеді.
Жыраулардың қызметі:
- а) хандыққа, ұлыстыққа кіретін тайпалардың бәрімен байланыс орнату;
- б) тыныштық кездерде маңызды мемлекеттік мәселелерді, соғыс кездерінде келісімдік мәселелерді шешуге қатысу;
- в) қайтыс болған батырларды мадақтау жырларын айтып әскерлерді жігерлердіру
-; г) көріпкелдігін пайдалана отырып хан мен халыққа ақыл кеңес беру.
Қазақ халқының ең көне эпостарының бірі «Қобыланды батыр» жыры саналады. Жырда ежелгі түркі, ноғай-қыпшақ және алтын орда кезеңдері көрініс тапқан.
Түркі тектес халықтарда романтикалық эпостардың да тарихы ұқсастық алып жатады. Мысалға «Қозы Көрпеш және Баян сұлу». Музыка. Эпостық жырларды домбыра мен жетіген арқылы орындап отырған, ал 19 ғасырдан бастап қобызбен де сүйемелдеп отырған. Парсы тіліндегі орта ғасырлық мағлұматтарға сүйенетін болсақ Темір империясында 40-қа жуық музыкалық аспаптардың пайдаланылғаны ескеріледі. Қазақ халқының жетіген аспабына ұқсас аспап түркілердің хикаяттарын орындауға да пайдаланылған екен.
Адам баласы өзінің даму барысында көптеген шындықтың шегінен шығып тылсым бір құпия әлемнің бар екеніне сөзсіз сеніп, оған жетудің түрлі жолдарын қарастырған болатын. Мысалы: будда дінінде – медитация, хрестиян дінінде – жалыну, ислам дінінде – намаз, ал тәңірлік көзқарастың аумағында күй өнері саналған. Домбыра өзінің түрлі ырғағының арқасында адамдардың қиялымен ұштаса отырып әлем құрылымымен жан-дүниелерін үйлестірген.
Қазақ халқының шамандық өнері қобыз атасы Қорқыттың есемімен де бекер байланысты болмаған. Қобыз сонымен қатар қазақ халқының этникалық тарихын тасымалдаушы қасиетті аспап. Ежелгі түркі тілінде қобыз сөзі жаман рухтарды қуғанда айтылатын сөз болған. Сондықтан қобыз шамандардың негізгі аспаптарының бірі болып табылады. Қобыздың дауысы әруақтарды шақырады, немесе құдаймен тілдесу құралы ретінде қабылданған. Қобыздың дауысына ұқсас түркі әлеміне кеңінен тараған тамақпен дауыс шығару өнері де өзіндік құдаймен және әруақтармен тілдесудің жолында қарастырылған өнер деп саналады.