Курс – II семестр



бет78/142
Дата08.06.2023
өлшемі495,83 Kb.
#99617
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   142
Байланысты:
Адам және жануарлар морфологиясы физиологиясы

Несеп шығару


Несеп бүйректе көп немесе аз мөлшерде үадіксіз жасалады, бірақ оның организмнен шығарылуы белгілі бір уақыт арасында орындалады. Ересек адамдарда қалыпты жағдайда тəулігіне 2—3 рет, ал балаларда жас ерекшелігіне қарай жиі шығарыла-ды. Несеп шыраратын мүшелерге несепағар, қуық жəне несеп шығаратын түтік жатады.


Бүйректе жасалынған несеп жинағыш түтіктерден тостаған-шаларға етеді, тостағаншалар толып жиырылуынан, бүйрек тү-бегі арқылы несепағарға ауысады. Несепағардьщ толқынды жи-ырылуынан аз келемде несеп 2—3 мм/с жылдамдықпен қуыққа құйылады.
Қуық уақытша несеп жиналатын, іші 'қуыс, көлемді мүше. Несеп қуықта ешқандай өзгеріске үшырамайды, кері сіңбейді, қоюланбайды. Оның төменгі жағында несеп шыраратыд түтікте сақина тəрізді бірыңғай салалы ет талшықтарынан тұратын ішкі сфинктер бар. Ішкі сфинктерден сəл теменірек, кедденең жолақ-ты ет талшықтарынан түратын ерекше түрде жиырылатын сырт-қы (екінші) сфинктер бар. Бұл қуық кернеуінен артық несеп жиналранда, қатты жиырылып несеп аруына кедергі жасайды.
Несеп шырару уақытында сфинктер рефлекстік жолмен босаңсып, еттері жиырылып, қуық босатылады. Бірыңрай сала"-лы ет талқыштарынан жасалған ішкі қуыс мүшелері сияқты, не-сеп құйылып көлемі артқанмен қуык қабыррасыньщ кернеуі аса өзгермейді. Бірыңғай салалы ет талшықтарынан түратын еттердің бұл қасиетін пластикалық тонус (кернеу) деп атайды. Сондық-тан да қуыққа түскен несеп мөлшері, оның кернеуі артуына дəл-ме-дəл емес. Қуыққа несеп толған сайьш, оның алғашқы мезгілін-де қысым өзгермейді. Одан əрі, ересек адам қуығына 250—300 мл шамасында несеп жиналғанда, қуық қабырғасындағы еттердің кер-неуі артып, оның ішіндегі қысым 15—20 см су бағанасына дейін көтеріледі.
Мүндай жағдайда, куық қабырғасында орналасқан баро-ме-ханорецепторлардың тітіркенуінен рефлекстік жолмен арнайы механизм арқылы бір уақытта қуық еттері жиырыльш, ал несеп шығаратын түтіктің сфинктер еттері босаңсиды.
Несеп шығаратын мүшелердің эфференттік (орталықтан тебе-тін) нервтенуі негізінен вегетативтік, жартылай сомалык жүйке арқылы (мысалы, төменгі, сыртқы сфинктер уретрасы) орында-лады.
Симпатикалық жүйке несеп ағардың перистатикалық жиыры-луын күшейтіп, қуық қабырғасы еттерін босаңсытады жəне несеп шығаратын түтік сфинктерінің тонусын жоғарылатады. Бұл жағ-дай қуықта несеп жиналуына мүмкіндік туғызады.
Парасимпатикалық жүйке əсерінен қуық еттері жиырылып, несеп шығаратын түтіктің сфинктер еттері босаңсиды, соның нəти-жесінде қуық несептен босатылады.
Несеп шығару жулынның бел-омыртқа жəне сегізкөз бөлімін-де орналасқан жүйке орталықтары арқылы реттеледі. Ондай жүй-ке орталықтары ми бағанында (Варолий көпірі, артқы гипотала-мус) жəне үлкен ми сыңарларының қыртыс қабатында орналаса-ды. Адам өз еркімен несеп шығаруды бастап немесе тоқтата алады, бұл несеп шығару ми қыртысымен реттелетіндігіне дəлел. Еріксіз түрде несеп шығару тек бебектерде ғана болады. Онтоге-незде жүйке құрылымдары жетілуіне байланысты шартсыз реф-лекстік реттелумен қатар, несеп шығарудың шартты рефлекстік реттелуі дамиды.
Бала 1,5—2 жасқа келгенде несеп шығарудың шартты реф-лекстік реттелуі күндіз ғана емес түнде де пайда болады. Кейде 12—13 жастағы балалардың 5%-інде түнде несеп устай алмауы байқалады — оны энурез деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет