Курс – II семестр



бет115/142
Дата08.06.2023
өлшемі495,83 Kb.
#99617
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   142
Байланысты:
Адам және жануарлар морфологиясы физиологиясы

жүмыс


қандағы гемоглобин мөлшерін анықтау. қанның түсті көрсеткіштерш есептеп шырару
гемоглобин (нв) эритроциттердің қүрамды белігі болып есептеледі. ол - глобин деп аталатын белоктан (96%) жөне белокты емес гем (4%) тобынан түратын хромопротеид түріндегі күрделі оелок. қанның түсі гем тобына байланысты болып келеді. і емоглобиннің негізгі функциясы - оттегін өкпеден тканьдерге, ал көмірқыщқыл газын тканьдерден өкпеге тасымалдау.
гемоглобиннің қүрамына бір атом темір кіреді. осы темір атомы ^моглобиннің оттегі атомымен қосылыс түзуіне мүмкіндік туі ызады. рбір эритроциттің қүрамында 265-425 млн. гемоглобин молекуласы бар. қанда орташа 14% гемоглобин болады. əйелдерде - 12,1-13,8%, ерлерде - 13,3-15,6% гемоглобин бар.
жұмыстың мақсаты: қандағы гемоглобин мөлшерін анықтау, қанның түсті көрсеткішін жөне бір эритроциттегі гемоглобиннің молекула санын есептеп шығару төсілдерімен танысу.
жүмысқа кажетті курал-жабдықтар: гемометр, стерилизацияланған ине, 0,ш түз қышқылы ерітіндісі, сорғыш қағаз, мақта, спирт, эфир, йод, дистилденген су. жүмыс адамдармен немесе күні бүрын дайындалған жануарлар қанымен жүргізіледі.
жүмыстың барысы: 1) гемоглобинді анықтау үшін қандағы гемоглобинді түз қышқылының көмегімен түз қышқылы гематинге айналдырады да, оның түсін стандартты ерітінді түсімен салыстырады. ол үшін арнаулы аппарат - сали гемометры деп аталатын аспап қолданылады

гемометр үш пробиркадан тұратын штатив. ортанғы пробирканың қабыргасында шкалалық белгілері бар жөне іші бос болады. екі шеткі пробиркаға стандартты гематин хлориді ерітіндісі қүйылған жөне гемометр штативіне бекітіледі де, салыстыру эталоны ретінде қолданылады.


ортаңғы бос пробиркаға "0" белгісі деңгейіне дейін пипеткамен 0,ш туз қышқылы ерітіндісін қүяды. арнаулы пипеткамен 0,02 мл
қанды үрлеу арқылы осы пробиркадағы қышқылдың астына амызады. қан үйып қалмас үшін жүмысты тез орындау керек.
пробирканың ішіндегі қоспаны бірден таяқшамен араластырмай, алдьшен саусақ түяғы арқылы оның түбін тықылдатып, сосын шыны таякшамен араластыру керек. қан мен қышқыл толық араласқаннан кейін пробирканы гемометр штативьшдағы өз орнына орналастьфады. реакция аяғына дейін жүру үшін 10-12 минут күту керек. осы уақыт аралығында эритроциттер толық бүзылып болады да, ондағы гемоглобиндер қышқылмен əрекеттесіп, қоңыр түсті түз қышқылды гематинге айналады. түз қышқылды гематиндық ерітіндінің түсі стандарттық ерітіндінің түсімен бірдей болғанша пробиркаға дистилденген су қосып, əр тамшы суды қосқан сайын ерітіндіні шыны таяқшамен араластырып отыру керек. пробиркадағы ерітінділер түстері бірдей болғаннан кейін су қосуды тоқтатады. енді гематин мен гемоглобиннің проценттік мөлшері стандартты жəне төжірибеге арналған-пробиркалардағы қанда бірдей мөлшерде болады.
гемоглобин санын пробиркадағы сүйықтық деңгейімен анықтайды. сүйық деңгейінің көрсеткіші (сүйық менискісі) гемоглобиннің грамм-проценттік мелшерін көрсетеді (г %).
гемоглобинді қанның бір литріндегі грамм санымен де корсетуге болады (г/л). ол үшін грамм-процентпен алынған гемоглобин ашын 10 цифрына көбейтсе болғаны.
2) қанның түсгі керсеткішін есептеп шығару. қандағы гемоглобш мен эритроциттер санының өзара қатынасын қанньщ түсті көрсеткіші деп атайды. қанның түсті көрсеткіші - эритроцигтердің гемоглобинмен қаныққандығын керсетеді. қалыпты жағдайда імм3 қанда 5 млн эритроцит болып, ол гемоглобинмен 100% қаныққан болса, ондай қанның түсті керсеткіші 0,9-1,1 аралығында болады. қанның түсті көрсеткішін г/л алынган гемоглобин санын өздерің тапқан эритроцитгер санының алғашқы үш цифрына бөліп, шыққан нөтижені 5-ке көбейту арқылы анықтаута болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет