Анатомиялық «елі» кеңістіктің аумағы қан тамырларымен камтамасызданбаған немесе желденбейтін альвеолалардың са-нына байланысты (40-сурет).
Физиологиялық «өлі» кеңістік альвеолалық желдену мөлшері жəне өкпедегі қанның көлемдік жылдамдығына байланысты.
Альвеолалық желдену (ҮА ) деңгейі мен қан айналысының кі-ші шеңбері арқылы ететін қан көлемінің (Р) ұдайы өзгеріп оты-руына байланысты физиологиялық өлі кеңістік бірде кеңейіп, бірде тарылып отырады.
Сонымен «өлі» кеңістік аумағының ұлғаюы газ алмасуының төмендегенін көрсетеді. Оның кеңеюі альвеолалық желдену мен альвеола қабырғасындағы көлемдік қан айналу жылдамдығына байланысты, сондықтан да бұларға əсер ететін əртурлі факторлар «өлі» кеңістік келемін өзгерте алады. Мыса-лы, бронх еттері жиырылса, альвеолалар қабынса ауанын, өкпеге өтуіне кедергі туады, сөйтіп «елі» кеңістік кеңейеді.
Дем алғанда өкпеге кіретін атмосфералық ауа мен деммен бірге шығатын немесе альвеолалық ауаның құрамындағы əр газ-дың мөлшерін жеке салыстырып екпе альвеоласындағы газдар мен қан кұрамындағы газдардың ету бағытын байқауға болады.
Негізгі газдар атмосферада, оның жеке қабаттарында ұдайы бір мөлшерде болады. Адам дем алғанда осы атмосфералық ауа өкпеге енеді, ал өкпедегі альвеолалық ауа мен дем шығарғанда шығатын ауада оттегі мен көмір қышқыл газ мөлшері ұдайы өз-геріп отырады: оттегі азайып, көмір қышқыл газ көбейді
Деммен бірге шығатын ауа мен альвеолалық ауадағы оттеп мен көмір қышқыл газ мөлшерін салыстырсақ деммен шыққан ауада оттегі көбірек, көмір қышқыл газ азырақ: альвеолалык, ауа өкпеден шығарда тыныс жолындағы («өлі» кеңістіктегі) атмос-фералық ауамен араласып кетеді.
Өкпеде газ алмасуының негізгі көрсеткіші — альвеолалық ауа-дағы, газдардың құрамы мен мөлшері. Атмосфералық ауамен альвеолалық ауа құрамындағы газдардың мөлшерін салыстыр-сақ, оттегінің атмосферадан қанға, ал көмір қышқыл газдың қан-нан альвеолаға өтетінін байқауға болады.
Белгілі бір ткань мен қан құрамындағы газдардың алмасу гəртібін білу үшін алдымен қандағы газдардың физикалық жайы мен мелшерін, кернеу күшін (меншікті қысымын) анықтал алу қажет.
Əрбір газ қанда еріген не химиялық жолмен байланысқан күй-інде кездеседі. Биологиялық мембрана арқылы тек еріген газ-дар өтеді.
Газдар қан айналысының үлкен жəне кіші шеңберлеріндегі капиллярлардан бір тəртіппен өтеді, сондықтан өкпеде немесе белгілі бір тканьде өтетін газ алмасуын бірге қарауға болады.
Əрбір газ бір жəне бірнеше қабатты мембранадан өте алады. Оньщ өтуі мембрананың екі жағындағы меншікті қысымға, ондағы айырмашылыққа байланысты. Басқаша айтқанда, газ бір жерден екінші жерге қысымның жоғары жағынан төмен жағына қарай диффузия жолымен көшеді.
Қандағы жалпы газ қысымын 1858 ж. И. М. Сеченов анықта-ган. Əр газдың мевшікті қысымы қанда кернеу кушіне тең болса сұйықтықта жəне ерітінді үстінде газ тепе-теңділігі пайда бола-' ды. Ал газдың меншікті қысьшы кернеу кушінен жоғары болса, ол «ери» бастайды, кернеу куші жоғары болса, газ сұйықтықтың кұрамынан бөлініп шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |