Вестибулярлық анализаторлардың күрылысы мен функциялары. Қаңкд-ет сенсорлық жүйесі (проприорецепторлық).
Қозғалу анализаторының маңызы. Оның өткізгіш ж-->не ю»іртыстык, белімдері.
Висцеральдық сенсорлык жүйе маңызы. Висцеренцепцияның курылымдық жөне функционалдық ерекшеліктері.
Əдебиеттер:
Х.Н.Сəтпаева „Адам физиологиясы 326, 341+362 беттер
Дəріс №19
Тақырыбы: Сыртқа шығару процестері
Дəріс мазмұны:
Сыртқа шығару ағзаларының негізгі функциялары
Бүйрек
Несеп түзілу процесі
1 Сыртқа шығару ағзаларының негізгі функциялары
Сыртқа шығару ағзаларының негізгі функциялары Зат алмасу процесі пайда болған қалдық заттарды сыртқа шығарумен аяқталады. Күрделі диссимиляция (ыдырау) процес-тері қорытындысында денеде зат алмасуының ең соңғы өнімде-рі — «қалдық зат» (шлак) пайда болады. Шлак организмде пай- даланылмайды, ал қор болып жиналып қалса оны уландырады, əсіресе белок алмасуы барысында түзілетін мочевина, несеп кышқылы, креатинин, аммоний тұздары сияқты заттар өте улы келеді. Олар сондай-ақ көмірсу мен май алмасуының соңғы ыды-рау өнімі — кемір қышқылы мен су. Барлық зат алмасу процесінін, нəтижесінде бөлінген қалдық заттар организмнен шығару мүше-лері арқылы сыртқа шығады (экскреция).
Адам мен жануарлардың сыртқа шығару мүшелері: бүйрек, тер бездері, өкпе, ас қорыту түтігі.
Б елок алмасуы кезінде пайда болатын қалдық заттар, су, тұздар жəне сырттан келіп түскен əртүрлі организмге жат заттар (түрлі дəрілер, бояулар т. б.) негізінен бүйрек, аздап тер бездері арқылы, ал су мен көмір қышқылды газ, эфир, хлороформ, алко-голь сияқты кейбір ұшқыш заттар өкпе арқылы сыртқа шығады. Ас қорыту тутігінің кілегей қабығы арқылы, ет пигмент-тершің өзгерісінен пайда болған заттар, кейбір ауыр металдар-дың (қорғасын, кадмий т. б.) тұздары аласталады. Мұнымен бірге тоқ ішек жəне сілекей бездері арқылы кальций тұздары шыгарылады.
Сонымен бəрімізге белгілі негізгі экскрециялық мүше •— бүйрек, одан басқа экстраренальдық (бүйректен тыс) ағзалар: тер безде-рі, өкпе мен ішектер арқылы зат алмасу кезінде пайда болған ыдырау өнімдері сыртқа шығарылады.
Сыртқа шығару тіршілікке өте қажет физиологиялық процесс. Онсыз тіршілік жоқ. Мəселен, екі бүйрегін бірдей алып тастаса, ит уланып бір тəулік ішінде өледі. Сыртқа шығару процесі бұ-зылса, көптеген физиологиялық процестер бұзылады. Солардың бірі — уремия, белок алмасуының соңғы ыдырау өнімдері (мо-чевина, несеп қышқылы) жиналып қанға етеді де организмді уландырады. Ондай жағдай адамда да байқалады бүйрек қызме-тінің бұзылуынан анурия (несеп шықпай қою) болып, адам 4—5 тəулікте өледі. Бұны əдетте емдемесе (жасанды бүйрек аспабы-на қосу, пəрменді емдеу жолдарын пайдаланбаса) адам денесін-де «мочевиналық қырау» пайда болады, яғни теріге мочевина кристалдары шығады: бүйрек қызметін тер бездері атқарады да, организмнен мочевина теріге шамадан тыс көп шығарылады.
Сонымен, экскреторлық мүшелердің негізгі қызметі — дене-дегі зат алмасудың соңғы енімдерін, өзге текті басқа заттарды, мəселен, дəрі-дəрмектерді сыртқа шығарып отыру.
Сыртқа шығару ағзалары мүнымен қатар, бірнеше косалқы қызмет атқарады. Гомеостаздың, яғни ішкі орта тұрақтылы-РЫН — қан құрамы мен қасиеттерін лимфаның интерстициялық сұйық пен ликвор құрамының тұрақтылығын сақтайды.
Сыртқа шығару ағзаларының қан құрамындағы жəне денеде-гі басқа сұйықтықтар құрамындағы иондар концентрациясының тұрақтылығын (изоиония) жəне қан мен басқа биологиялық сұйықтардың осмостық қысымының тұрақтылығын (изоосмия), денедегі қышқылдар мен негіздер тепе-теңдігінің тұрақтылығын (изогидрия) қамтамасыз етеді. Экскрециялық ағзалар денедегі басы артық қышқылдар мен сілтілерді сыртқа шығарып отыра-ды. Мұнымен қатар клетка ішіндегі жəне сыртындағы сұйықтық-тармен əрдəйш алмасып тұратын қанның тамырдағы көлемдік
тұрақтылығын (изоволемия) сақтайды. Денеде белгілі бір жағ-дайда қалыптасатын су мен тұздар тепе- теңдігін (балансын) қамтамасыз өтіп олардың артығын организмнен 'шығарады. Тер бездері дене температурасы турақтылығын сақтауға (изотермия) қатысады.
Соңғы жылдары сыртқа шығару ағзаларының бұлардан бас-қа тағы да бірнеше кызмет атқаратыны анықталып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |