Курс лекций по дисциплине «электрохимия» Электрохимия



бет1/9
Дата27.04.2022
өлшемі0,62 Mb.
#32465
түріКурс лекций
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

«ЭЛЕКТРОХИМИЯ» ПӘНІНЕН

ЛЕКЦИЯЛАР КУРСЫ

КУРС ЛЕКЦИЙ ПО ДИСЦИПЛИНЕ

«ЭЛЕКТРОХИМИЯ»

Электрохимия
Қазіргі кезде өнеркәсіптің көптеген салаларында маңызды технологиялық операцияларды электрохимиялық әдістерді қолдану арқылы жүргізеді. Электрохимиялық әдісті басқа шикізат өңдеу әдістерімен: термохимиялық, феррометаллургиялық айырмашылығы мұнда заттардың қасиеттерінің өзгеруі электр тогының әсерінен жүзеге асырылады.

Түсті металлургияда көптеген металды сулы ерітінділердің электролиттерімен немесе балқыған тұздардан электролиздеу арқылы алады.

Электролиттік жолмен мыс, никель, мырыш, кадмии, асыл металдар және басқаларын алады және тазалайды. Балқыған тұздардың электролизі мен алюминии, магнии және т.б. металдарды алуға болады. Бұл металдарды алу технологиясы электрохимиялық процестерге негізделген.

Электрохимия пәні электрод –электролит фазалардың шекарасында жүретін процестердің термодинамикалық және кинетикалық заңдылықтардың және электролиздің жүру заңдары туралы терең теориялық мәлімет береді. Электрохимияны түсіну үшін электродтық процестер мен электрохимиялық реакция деген ұғымдарды айыра білу қажет.

Электрохимиялық реакция – реакцияға қатысатын заттың иондарының (атомдар мен молекулаларының) арасындағы қатынасты анықтайды.

Электродтық процесс ерітінді (балқыма) және электрод –электролит фазаларының шекарасы арқылы электр тогы өткен кездегі электрохимиялық, химиялық, адсорбциялық және диффузиялық процестердің толық жиынтығы. Электролитті құрайтын компоненттердің (толық жиынтығы) электрохимиялық реакциялар нәтижесінде қатынасқа түсетін заттардың электрон алу және электрон беру арқылы жүретін электродтағы тотығу-тотықсыздану процестерін электролиз деп атайды. Электролизді жүргізу үшін электрохимиялық жүйе қажет:

1) Реакцияға түсетін заттар иондарға ыдырайтын екінші текті электрод- ерітінді балқыма немесе қатты электролиттен

2) Электролитке батырылған бірінші текті екі электродтан үшінші электродтарды бір-бірімен және сыртқы ток көзіне жалғайтын электродтық өткізгіштен тұрады.



Егер бұл ұяшықтағы химиялық реакция сыртқы ток көзіне электр тогын бөле жүретін болса , онда ұяшық электр энергиясының химиялық көзі немесе гальваникалық элемент деп аталады. Ал егер химиялық процесс сыртқы электр тогының әсері арқылы өтсе, онда ұяшық электролиттік ванна немесе электролиттер деп аталады. Гальваникалық элементтер сыртқы ток көзіне электрон беретін электрод теріс полюсті, ал электрон қосып алатын электрод оң полюсті болады. Теріс полюсті электродта барлық уақытта тотығу реакциясы жүреді. Ал оң полюсінде тек қана тотықсыздану реакциясы реакциясы жүреді. Электролизде тотықсыздану процесі жүретін электрод катод деп аталады. Тотығу процесі жүретін электрод анод деп аталады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет