Бөлімі:
|
Тотығу-тотықсыздану реакциялары
|
Оқытушының аты-жөні:
|
Қойшыбаева Д.А.
|
Күні:
|
24.01.2023
|
Сынып:
|
10Б
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Электролиз. Балқымалар мен ерітінділердің электролизі
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
10.2.3.8 электролиз процесінің мәнін сипаттау;
10.2.3.9 электродтардағы электролиз өнімдерін болжау үшін эмпирикалық ережелерді қолдану
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар: электролиз процесінің мәнін сипаттай алады
Оқушылардың басым бөлігі: электролиз реакциясын түсіндіре біледі
Кейбір оқушылар: жаттығулар жасауда теориялық білімді қолдана алады
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 мин
12мин
|
Оқушылармен сәлемдесу
Оқушылармен танысу, оқушылар өздерінің атынан басталатын әріпке қатысты сөз айту керек
Өткен тақырыпты қайталау мақсатында « Қытырлақ картоп» әдісі. Оқушылар рет-ретімен қытырлақ картоптын қорабынан бір-бірден сұрақ жазулған қытырлақ картоптарды алып, сұраққа тез жауап береді.
|
Оқушылар өз аттарын айтып, өз аттарына байланысты қасиет айтады.
Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап берді:
1.Электролиз деген не?
2.Катодта және анодта қандай процестер жүреді?
3.Балқыма электролизі деген не?
4.Ерітінді электролизі деген не?
5.Балқыманы электролиздеп қандай металдарды алуға болады?
6.Қандай жағдайда катодта судың тотықсыздану процесі жүреді?
7.Қандай жағдайда катодта металл катиондары тотықсызданады?
8. CuCl2 балқымасының электролиз теңдеуі
9. ZnSO4 ерітіндісінің электролиз теңдеуі
|
Мақсаты: Электролиз тақырыбын еске түсіру
Дескриптор:
1.Оқушылар электролиз
тақырыбын біледі
2.Балқыма электролиз теңдеуін жаза алады
3.Ерітіндінің электролиз теңдеуін жаза алады
|
|
Сабақтың ортасы
20 мин
|
Мұғалім оқушыларға электролиз тақырыбына байланысты есептер береді
|
Оқушылар тақтаға есептер шығарады
1.Калий хлоридінің сулы ерітіндісінің электролиздегенде 224г сілті алынған болса, анодта бөлінген хлордың көлемі
2.Натрий хлоридінің сулы ерітіндісін электролиздегенде 200г сілті алынған болса, анодта бөлінген хлордың(қ.ж) зат мөлшері
3.Массасы 444г мырыш хлориді балқымасын электролиздегенде анодтың (қ.ж) 76,2 л газ бөлінді. Осы реакция өнімінің шығымы
4. 58,5 г күміс хлоридінің судағы ерітіндісін
электролиздегенде анодта бөлінген газды калий бромиді ерітіндісінен өткізді. Түзілген бромның зат мөлшері
|
Мақсаты: Оқушыларды есеп шығаруға дағдыландыру
Дескриптор:
1.Есептін берілгенін жаза алады
2. Электролиз теңдеуін дұрыс жаза біледі.
3. Формула арқылы есептеу жүргізе алады
|
Периодтық жүйе, оқулық, металдардың белсенділік қатары кестесі, калькулятор
|
Сабақтың соңы
Рефлексия
5 мин
|
Кері байланыс. «СМС» әдісі
Мұғалім оқушыларға стикерлер таратып береді.
|
Оқушылар стикер бүгінгі сабақ қалай өткенін, не түсінгенің , не болмаса түсінбей қалған жерлерін жазып тақтада ілініп тұрған үш ұялы телефоннның біреуіне жапсырады
|
Мақсаты: Сабақтың қалай өткенін жайлы оқушылардың пікірін білу
|
|
Үйге тапсырма: есеп шығару
|