Ситуациялық есептер: Есеп №1. О. есімді науқас 63-те. Ми қан айналымының жедел бұзылысына шалдыққан. Шағымдары: сөйлеуінің қиындауы, жұтынудың мүмкін болмауы. Науқас ашулы, ұйқысы бұзылған. Объективті қарағанда оң қолы және аяғының сезімталдығының бұзылуы және әлсіздігі, сілекейінің мөлшерден тыс бөлінуі.
Сұрақ: Науқастың басымды проблемасын айқындаңыз.
Мейірбикелік күтімнің жоспарын жасаңыз
Оңалтудың қандай әдістерін қолдануға болады?
Есеп №2. Науқастың жасы 47-де. Ми қан айналымының жедел бұзылысына шалдыққан. Шағымдары: сөйлеуінің қиындауы, жұтынудың мүмкін болмауы. Науқас ашулы, ұйқысы бұзылған. Объективті қарағанда оң қолы және аяғының сезімталдығының бұзылуы және әлсіздігі, сілекейінің мөлшерден тыс бөлінуі.
Сұрақ: 1. Жұтынуды бағалаудың орындалуын түсіндіріңіз.
4 – сабақ
1. Тақырыбы: БЦП-мен ауыратын науқастардағы реабилитация және мейірбикелік күтім.
2. Мақсаты: Студенттерді БЦП - мен ауыратын науқастардағы реабилитациямен таныстыру.