Курсы: 1 Оқу семестрі: 1,2 Шымкент 2013



бет1/54
Дата03.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#54592
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
Тарих ответы




ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК
Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы

044 -39/15-( 15 )
100 беттің -беті

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша дәріс комплекстері






ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА
АКАДЕМИЯСЫ


Кафедра: ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕР
ДӘРІС КОМПЛЕКСТЕРІ
Пәні: «Қазақстан тарихы»
Пән коды: КТ 1101
Мамандықтары: 5В110100 «Мейіргер ісі»
5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
051103 «Фармация»
5ВО74800 «Фармацевтикалық өндірістік технологиясы»
Оқу сағатының (кредиттің) көлемі: 135 (3 кредит)
Курсы: 1
Оқу семестрі: 1,2

Шымкент 2013

Дәріс комплекстері қоғамдық пәндер кафедрасының мәжілісінде бекітілді


Хаттама №_____ «_____»_________2014 ж.


Кафедра меңгерушісі, филос.ғ.к. доцент __________ Қ.Б Кемелбеков



1) Тақырып №1. Кіріспе. Қазақстан аумағындағы тас ғасыры және қола дәуірі.
2) Мақсаты: студенттер жастардың тарихи санасын қалыптастырудағы ҚР тарихының орны мен ролін игеруі тиіс. Сонымен қатар Қазақстан территориясындағы тас және қола ғасырларын ашып көрсету, студенттердің назарын дәуірлердің ерекшеліктеріне бейімдеу.
3) Дәріс тезистері
Тарих – адамзат қоғамының өткенін зерттейтін ғылым. Ол жер бетіндегі барлық халықтардың материалдық және рухани өмірі саласындағы сан ғасырлар бойындағы тәжірибесінің жиынтығы, бүгінге дейін өткен мыңдаған ұрпақтардың кейінге қалдырған мұрасы. Қоғамның әрбір мүшесі ұрпақтар зердесінің, бір сөзбен айтқанда, тарихи зерденің негізінде қалыптасады. Тарихи сана қоғамдық сананың жеке бір бөлігі болып табылады және дүниеге көзқарас жүйесінде маңызды орын алады. Тарихи сананы қалыптастыру жас ұрпақты өз халқының рухани өмірімен етене жақындастыруға, оның мәдениеті мен тарихының бастауларын түсініп өсуіне көмектесуі тиіс.
Қазақ халқының тарихы дүниежүзілік тарихтың маңызды бөлігі болып табылады. Түрік халықтарының қатарына жататын қазақтар саны жағынан олардың ішінде төртінші орын алады, ал территориясы жағынан дүние жүзі халықтарының ішінде алғашқы ондыққа кіреді. Тарихта әртүрлі этнонимдармен белгілі болған қазақтардың арғы ата-бабалары әрқилы қиын-қыстау жолдардан өтті, жат елдік басқыншыларға қарсы өз тәуелсіздігі үшін күрес жүргізді және дүниежүзілік өркениетке өздерінің лайықты үлесін қосты.
Алайда ғасырларға созылған орталық езгі кезеңінде үстемдік етушілер халықтардың бостандығын, жерін, табиғи байлықтарын, мәдени ескерткіштерін тартып алып қана қоймай олардың тарихи зердесін де өшіруге тырысты. Жаулап алынған елдердің халқын өздерінің тарихи дәстүрінде тәрбиелеу отарлық саясаттың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазақ халқының тарихын революцияға дейін де, одан кейін де Ресей тарихшылары жазды және империялық ұлы державалық идеология тұрғысынан түсіндірілді. Өз халқының тарихын шындық тұрғысынан қарастыруға ұмтылған ұлттық тарихшылар жазалауға ұшырап отырды.
Бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстанның тарих ғылымының алдында үлкен де жауапты міндеттер тұр. Көпғасырлық орталық бұғауынан құтылған ол халықтың шындыққа негізделген тарихи санасын қалыптастыруы, жас ұрпақты отансүйгіштік рухында тәрбиелеуі тиіс. Өткенді қайта жаңғыртуға тарихи деректер көмектеседі. Олар мынадай топтарға бөлінеді:

  1. Заттай ескерткіштер (еңбек құралдары, қолөнер бұйымдары, үй тұрмысында қолданылатын бұйымдар, ыдыс-аяқ, киім-кешек, әшекей заттар, металдан жасалған ақшалар, қару-жарақ, тұрғын үйлердің қалдықтары және т.б.). Ежелгі замандардан қалған заттай ескерткіштерді зерттеумен арнайы тарихи ғылым-археология айналысады. Жер қыртысының қабаттарында заттай деректердің бай қорлары сақталған. Олар қазба жұмыстары арқылы бізге жетеді. Археологиялық ескерткіштер әлі жазу болмаған өте ерте дәуірлерді зерттеуде баға жетпес деректер болып табылады.

  2. Этнографиялық ескерткіштер, яғни халқымыздың ежелгі тұрмыс бүгінге дейін жеткен қалдықтары: салт-дәстүрлері, діни сенім-нанымдары. Оларды зерттеумен этнография ғылымы айналысады.

  3. Лингвистикалық ескерткіштер немесе халқымыздың тілінде сақталған тарихи деректер. Географиялық атаулар, жеке адамдардың есімдері, басқа тілден кірген сөздер, ескі тілдердің қалдықтары халқымыздың шығу тегін анықтауда, миграциялық үдеріс пен ежелдегі қоғамдық қатынастарды зерттеуде көп көмегін тигізді.

  4. Фольклорлық материалдар, яғни халқымыздың ауыз әдебиетінің ескерткіштері-әртүрлі аңыз әңгімелер ертегілер, мақал-мәтелдер, тарихи жырлар, шежірелер.

  5. Жазба деректер: тасқа, металлға, сүйекке, керамикаға жазылған ежелгі жазулар мен қағаз бетіне түскен әртүрлі қолжазба және баспа құжаттар. Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтер түрлі тілдерде: көне парсы, көне грек, латын, қытай, көне түрік, араб, парсы және орыс тілдерінде жазып қалдырылған.

  6. Кино-фото-фотоқұжаттар деректердің ең жаңа түрлері болып табылады. Бұлар бізге және келешек ұрпақтарға ХХ ғасырда болып өткен аса ірі тарихи оқиғалардың тынысын, тарихи қайраткерлердің бет-бейнесі мен көрінісін жеткізді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет