Үйсін мен қаңлы мемлекеттерінің саяси тарихы мен мәдениеті. Үйсіндер б.з.д. ІІ ғасырда Жетісуды мекенді және сақтардың мұрагерлері болды. Астанасы Чигучен (қызылалқал қаласы Ыстықкөлдің жағасына орналасты. Мемлекет билеушісі «гуньмо» (Күн бегі) деп аталады. Үйсіндердің билеушілерінің қытай ханшаларына үйленуі бұл мемлекеттің қуатты болғандығын дәлелдейді. Олар негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Ежелгі қытай деректерінде үйсіндер тарихынан мәліметтер мол. Олар біздің заманымыздың V ғасырына дейінгі кезеңді қамтиды.
Шудағы үйсіндердің баспанасы қам кірпіштен соғылды. Кеген үйсіндердің үйлері тастан жасалған төрт бөлмелі және мал қамайтын бірнеше бастырмалы болды. Бір ауылда бес-алты үйден болды. Ауыл маңында ру қорымы болды. Оларда жерлдеудің жаңа түрі болды: қабір шұңқырының бүйірінен үңгіп қуыс қазылды. Мәйіттің басын батысқа бұрып шалқасынан осы қуысқа жатқызды. Өлген кісінің қасына тамақ, оның жеке заттарын: қару-жарақ, бағалы мүліктер, сәндік бұйымдар қойды.
Мал шаруашылығы үйсіндердің өмірінде маңызды рөл атқарды. Қыстау мен жазғы жайылымының ара қашықтығы ұзақ емес – 30-100 шақырым аралығында болды. Сондықтан да үйсіндер қыстау мен жайлауда, сонымен қатар тау бөктеріндегі жайылымдарында ұзақ уақыт отыра алатын. Ол жерде тұрақты баспана салды, егін, бақша екті. Елдің көп бөлігі жайлауға шығып кеткенде, қалған тұрғындар егінді күтіп, оны күзде жинап алатын.
Қытай деректеріндегі Чжан Цяннің хабары бойынша қаңлы тайпалары халқының жалпы саны-600 мың, жауынгер жасақтарының саны-120 мың адам. Орталығы Сырдария өзенінің бойында орналасқан Битән қаласы. Қытай деректеріне қарағанда, қаңлы тайпаларының иелігінде Сусе, Фуму, Юени, Ги, Югень деп аталатын 5 аймақ болған. Бұл жерлерді қазіргі кезеңдегі аудандармен салыстырып қарайтын болсақ: Югень-Хорезм; Ги-Сырдарияның сағасы; Фуму-Жаңақорғанның солтүстік батысынан Қазалыға дейін; Сусе-Сырдарияның орта ағысы, Арыс өзенінің аңғары, Қаратау беткейі; Юени-Ташкент аймағы.
Қазақстан және Орта Азия жерінде қаңлы тайпаларының ескерткіштеріне жүргізген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, олардың қалдырған материалдары шартты түрде 3 мәдениетке бөлінеді. 1. Қауыншы. 2. Жетіасар. 3. Отырар-Қаратау мәдениеті.
Бірінші-Қауыншы мәдениеті, Ташкент маңындағы кенттерден табылған заттармен байланысты, оның бірі Қауыншы қаласының атымен аталған. Бұл мәдениеттің тарихи тұрғындарының өмір сүрген кезеңдері б.з.б. 3-ғасырмен б.з. 1-ғасыр арасы. Қазақстан ғалымдары бұл мәдениетке Ташкент аймағына жақын орналасқан Шардара су қоймасының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады. Олар Ақтөбе 1, Шаушықұм қалашықтарының орындары. Бұлардан керамикалық ыдыс-аяқтар, егіншілік кәсібіне және мал шаруашылыған қажет құрал-жабдықтар мен қару-жарақтар табылған.
Екінші-Жетіасар мәдениетіне Сырдарияның төменгі ағысындағы және Арал бойындағы қаңлы тайпаларының тарихи ескерткіштері жатады. Бұлардың қатарына-Алтынсар, Томпақасар, Бидайықасар, Үңгірліасар, Жетісар қалашықтары кіреді. Мұндағы табылған заттар б.з. 1 мың жылдығының алғашқы жартысында өмір сүрген қаңлы тайпаларының тарихы туралы мәлімет береді.
Үшінші – Отырар-Қаратау мәдениетіне Сырдарияның орталық ағысы, Отырар аймағы мен Қаратаудың солтүстік және күнгей бетіндегі ескерткіштер жатады. Жазба деректер бұл жерлердегі қаңлы тайпаларының негізгі өсіп-өнген, этникалық ата-мекені болғанын көрсетеді.