Андроновшылардың қоғамдық құрылысы. Қола дәуірде тайпа мүшелрі арасынан қолөнершілер, металл құюшылар шыға бастады. Қоғам мал және жер шаруашылығымен айналысатын қауымдар бөлінді. Ер адам еңбегінің маңызы арта түсті. Бұл құбылыс әкелік әулетті (патриархалдық) руды дүниег әкелді.Әкелі әулет бірнеше үлкен отбасыларынан тұрды. Оған ру басының бүкіл ұрпағы кірді. Олар бірге тұрып, ортақ шаруашылық жүргізді. Туысқандық енді әке жағынан қарай бастады. Әр рудың өз жері, өзіне тән аты болды. Рудың бар байлығы – еңбек құралдары, аңшылыққа арналған заттары, үй мүліктері және қолға үйретілген мал ру мүшелеріне ортақ болды. Оларды бірлесе пайдаланды. Ұжымдық еңбектің өнімі теңдей бөлінді. Барлық істі халық жиналысы шешіп отырды. Жиналы ру басшыларын сайлап, орнынан босатты және салт-дәстүрлерінің қатаң сақталуын қадағалады.
Еңбек құралдарының жетідірілуі шаруашылықтың дамуына әкеп соқты. Енді жеке отбасы өзн-өзі асырайтын халге жетті. Адам еңбегі өнімдірек бола бастады. Артық қор құралды. Біреулер байып, басқа біреулердің еңбегін пайдалануға мәжбүрлік туды. Рулық ұжымдық меншіктің орнына жеке меншік келді. Бұл мүлік теңсіздігінің шығуына алып келді.
Қола дәуірдегі дін және өнер. Қола дәуірінің адамы өздерінің жануарлар және өсімдік әлемінен өзгешелігін саналы түрде түсіне бастады. Андроновшылардың арасында өлгендерге табыну ғұрпы ерекше болды. Қайтыс болған туыстарының жаны мәңгі жасайтындығына о дүниенің бар екендігіне сенген адамдар қоғамның салт-дәстүрлерін барынша сақтай отырып, қайтыс болған руластарын жерлеу ғұрпын күрделі де салтанатты түрде өткізді.
Жерленген адроновтық адамдардың басы батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратылған. Мәйітті қабірге қол-аяғын бүгіп, ана құрсағындағы сәби қалпында жатқыл\зу үшін жіппен байлайды.
Көптеген салт-дәстүрлер андроновшылардың күнделікті тіршілігін құдайларға, ата-баба әруақтарына деген сеніммен толықтырып отырды. Сонымен қатар оларда ошақ қатты құрметтелді. Ол отбасы үшін қасиетті орын болып саналды. Ошақтың бұзылуы ең масқара іс болып есептелді.Ошақтың күлін желге шашуға болмайтын еді. Сондықтан үй жанынан күл төгетін арнайы орындар жасалды.
Өнердің дамуына діннің көп ықпалы болды. Қола дәуірінің тасқа салынған суреттері таңғаларлық аса бір ерекше құбылыс. Ежелгі адамдар күнге күйген жылтыр тау жартастарына қаты тас сынығымен жануарларды, адамдарды, арбаларды, соғыс көріністерін қашап салды. Бұл адамзатың рухани мәдениетін, оның дүние танымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы болып саналады. Қазақстан тасқа салынған суреттердің (петроглифтердің) саны мен әр алуандығы жағынан бай өлке болып табылады. Осындай суреттер көп табылған Таңбалы, Ешкіөлмес, Қаратау, Маймақ, Тарбағатай, Бөкентау сияқты жерлер археологтар арқылы зерттеліп, дүниежүзілік мәдениетің қорына қосылды. Жабайы бұқа бейнесі андроновшылардың тасқа қашап салған суреттерінде жиі кезедседі. Қазақстан жартастарына салынған суреттердегі бұқалардың мүйізі қайқы, шоқтығы биік, мығым денелі болып келеді. Тасқа қашау өнеріндегі көп кезедсетін суретердің бірі қос өркешті түйе бейнесі. Сондай-ақ ұрыс алаңдарын, шоқпармен, балтамен, садақпен қаруланған жаяу әскерлердің шайқасын бейнелеу көп кездеседі.
Андроновшылардың сәндік бұйымдарының ішінде жиі кездесетіні – екі жағы бірігіп келген сақина тәріздес дөңгелек сырғалар