Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. Коммунистік партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Осылайша «өркениетті кооператорлар қоғамын» құру идеясы КСРО-дағы социализм құрылысының құрамдас бір бөлігіне айналды.
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру идеясы әуел бастан-ақ мейлінше қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді. Ұжымдастыру алдын ала даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен, көбінесе әкімшілік-күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді. Көшпенді ауылдарда жаппай ұжымдастырудың жеделдетілуі Қазақ өлкелік партия комитетінің көптеген құжаттарынан көрініс тапты; мысалы, 1929 жылғы желтоқсан айында мынадай нұсқаулар берілді: «Мал шаруашылығын ұжымдастыру астық шаруашылығындағы шеңберде ынталандырылсын», «.. .кедей және орташа мал шаруашылықтарының жаппай ұжымдастырылуы жеделдетілсін», «халықты бір жыл ішінде толық қамту есебімен ұжымдастыру қарқыны белгіленсін...»және басқалар.
Ақтөбе және Павлодар округтерінде кедейлерді ұрып-соғу, оларды суық су құйып азаптау, қыс кезінде суық қамбалар мен қоймаларға күзетпен қамап қою, кулактардың үйлерінде жаназа рәсімін өткізу орын алды. Республикада жазалау шараларының кең көлемде жүргізілгенін мына факт дәлелдейді: ОГПУ-дің ерекше мақсаттағы Қазақстандағы лагерьлері Қазақ басқармасының өтініші бойынша республика Үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін 1930 жылғы 13 мамырда Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз және тегін пайдалануға 110000 га жер алқабын бөлді.
Сол арқылы өркениетті кооператорлар қоғамын құру идеясының беделі едәуір түсірілді. 1932 жылдың ақпанына қарай Қазақстанда колхозшылар шаруашылықтарының 87 пайызы және жетекшілердің 51,8 пайызы өз малынан мүлде айырылды.
1932-1933жж ашаршылық. 1930-1932 жылдарда аштық етек алды.
1930 жылы аштықтан 313 мыңнан астам адам өлді, 1931 жылы оңдай өлім 755 мыңға жетті. 1932 жылы 769 мыңнан астам адам өлді немесе көшіп кетті. Аштық, індет және басқа жоқшылықтар салдарынан толық емес деректер бойынша 1750 мың қазақ немесе ауыл халқының 40 проценті тікелей шығынға ұшырады.
Жаппай жазалау мен аштық халықтың орныққан жерін тастап, жаппай көшіп кетуін туғызды. Тек 1930 жылғы қаңтардан 1931 жылғы маусым аралығындағы уақыт ішінде ғана 280 мыңнан астам қожалық-1 миллион 70 мыңдай адам көшіп кетті.