XIX ғ. Екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті. XIX ғ. екінші жартысында Қазақстанның экономикасын, табиғи байлықтарын, тарихын зерттеу үшін көптеген ғалымдар жіберілді. П. П. Вельяминов-Зернов , А. И. Добромыслов, Г. Н. Потанин сиякты көрнекті орыс ғалымдарының есімдері Қазақстанмен тығыз байланысты.
Қазақстан мәдениеті мен қоғамдық ой-пікірінің тарихында қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Ш. Уәлиханов ( 1835-1865 жж.) ерекше орын алды. Оның қазақ халқының тарихына байланысты жазған еңбектері шығыстану ғылымына зор үлес қосты.
Ағарту ісі мен ұлттық мектеп тарихына Ыбырай Алтынсарин терең із қалдырды. Ыбырай орыс графигіне негіздеп қазақ әліппесін жасады, «Қырғыз хрестоматиясын» және «Қырғыздардың орыс тілін үйренуде бастапқы нұсқауды » жазды. Азаматтық мектептер, колөнер және ауыл шаруашылық училищелерін ашуға көп күш жігерін жұмсап, қыздар мектеп интернаттарын ашты.
Қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Қүнанбаев болды. Ол өз шығармаларында адамгершілекке, рухани тазалыққа оқып білім алуға шақырды. Абайдың өз балалары - Акылбай, Мағауия, інісі Шәкәрім, Туысы Көкбай көптеген шығармалар қалдырды.
Ауыз әдебиетінде Махамбет, Шернияз, Сүйінбай, Бақтыбай, Кемпірбай, Орынбай, Шөже, Біржан, Жамбыл, Майкөт, Әсет, Сара т.б. ақындар, қазақ музыкалық өнерінде Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Ықылас, Мұхит, Біржан Сал, Ақан сері, Жаяу Мұсаның есімдері бүкіл қазақ даласына белгілі болды.
4) Иллюстрациялы материалдар: карта
5) Әдебиеттер: 1. Абдураимов М.А. Очерки аграрных отношении в Бухарском ханстве в XVII - первой пеоловине XIX века Т, 1966
2. Зиманов С.З. Россия и Букеевское ханство.А,1964
3. Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің отарлау саясаты.А,1994
4. Қазақстан тарихы.Очерк.,Алматы.,1993
5. Қазақстан тарихы. 3 том.Алматы., 2002
6. Күзембайұлы. Қазақстан Республикасының тарихы. Алматы., 1998
7. К.Рысбаев Қазақстан Республикасының тарихы. А., 2002 ж.
6) Қорытынды сұрақтары: 1. Қазақстанға әкімшлік реформаларды енгізуде Ресейдің қандай мақсаттары болды?
2. Патшалықтың қоныс аудару саясатының мақсаттары неде?
3. Қазақстанда аграрлық саясаттың ерекшеліктері неде?
4. 1905-1907 жж. орыс революциясы Қазақстанға қалай әсерін тигізді?
5. Халықтың жағдайына бірінші дүниежүзілік соғыс қандай әсерін тигізді?
6. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ерекшеліктері, сипаты мен себептері неде?