Курсы: 2 курс Факультет: Жалпы медицина


УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ UNIVERSITY»



бет4/5
Дата21.04.2023
өлшемі38,45 Kb.
#85273
1   2   3   4   5
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ UNIVERSITY»

Скептицизм деген не?

Антикалық философиясының соңғы сатысындағы тағы бір ағым - ол скептицизм (skeptіkos - ізденуші, зерттеуші). Олар өздерінің аты ізденуші болса да, барлық Дүние жөніндегі білім, заңдылыктардың ақиқаттылығын теріске шығарады, бәріне күмәнданады. Скептицизмге қарсы тұрған ілім - ол догматизм (dogma-ілім), ғылымда ашылған белгілі теорияларды өзгермейтін, абсолютті ретінде қарау.


Егер скептицизм ағымын осы сөздің мағнасы арқылы түсінгіміз келсе, онда бүкіл философияны осы ағымға жатқызуға болады, өйткені бұл пәннің саласында бірде-бір бүкіл ғылым қауымы мойындаған ақиқат жоқ. Әр-түрлі философиялық ағымдар Дүниенің ең жалпы сурақтарына өзінше жауап береді. Философиялық дүниетаным өте күрделі де қиын, болмыс әлі көп құпияларын өзінің бойында сақтап жатыр, әрбір ұрпақ үлкен ізденіс пен толғау арқылы өзінің дүниетанымын тереңдете түседі…
Ал бірақ танымның қиындығын скептицизммен теңеуге болмайды. Скептицизм барлық дүниетанымға күмәндану, танымның ақиқатқа жетуге болатынын теріске шығарған кезде ғана дүниеге келеді.
Скептицизмнің түп-тамыры Софистика мектебіне кетеді. Протагорды еске түсірейік. “әр зат жөнінде кемінде екі қарама-қарсы пікір айтуға болады,- дейді ол кісі. Ал мұның өзі скептицизмге жол ашады.
Қазіргі таным теориясындағы қайсыбір білімнің салыстырмалы екендігі де белгілі бір жағдайда скептицизмге әкелуі мүмкін.
Скептицизм бағытының ірі тұлғасы Пиррон. 360-370 б.ғ.д. Пиррон жазылған еш нәрсе қалдырмаса керек. Ол өзінің ойларын оқушыларына әңгіме етіп жеткізіп отырған. Ол еш нәрсені сулу, ия түрсіз деп, әділетті, ия болмаса әділетсіз деп айтпаған. Оның ойынша, ақиқат жоқ, ал адамдар тек қана әдет-ғұрып арқылы өмір сүреді деген. Заттар сезіммен де, ақыл-ой мен де танылмайды, сондықтан олар жөніндегі қайсыбір пікір болмасын ақиқатқа жеткізбейді. Пиррон өзінің осы пікірлерін дәлелдеу үшін былай дейді.
Ешнәрсені заттар жөнінде айтуға болмайды, өйткені олар әр-түрлі тіршіліктердің бір-біріне ұқсамайтын түйсіктерін тудырады - біреулеріне ол зат пайдалы, екіншілеріне - зиянды; әр-түрлі адамдар да заттардан әр-түрлі әсер алады. Белгілі бір нәрсе адамның әр-түрлі түйсіктерінде әр-түрлі. Адам өзінің жан-дүниесінде әр-түрлі жағдайда белгілі-бір затты әр-түрлі қабылдайды. Заттар әр-турлі басқа құбылыстармен бірге қабылданады да, әр жағдайда әр-түрлі болып көрінеді; белгілі бір түжырымға екінші оған қарсы
«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет