Курсы: 2 курс Факультет: Жалпы медицина


УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ UNIVERSITY»



бет2/5
Дата21.04.2023
өлшемі38,45 Kb.
#85273
1   2   3   4   5
Байланысты:
БОӨЖ №8

УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ UNIVERSITY»
нәпсінің мейлінше өріс алған екі саланы бөліп көрсетеді: біріншісі: саясаттағы диктатура, мемлекеттік жемқорлық т.б.; екіншісі: мәдениетте - нәпсісіз ешқандай құмарлық жоқ. Бүгінгі өркениетте кең өріс алған «массовая культура» нәпсіні тауарға айналдырып баратындығын айтады.
Автор адам болмысының келесі бір өлшемі - ақылға ұлттық ойлау мәдениетіміз тұрғысынан қарастырып, ана тіліміздегі ақыл, парасат, зейін, даналық, зерде, зеректік, пайым деген ұғымдарға жеке-жеке тоқталады. Абайдың он жетінші қара сөзін талдай отырып, ақылдың орнын анықтайды. Ақыл ғылымға бастайтын жол. Таза ақылда тәжірибе жоқ, ал ғылым тәжірибеге негізделген. Философ ақыл туралы өз ойын былайша қорытындылайды: даналық – ақылдың биік формасы, ал надандық – оның ең төменгі табалдырығы.
Автор келесі философиялық ұғым – көңілді адам болмысының тұрақты емес, өзгеріп тұратын халі деп түсіндіреді. Оның көріну формалары қызметін атқаратын ұғымдарға: ғашықтық, сұлулық, тақуалық, нәпсіқұмарлық, жомарттық және күйді жатқызады.
Адам болмысын айқындайтын келесі бір философиялық ұғым – рух. Рух тәнге де, жанға да қатысты. Автордың ойынша, рух- жанның тәнсіз формасы. Философ: «рух дегеніміздің өзі – адамды аңсау, оның қасиеттерін ашу, пендесі мен жаратушысының табиғи байланысын сезіну»,- дейді.
Сонымен қатар, Ғарифолла Есім «Адам-зат» атты еңбегінде адам өміріндегі махаббат, ғашықтық, көркемдік, жоматтық, бақыт, үміт, нүкте, өлім сияқты аса маңызды түсініктерге тоқталады.
Қорыта келе, Ғарифолла Есімнің «Адам-зат» еңбегі бүкіл қоғам үшін құнды шығарма болып табылады. Бұл еңбекте бүкіл адам баласының асыл қасиеттері, адам-зат үшін өте маңызды өлім мен өмір, бақыт пен үміт жайлы мәселелерге философиялық тұрғыдан түсінік беріледі. Ғарифолла Есім екі ұғымды ажыратады адам және адам-зат. Кітапта адам мен оның өмірі, түрлі категориялары жайлы терең ойлар жазылған.


«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ UNIVERSITY»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет