Курсы бойынша тесттер жинағЫ. Глоссарий 5В020500-«Филология», 5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет10/18
Дата06.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#13465
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Лирика  –  шындықты  адамның  ішкі  көңіл-күйіне  бөлеп,  ойы  мен  сезіміне 

астастыра суреттейтін терең психологиялық шығарма. 



Мазмұн  –  шығарманың  өмір  шындығын,  құбылыстарын  бейнелі  түрде  көрсетіп, 

ой-сезімге әсер беретін мағыналылығы немесе өз эстетикалық идеалы тұрғысынан 

суреткер таныған ақиқат өмір. 

Манифест – қандай да бір бағыттың әдеби және көркем принциптерінің жазбаша 

түрі. 


Медресе – ХХ ғасыр басындағы діни мазмұнда білім беретін мектеп 

Мемуар –  автордың  өз  көзімен  көрген, қатысып, араласқан  оқиғалар  жайындағы 

жазбалары  өмірбаян  түрінде,  күнделік  түрінде,  жол  жазбалар  түрінде  кездеседі. 

Мұндай  шығармаларда  белгілі  тарихи  кезеңнің  айтарлықтай  мәні  бар  оқиғалары 

іріктеліп алынып, жинақталып бейнеленеді. 



Мысал  -  әрқашан  сатиралық  сипатта,  көбіне  аң,  хайуанат,  кейде  зат  туралы 

жазылады  да,  сол  арқылы  адам  бойындағы  мін,  әлеуметтік  ортадағы  кемшілік 

күлкіге, келекеге, мазаққа айналдырылып, сықақпен сыналады. 

Мінез – адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық құлқы, барлық психологиялық 

ерекшеліктерінің жиынтығы. 



Нәзира – мұсылмандық Шығыс поэзиясында орта ғасырларда қалыптасқан үрдіс. 

Белгілі  бір  ақынның  өзіне  дейінгі    классикалоық  шығармаға  «жауап  қатуы» 

түрінде, өнер сынасу, өлең жарыстыру мақсатында  пайда болған. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет