Курсы бойынша тесттер жинағЫ. Глоссарий 5В020500-«Филология», 5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет12/18
Дата06.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#13465
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Поэтика  –  көркем  шығармадағы  құндылықты  бар  болмысымен  айқындар  жүйе 

туралы әдебиеттанудың ең көне ғылым саласы. 



Реализм  –  әдебиет  пен  өнерде  кең  қанат  жайған,  өмір  құбылыстарын  бар 

қалпында,  нақтылық  сипат-белгілерін  сақтай  отырып,  жинақтап,  тұжырымдап, 

шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс.  

Реминисценция – латынша еске алу – көркем тексте, көбінесе өлеңде кездесетін 

басқа бір шығарманы еске түсіретін нышан. 



Роман – сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін 

ол  өмір  сүрген уақыт, ол  тірлік  кешкен орта ауқымында жан-жақты мүсіндейтін, 

басқа  прозалық  жанрларға  қарағанда  ұзақ  уақытты,  байтақ  кеңістікті  қамтитын 

көлемді эпикалық шығарма. 



Романтизм  -  әдебиеттегі,  көркем  өнердегі  өмірдің  жарқын,  жағымды  жақтарын 

көбірек алып, көтере суреттейтін көркемдік әдіс. 



Романтика  –  қиялшылдық,  асқақ  ой  шабыттылығы,  өмірдің  жарқын,  сәулелі 

жақтарын көруге бейімділіктен туатын айрықша сезім шаттығы. 



Сахаба  –  пағамбарымыздың    әрдайым  қасында  жүріп,  уағыздары  мен  соғыс 

жорықтарына  қатысып, ислам, дініне үлес қосқан серіктері. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет