1.Тақырыбы: Вегетативтік жүйке жүйесіне функционалды сипаттама.
2.Мақсаты: ВЖЖ-нің симпатикалық және парасимпатикалық физиологиясын оқып үйрену,
3.Оқыту мақсаты:
ВЖЖ-ң парасимпатикалық бөлімінің орталық, преганглионарлы талшықтар, ганглилер, постганглионарлы талшықтарды сызбадан көрсете алу;
Вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің құрылысының сызбасын сызу;
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Симпатикалық жүйке жүйесінің орталықтық және шеткі бөлімдері туралы түсінік.
2. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталықтық және шеткі бөлімдері туралы түсінік.
3. Вегетативтік және соматикалық жүйке жүйесі бөлімдерінің бірігуі:
4. Вегетативтік жүйкелендірудің маңызы;
5. Жүйкелендірілген ағзаның жағдайына қарай вегетативтік жүйкені тітіркендіруге тәуелділігі.
6. Тері бездер және қан тамырларының жүйкелендіру ерекшеліктерін атаңыз.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері:тақырып бойынша тәжірибелік жұмыстарды орындау, хаттамаларды дайындау.
Лабораториялық жұмыс №1. Тыныс ырғағының бұзылу белгілері (Геринг рефлексі). Зерттелуші адамның білегінен пульс жиілігін есептейді де, бірнеше рет терең дем алуын өтінеді (дискомфорт сезіміне дейін). Оны бастапқы алынған нәтижемен салыстырады. Тамыр соғысы 10-12 ретке баяулауы тиіс.
Вегетативтік жүйке жүйесінің рефлекстері бұзылған жағдайда, тамыр соғуы жиілеп кетеді.
Вегетативтік рефлексті орындау кезіндегі алынған мәліметтер ВЖЖ–нің ЖТЖ-не нақты әсерін көрсетеді.
6. Әдебиет.№ 1 қосымшаны қараңыз.
7. Бақылау 1. Симпатикалық жүйке жүйесін тітіркендірсе:
А. жүрек жиырылуының жиілігі және күші жоғарылайды
В. асқазан қызметінің моторлық және секреторлық қызметін күшейтеді
С. жүрек жиырылуының жиілігі және күшін төмендетеді.
Д. сілекей бездері және тіл тамырларын кеңітеді
Е. көз қарашығын тарылтады
2.Симпатикалық жүйке жүйесінің орталығы ... орналасқан
А.жұлынның торако-люмбальді бөлімінде
В.сопақша мида
С.жұлынның кеуде бөлімінде
Д.көпірде және мишықта
Е.ортаңғы мида
3. Жүйке жүйесі парасимпатикалық бөлімінің тонусы жоғарыласа көз қарашығы
А. тарылады
В. кеңейеді
С. кеңейеді, содан кейін тарылады
Д. өзгермейді
Е. тарылады, содан кейін кеңейеді
4. Жүйке жүйесі симпатикалық бөлімінің тонусы жоғарыласа көз қарашығы
А. кішірейеді
В. ұлғаяды
С. тарылады, содан кейін кеңейеді
Д. өзгермейді
Е. кеңейеді содан кейін тарылады
5. ... жүйке талшықтарын тітіркендірсе тамырларды тарылтады
А. симпатикалық және адренэргиялық
В. симпатикалық және холинэргиялық
С. парасимпатикалық және холинэргиялық
Д. парасимпатикалық және серотонэргиялық
Е. соматикалық және холинэргиялық
6. Кезбе жүйкесінің перифиялық бөлімін тітіркендірсе:
А. жүректің жұмысы баяулайды, АҚ жоғарылайды
В. жүректің жұмысы жиілейді, АҚ төмендейді
С. жүректің жұмысы баяулайды, АҚ төмендейді
Д. жүректің жұмысы жиілейді, АҚ жоғарылайды
Е. жүрек жұмысы және қан қысымы өзгермейді
7. Қыша қағазын қойғанда тамырлардың жергілікті кеңуі ... жүзеге асады
А.Бейнбридж рефлексімен
В.аксон рефлексімен
С.аорталық рефлекспен
Д.Цион-Людвиг рефлексімен
Е.Парин рефлексімен
8. Парасимпатикалық жүйкелерді тiтiркендiргенде сiлекей бездерiнiң секрециясы ... .
А. көбейедi
В. азаяды
С. өзгермейдi
Д. көбейеді,сонан кейін азаяды
Е. азаяды,сонан кейiн көбейедi
9. ...ішкі ағзалардың тамырлары кеңейеді
А. симпатикалық жүйке тонусын жоғарылатса, белсенді түрде
В. парасимпатикалық жүйке тонусын жоғарылатса, белсенді түрде
С. парасимпатикалық жүйке тонусын төмендетсе,енжар түрде
Д.соматикалық жүйке тонусын жоғарылатса, белсенді түрде
10.Тыныстың рефлекторлық реттелуі ... импульстердің түсуімен жүзеге асырылады
А. альвеоланың механорецепторлары,проприорецепторлардан
В. тамырлардың механорецепторлары және проприорецепторлардан
С. мұрын кілегей қабаты рецепторлары және қаңқа бұлшықет проприорецепторларынан
Д. сопақша ми хеморецепторлар және ішкі ағзалар интерорецепторларынан
Е. қаңқа бұлшықеттердің проприорецепторларынан