Кредит- №2. Әдістемелік нүсқау №9 1.Тақырыбы: Тыныс алу кезеңдері. Сыртқы тыныс алуды зерттейтін әдістер. Өкпе, ұлпалардағы газдардың алмасуы.
2. Мақсаты: тыныс алу жүйесінің функционалдық ерекшеліктерін оқып үйрену және .
3. Оқыту мақсаты:
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары 1. Тыныс алу жүйесінің түсінігі. Оның маңызы.Тыныс алу үрдісінің кезеңдері.
2. Сыртқы тыныс алудың түсінігі. Оның ағзадағы маңызы.
3. Тыныс булшық еттерінің тыныс алу үрдісіндегі маңызы.
4. Тыныс алу және тыныс шығару механизімі.
5. Өкпе көлемдері және сыйымдылықтары, олардың зеріттеү.
6. Өкпелі және альвеолярлы желдету. ТМК анықтайтын әдістер.
7. Өлі кеңістік, оның маңызы.
8. Өкпенің анатомиялық және гистологиялық құрылысы. Өкпенің құрылымдық – функционалды бірлігі.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: клиникалық-физиологиялық әдістің игерілуі
№1 Зертханалық жұмыс
Спирометрия Жұмыстың мақсаты: Спирометрдің құрылысымен танысу және өкпенің тіршілік сыйымдылығының, оны құрайтын көлемдерді анықтау әдістерін игеру.
Жұмысқа қажетті:Сулы немесе құрғақспирометр, мұрын қысқыш, ауызға киетін құрал, (загубник), ұш жолды кран, спирт, мақта. Зерттеу объектісі – адам.
Жұмыс барысы: Спирометрдің мундштугн спиртке малынған мақтамен сұртеді. Зерттелуші максималды дем алғаннан кейін спирометрге максималды терең дем шығарады. Спирометр шкаласы арқылы ӨТС анықтайды. ӨТС-ның көлемін анықтау үшін тәжірибені бірнеше рет қайталап, оның орташа өлшемін алу керек. Әрбір қайталаған сайын спирометр шкаласын бастапқы сызыққа қойып отыру керек. Ол үшін сулы спирометрдің ішкі цилиндірінен тығынды алып, цилиндрді төмен түсіреді, ал құрғақ спирометрде өлшейтін шкаланы айналдырып, нөлдік белгіні сызықпен теңестіреді. Зерттелушіні тұрғызып, жатқызып және физикалық жүктемеден кейінде анықтайды. Әр түрлі өлшеу қорытындыларын бір-бірімен салыстырады.
ӨТС құрайтын өкпе көлемдерін өлшеу үшін спирометрді үш жолды кранмен ауызға киілетін клапанды қондырғымен жалғастырған тиімді. Зерттелуші мұрнын мұрын қысқышпен жауып, ауыз қуысындағы клапанды қондырғы арқылы дем алады. Алдымен үш жолды кранды дем шығаратын ауа атмосфераға шығарылатындай етіп орналастырады. Зерттелуші ауызға киілетін құрал арқылы дем алуға бейімделгенде, үш жолды кранды дем шығарған ауа спирометрге баратындай етіп орналастырады. Тыныстық қозғалыстар саны анықталады. Спирометр көрсеткішін спирометрге шығарылған дем шығару санына бөліп, тыныстық ауа көлемін анықтайды.