Курсы: I оқу семестрі : I кредиттер: 90 cағат/2 кредит



бет28/32
Дата28.11.2023
өлшемі1,35 Mb.
#130439
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Әдістемелік нүсқау №14.
1. Тақырыбы: Талдағыштар туралы түсінік, бөлімдері. Көру және есту талдағыштарының жалпы физиологиясы.
2. Мақсаты: Көру және есту талдағыштарының құрылымдық ерекшеліктерін оқып уйрету.
3. Оқыту мақсаты:

  • оқу кестелер және муляждар арқылы талдағыштардың құрылымдарын көрсету

  • Сивцев кестенің көмегімен көз қырағылығын анықтау

  • Форстер периметриялық аппараттың көмегімен көру аймағын анықтау

  • есту зерттеу әдістерін қолдану

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Көздің сыртқы қабықшасының құрылысы және қызметі
2. Көздің ортанғы қабықшасының құрылысы және қызметі
3. Көздің қарашығы жане оның саңлауның реттелуі. Көздің қарашығын кеңейтетін және тарылтатын еттердегі М-холино және α-адренорецепторлары.
4. Көздің бейімделуі.
5. Жарықтықты сындыратын көздің құрылымы.
6. Көздің оптикалық жүйесі.
7. Көздің рефракциясы және оның ақаулары.
8. Көздің аккомодациясы және оның механизімі.
9. Көздің өткірлігі.
10. Көру алаңы.
11. Сыртқы қулақ физиологиялық маңызы және құрылыс ерекшеліктері.
12. Ортаңғы қулақтың жалпы қурылысы және физиологиялық маңызы.
13. Ішкі қулақтың жалпы қурылысы және физиологиялық маңызы.
14. Дыбысты Қабылдау теориясы.
15. Есту талдағышының орталық және рецепторлық, өткізгіш бөлемдері.
16. Есту зеріттеу әдістері.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Тәжірбиелік жұмыстарды орындау және талқылау, хаттама рәсімдеу, тест тапсырмаларын шешеу,. Жағдайлық есептерді шешу.
№1 Зертханалық жұмыс
Көздің өткірлігін анықтау.
Көздің өткірлігін анықтау әдісі көз ауруларын емдеу жұмысында қолданады.Сырттағы заттардың бейнесін анықтау үшін оларды түсі мен реңіне қарай бөлумен қатар, сол заттардың жеке бөліктерін де анықтайды. Көзге көрінген зат неғұрлым ұсақ болса, көздің өткірлігі соғұрлым жоғары болады. Көздің өткірлігі деп көздің бір- біріне өте жақын орналасқан нүктелердің әрбіреуін қабылдау қабілетін айтады. Орталық көру аймағы, яғни көру ағзасының кеңістіктегі заттың пішінін анықтау қабілеті сары дақ қызметіне байланысты.
Жұмыстың мақсаты: Көздің өткірлігін анықтау әдісін үйреніп алу.
Жұмысты орындау: Көздің өткірлігін анықтау үшін доктор Сивцевтің 12 түрді жолдан тұратын кестесі пайдаланылады. Әдетте 1 жолдағы әріптер 50 м. 10 жолдағы әріптер 5 м жерден көрінеді. Еестенің сол жағында әр жлдың тұсында әріптердің қалыпты жағдайда қандай қашықтықтан (д) көрінетіні жазылған. Көздің өткірлігін анықтау үшін кесте жерге іліп қойылады да, көз тексерілетін адам сол кестеден 5 м қашық жерге отырғызылады. Егер зерттелуші адам 10 жолдағы әріптерді анық көріп таныса, көздің өткірлігі 1-ге тең деп саналады. Ал ол 1- ші жолдағы әріпті ғана көрсе көздің өткірлігі 0,1 ге тең болады: 5 м: 50 м : 0,1. Көздің өткірлігі (ү) кестенің оң жағында жазылған.

№2 Зертханалық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет