2) Ситуациялық есептер №1 есеп. Аурухананың жер аймағының топырағын зертханалық зерттеу нәтижесінде ластанған ретінде бағаланған.
Бұл жағдай да Хлебниковтың санитарлы саны қандай болған?
№2 есеп. Аурухана салуға арналған жер аумағын санитарлы зерттеу нәтижесінде анықталған: коли титр-1; анаэробтар титрі-0,1; Хлебниковтың санитарлы саны-0,99, 1кг топырақта гельминт жұмыртқасы – жоқ; 0,25м2 ауданда шыбын жұмыртқалары мен қуыршақтары –жоқ.
Топырақтың эпидемиялық қауіпсіздік деңгейін бағалаңыз.
№3 есеп. Аурухана аумағының топырағының санитарлы жағдайын зертханалық бақылау мәліметтерінде санитарлы санының көрсеткіші бойынша топырақ аз ластанған, ішек таяқшасы титрі бойынша – ластанған, анаэробтар (Cl. perfringens) титрі бойнша – аз ластанған.
Гигиеналық баға беріңіз.
№4 есеп. 120 мың тұрғыны бар қала І Б климаттық ауданда орналасқан. Тұрғын ғимараттар суқұбырымен, кәріз жүйесімен және көмірді отын ретінде пайдаланатын жергілікті жылытумен жасақталған.
Шығарысқа жататын қатты қоқыстардың жалпы санын анықтаңыз.
№5 есеп. 100 мың тұрғыны бар қала 40% кәріздендірілген. Санитарлық тазарту базасы 15 қоқыс тасушы және 16 дана ассенизационды көлікпен жасақталған.
Сұйық және құрғақ қалдықтарды шығару үшін көлік санының жеткіліктілігін анықтаңыз.
№6 есеп.
Науқас И. 26 жаста, штукатуршы, сұрау барысында оның азаңғы және кешкі асты үйінен, ал түскі асты өзінің құрылыс комбинатында ішетіндігі анықталған. Науқастың айтуы бойынша 11 маусым күні тамақтанып болғаннан соң 2 сағаттан кейін өзін нашар сезініп үйіне қайтып кеткен. Науқас түскі аста ішкен шырынның жағымсыз дәміне назар аударған. Объективті мәліметтер: дене қызуы -37,1ºС, пульс-76рет\мин, тынысы өзгеріссіз. Іші жұмсақ. Асқазан аймағында біршама ауырсыну. Үлкен дәреті қалыпты. Жүрегі айниды. Науқас аузында жағымсыз дәмді сезінеді.
Тапсырма:
1. Ауруды анықтап, негіздеңіз.
2. Берілген жағдайда дәрігер қандай құжат толтыруы қажет?
3.Осы тәріздес ауруларды алдын алуда қандай гигиеналық шараларды ұсынасыз.
№7 есеп.
В науқасты тексеру барысында анықталды: науқас 30 жаста, колхозшы,, үйден тамақтанады. Тағадық азықтарды, соның ішінде ұнды колхоздан алады. 1 мамыр күні сағат 12 шамасында ұйқышылдық, қол саусақтарының жансыздануын, құмырсқа жүрісі сезімін, аяғы мен қолдарының жазылуының қиындауын сезінген. Содан соңбет бұлшықеттерінің жыбырлауы, жұтынуының қиындауы қосылған.Объективті мәліметтер: дене қызуы -36,8ºС, пульс пен тыныс жиілігі өзгеріссіз. Батыр бұлшықеттерінің құрысып дірілдеуі. Ішінің аз ғана ауырсынуы. Жүрек айну. Бас айналу. Соңғы 2 айда ауылда осы тәріздес 3 жағдай болған.
Тапсырма:
1. Ауруды анықтап, негіздеңіз.
2. Берілген жағдайда дәрігер қандай құжат толтыруы қажет?
3.Осы тәріздес ауруларды алдын алуда қандай гигиеналық шараларды ұсынасыз.
№8 есеп.
5 жасар баланы зерттегенде анықталды: 20маусымда түстен кейін №3 бала бақшаның орта тобы тәрбиешімен бірге серуендеуге шығып гүл терген. Серуендеу 1,5 сағатқа ұласқан. Келгеннен кейін тәрбиеші балада бетінің бірден қызаруын, дауысының шықпай қалуын және қарашығының үлкеюін байқаған. Объективті мәліметтер: бетінің қызаруы. Дене қызуы – 38,0ºС, пульс – 140рет/мин, күшпен. Тынысы жиі. Ауыз қуысының шырыштары құрғақ. Дауысының қарлығуы. Қаращықтары қатты кеңейген. Бала тітіркеген, көру галлюцинациясы бар.
Тапсырма:
1. Ауруды анықтап, негіздеңіз.
2. Берілген жағдайда дәрігер қандай құжат толтыруы қажет?
3.Осы тәріздес ауруларды алдын алуда қандай гигиеналық шараларды ұсынасыз.
№9 есеп.
Алғашқы көмек ретінде Е науқасты зерттеу барысында анықталды: науқас 18 жааста, студент, студенттер асханасынан тамақтанады. Науқаспен сөйлесу барысында 18 мамыр күні аузының құрғауын, жұтынуының қиындауын, көруінің нашарлауын (тұман тәрізді) сезінген. Дәретінде өзгерістер болмаған. Объективті мәліметтер: дене қызуы-36,8ºС. Пульс-70рет/мин, жақсы толысумен. Іші ауырсынбайды, басып көргенде жұмсақ. Қарашықтары кеңейген және жарыққа сезімталсыз, птоз, ауыз қуысы щырыштарының құрғауы. Дауысы қарлыққан, жұмсақ таңдайының аздап төмен түсуі.
Тапсырма:
1. Ауруды анықтап, негіздеңіз.
2. Берілген жағдайда дәрігер қандай құжат толтыруы қажет?
3.Осы тәріздес ауруларды алдын алуда қандай гигиеналық шараларды ұсынасыз.
№10 есеп.
Тәулік көлемінде медициналық көмекке колледждің 27 оқушысы жүгінген. Барлықтарында тіркелді: ішінің ауырсынуы, жүрек айну, жиі сұйық үлкен дәрет, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, әр түрлі дәрежедегі басының ауыруы. Барлық зардап шеккендер колледж асханасында тамақтанғаны, сонымен қатар оқушылардың көпшілігі шницель деп аталытын азыққа күдік тудырғандықтан қажеттілігіне қарсылық білдіргендігі анықталды.
Күдікті азықты алуға мүмкіндік болған жоқ, дегенмен асхана ыдыстарының шайындысында ішек таяқшасы анықталған.
Тапсырма:
1. Алдын ала қандай диагноз қойылуы мүмкін?
2. Зардап шегушілер қаралған емдеуші дәрігер қандай іс-әрекет жасауы қажет?
3.Химиялық заттардың қосылыстарымен шақырылған тамқтық улануды атаңыз.
№11 есеп.
Инфекциялық ауруханаға бір жанұяның адамдары (әкесі мен екі баласы)
Келесі клиникалық көріністермен жеткізілді: бас ауруы, ұйқысыздық, субфебрильді дене қызуы, тершеңдік, денесінің барлық бөлігінің ауырсынуы, бетінің ісінуі. Объективті: пальпацияда қабырғааралық бұлшықеттерінің бірден ауырсынуы, дауысының қарлығуы, қанда-лейкоцитоз және эозинофилия. Өзін соңғы тәуліктен науқаспын деп санайды. 1 апта бұрын ауылдан әкесі санитарлы-ветеринарлы сараптамадан өтпеген шошқа етін алып келген. Жанұяда етті қолданбаған анасынан басқасының барлығы зардап шеккен.
Тапсырма:
Науқастар қандай диагнозға күдікпен түскен, бұл ауру немен шақырылған?
Етті санитарлы – ветеринарлы сараптау жүргізу ережесін айтыңыз.
Қандай микробты емес тамақтан уланулар белгілі бір жағдайдағы улы азықтармен шақырылуы мүмкін?
№12 есеп.
Инфекциялық ауруханаға бір жанұяның адамдары бірдей клиникалық ауру көрініспен: диспепсиялық бұзылыс, көру қабілетінің бұзылуы (көзінің алдында тор сезінуі), аузының құрғауы, дауысының қарлығуы жатқызылды. Сөзі түсініксіз, балада тыныс алуы қиындаған. Дене қызуы қалыпты, есі сақталған. Жанұяның рационы соңғы 2 тәулікте: саңырауқұлақ сорпасы, қайнатылған шошқа еті, тартылған еттен котлет, үйде қуырылған шұжық, картопты езбе, голубцы, тұздарған қияр, консервіленген салат, үйде дайындалған консервіленген саңырауқұлақ.
Тапсырма:
Аталған ауру немен байланысты?
Аталған азықтардың қайсысы аурудың себебі болуы мүмкін?
Аталған азықтардан басқа қандай азықтар аталған ауруды шақыруы мүмкін?
Үйде дайындалған азықтарды қолдану мен дайындауда қандай жағдайды сақтау қажет?
№13 есеп.
1999ж Б. облысы Г. ауданының елді мекендерінде Чернобыль АЭС жарылуы нәтижесінде радиоактивті ластану болған, қоршаған орта нысандарының радиоактивті стронции-90 изотопымен ластанғаны зерттелген. Жергілікті өндірістің тағамдық азықтарының құрамында Sr-90; жануар өнімдерінде-25 Бк/кг; өсімік азықтарында-60 Бк/кг; ауыз суда-10Бк/л. Атмосфелық ауамен Sr-90 түсуі 1% аспаған және есептелінбеген. Жануар азықтарын ересек адамның тұтыну эквиваленті300кг сүт, өсімдік азықтарын 300 кг картоп болып табылады. Тәуліктік су тұтыну мөлшері 2кг –ға тең.
Аталған аймақтың адамдар ағзасына ауыз суымен және тағамдық заттармен жылдық түсуі тұрғысында стронциймен ластану дәрежесін бағалаңыз.
№14 есеп.
Чернобыль АЭС жарылған түні өндіріс аумағын қорғау санатындағы 600адам біршама сәулелену мөлшерін алған. Бұл адамдар барлық денесінің біртегіс сәулеленуіне тап болған. Олардың арасында 134 адамда орташа жеке мөлшері 3,4 Зв. Барлық 134 ликвидаторда жедел сәулелік ауру анықталған. Басқа ликвидаторларда жарылыстан кейінгі бірінші күндері орташа жеке мөлшері 0,56 Зв , вертолет ұшқыштарында -0,26 Зв, АЭСҚ қызметкерлерінде -0,087Зв құраған.
Ликвидаторлардың алған сәуле мөлшерлеріне, ары қарай еңбекке орналастыру тактикасы мен емдеуіне баға беріңіз.
№15 есеп.
Н. қаласының онкологиялық ауруханасындағы диагностикалық бөлімшесінің зертханасында бета-сәулеленуші изотоппен жұмыс жасайды. Зертханада 250см2 еден беткейінен шайынды алынған. Радиометриялық зерттеуден кейін шайындыдан 5,5*105бөлік/мин тең шайындының радиоактивті ластануы анықталған.
Зертханадағы еден беткейінің ластану деңгейіне қорытынды және қажет болған жағдайда оны төмендетуг ұсыныстар беріңіз.
№16 есеп.
Өндіріс мекемелерінің бірінде жұмыс аумағының шаңдануын өлшеу жүргізілді. Бірінші бөлмеде 40% 2мкм өлшемді кремнийдің бос қос тотығы бар шаң анықталған. Екінші бөлмедегі шаңның құрамы 10% SiO2-ден құралып, 20мкм бөлшектік өлшемдерін құраған.
Қай бөлмеде жағдай нашар?
Қандай шаң үлкен фиброгенді әсерге ие?
№17 есеп.
Шахтаны санитарлы зерттеу кезінде ауа сынамасы алынған. №1 сынама құрамында 2,0% кремнийдің бос қос тотығы бар көмір шаңы анықталғын. Бөлшектің өлшемдері 5-тен 12 мкм-ға дейін. Концентрациясы -9мг/м3. №2 сынама құрамында 2,0% кремнийдің бос қос тотығы бар көмір шаңы. Бөлшектің өлшемдері 0,5-тен 13 мкм-ға дейін. Концентрациясы -9мг/м3.
Сынамадағы шаң құрамына гигиеналық сипаттама беріңіз.
№18 есеп.
Өндіріс бөлмесінен ауа сынамасы аспирациялық әдіс арқылы алынды. Шаң сынамасын алғанға дейінгі сүзгінің салмағы – 428мг, сынама алғаннан кейінгі салмағы – 439мг. Аспирация ұзақтығы – аспирация жылдамдығы 20 л/мин болғанда 25 мин. Сынама алу орнындағы ауа температурасы 20ºС, барометрлік қысым 750мм.с.б.б.
Қалыпты жағдайға сығылған ауаның көлемін ескере отырып ауадағы шаң концентрациясын анықтаңыз.
№19 есеп.
Өндіріс бөлмесінен ауа сынамасы аспирациялық әдіс арқылы алынды. Шаң сынамасын алғанға дейінгі сүзгінің салмағы – 335мг, сынама алғаннан кейінгі салмағы – 343мг. Аспирация ұзақтығы – аспирация жылдамдығы 20 л/мин болғанда 25 мин. Сынама алу орнындағы ауа температурасы 20ºС, барометрлік қысым 748мм.с.б.б.
Қалыпты жағдайға сығылған ауаның көлемін ескере отырып ауадағы шаң концентрациясын анықтаңыз.
Шаң концентрациясы ШРЕМ-ға сәйкес келе ма, егер онда SiО2 құрамы 70%-дан жоғары болса?
№20 есеп.
Цехтың емханасына 35 жастағы жұмысшы жағдайының нашарлауына, ұйқысыздыққа, есте сақтау қабілетінің төмендеуін, себептіз қорқу сезімдерінің пайда болу шағымдарымен келген.Тексеру нәтижесінде астено-вегетативті синдром, алға созылған қолдарының ассиметриялық дірілдеуі, ауыз қуысында-гингивит пен стоматит, десналарда қара ойықтар. Қанда-лимфо- және моноцитоз анықталғын.
Кәсіби улану диагнозын қалай нақтылаймыз, зиянды факторлардың организмге әсер ету жолы қандай?
Аталған жұмысшыға қатысты және тұтасымен химиялық комбинатта қандай алдын алу шаралары қажет?
Аталған өндіірісте кәсіби улануларды алдын алу үшін қандай шаралар қажет?
№21 есеп.
Қалалық СЭС-тың жоспарлы ағымды қадағалау жүргізуінде емхананың рентген бөлмесінің еңбек жағдайын зерттеу барысында қызметкердің сыртқы сәулеленуі 100мБЭР, жылға есептегенде 5 БЭР беретіндігі бекітілген.
Рентген кабинетіндегі еңбек жағдайына гигиеналық баға беріңіз.
Берілген жағдайда қандай кәсіби ауру болуы мүмкін?
Радиацияның қандай алшақ әсерлері болуы мүмкін?
Қандай радиацияға қарсы шараларды күшейткен жөн?
№22 есеп.
35 жастағы ер адам көмір шахтасында 10 жылдан бері жұмыс жасайды. Емханаға көкірек аймағында тұрақсыз сипаттағы ауырсынуға, физиикалық күштемеде ентігуге, сирек жөтелге шағымданып келген. Рентгенде: өкпе суретінің күшеюі фонында екі өкпенің перифериялық аумағында 2-4мм майда, домалаққараюлар байқалған. Тыныштықта аспирациялық әдіспен шаң сынамалары алынды. Тыныштықта шаңның концентрациясы 55мг/м3. Құрамындағы кремний қос тотығы 10 %. Шаң препаратындағы шаң дисперстілігін анықтағанда шаңдардың басым бөлігі 2мкм-ге дейінгі өлшемдерге иелігін көрсетті.
Диагноз қойып, кәсіби аурудың дәрежесін анықтаңыз.
Қандай зиянды кәсіби фактор аурудың себебі болуы мүмкін?
Бұл жағдайда қандай құжаттар толтырылады?
Берілген жағдай бойынша гигиеналық, профлактикалық және оңалту шараларын ұсыныңыз.
№23 есеп.
Жанұялық дәрігерге 35 жастағы қала сырты аймағындағы жылыжай шаруашылығының жұмысшысы науқас К., үнемі бас ауруына, тітіркендігіштігінің жоғарылауына, ұйқысыздыққа шағымданады. Жылыжай жұмысшысын зерттеу кезінде астено-вегетативті синдром, асқазан жарасы ауруларының белгілері анықталған. Қанның биохимиялық зерттеуінде белсенді холинэстеразаның 30%-ға төмендегендігі анықталған.
1.Кәсіби улануға диагноз қойыңыз, ағзаға зиянды фактор әсерінің қай жолы орын алғын?
2.Еңбек жағдайына байланысты диагнозды қалай негіздейміз?
3.Тұтас жылыжайлық шаруашылық пен берілген жұмысшыға байланысты қандай гигиеналық және оңалту шаралары қажет?
№24 есеп.
Түсті метал құюмен айналысатынжұмысшыларға кезекті медициналық бақылау кезінде перифериялық қан өзгерістері: ретикулоцитоз,эритроциттердің базофильді түйіршіктелуі, гемоглобиннің төмендеуі анықталған. Қарағанда терісінің сұр түсі, қызыл иек шеттерінде сұр түсті ойықтар анықталады, қанда ауыр металдары қосылыстарының сынамасы оң мәнге ие, зәрде бұл сынама теріс, құрамындағы порфирин жоғарылығы анықталған.
1.Кәсіби улануға диагноз қойыңыз, ағзаға зиянды фактор әсерінің қай жолы орын алғын?
2.Еңбек жағдайына байланысты диагнозды қалай негіздейміз?
3.Тұтас жылыжайлық шаруашылық пен берілген жұмысшыға байланысты қандай гигиеналық және оңалту шаралары қажет?
№25 есеп.
Емханаға 41 жастағы бензин тасымалдаушы автоцистернаның жүргізушісі басының ауыруына, бас айналуына, әлсіздікке, жүрек соғуына, жүрек айнуына, жалпы денесінің дірілдеуіне, жүрек аймағында қысылу сезіміне, тамағы мен көзінің ауырсынуына шағымданып келген. Өзін үш күннен бері ауру санайды, соңғы рет автоцистернаны жуғаннан кейін көзінің жасаурауы, бас айналуы, әлсіздік, жүрек соғуы, содан сон ұйқышылдық, болбырлық, жөтел болған. Объективті: шырышты және тері қабаттары өзгеріссіз, АҚҚ 80/60мм. с.б.б., пульс 54рет/мин, дене қызуы 35,6°С, жүрек тондары тұйықталған. Үлкен дәреті қалыпты.
1.Кәсіби улануға диагноз қойыңыз, ағзаға зиянды фактор әсерінің қай жолы орын алғын?
2.Еңбек жағдайына байланысты диагнозды қалай негіздейміз?
3.Тұтас жылыжайлық шаруашылық пен берілген жұмысшыға байланысты қандай гигиеналық және оңалту шаралары қажет?