Мультимедиалық презентацияны бағалау көрсеткіштері: мазмұны СӨЖ-дің мақсатын ашуы қажет, анықтамалар, түсініктер қысқа, нақты, толық мәлімет беретіндей болу керек. Презентация мәтіні - қатесіз, ғылыми терминдерді қолдану, кейінгі ақпарат пен қамтамасыз етілуі тиіс.
-Тест сұрағын құрастыруға қойылатын талаптар:адекваттылық,
мәтіні түсінікті, қарапайым, күрделілігі бірінші деңгейдегі, бір дұрыс жауап болуы қажет. Тест сұрақтар түрінде құрастырылмайды. Тақырып бойынша 20 тест тапсырмасын құрастыру керек.
-Жағдайлық есептерді құрастыруға қойылатын талаптар: жағдайлық есеп берілген тақырыпқа сай, қосымша материалдарды қолдануға мүмкіндік беретін, өзекті, қойылған сұрақтар (3-4) нақты әрі толық болуы шарт. Жағдайды сипаттау, берілген сандар мен фактілер түсінікті, нақты болуы керек. Құрастырылатын жағдайлық есептің саны 5-тен кем емес. . Формат А4 Times New Roman, шрифт 14, шеті жоғары, төмен, оң жағы- 2 см, сол жағы - 3 см;
Қосымша №2
Жұмысқа белсенді қатысса, шынайы ойлау қабілетін көрсетсе, тақырыпты меңгеруде терең білім көрсетіп, талқылауда басқа пәндердің ғылыми жетістіктерін пайдаланса қойылады.
Жақсы В+ (85-89%);
В (80-84%);
В- (75-79%) баға сәйкес.
Жұмысқа белсенді қатысып, тақырыпты меңгергенін көрсетсе, қағидасыз түсінбеушіліктер не болмашы қате жіберіп, оны студенттің өзі жойса қойылады.
Қанағаттанарлық С+ (70-74%);
С (65-69%);
С- (60-64%);
D+ (50-54%) баға сәйкес.
Жұмыс барысында белсенді болмаса, түсінбеушіліктер не қате жіберіп, материалдарды жүйелендіруде үлкен қиындық-тарға тап болса қойылады.