Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады. Жоғары мектеп педагогикасы теориясында зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі – педагогикалық модельдеу мәселесі. Жоғары білім беруді модернизациялау ең алдымен оның мазмұнын терең жаңартумен байланысты. Тек қана информатика пәнінің мұғалімі ғана емес, сонымен бірге кез келген пән мұғалімінің ақпараттық технологияны меңгеруі – жаңа тұрпатты мұғалімге тән басты белгі деп айтуымызға болады. Жаңа тұрпатты мұғалімнің ақпараттық технологияны меңгеруі жоғары
оқу орнында қалып-тасатын болғандықтан, оқытушылардың ақпараттық сауаттылығы, олардың кәсіби деңгейінің заманауи талаптарға лайық болуы, студенттердің ақпараттық құзіреттілігін қамтамасыз ету, олардың барлық оқу формалары бойынша іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру қажеттігі туындайды.
Қазіргі мектеп оқушыларын тәрбиелеуде үлкен орын алатын мәселе – ол мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Осыған байланысты В.Симоновтың мамандық шеберлігінің мінездемесін қарастыруғы болады.
Ол мына төмендегідей:
Кесте 1
В.Симоновтың мамандық шеберлігінің мінездемесі
Р/с
|
Оңтайлы
деңгей
|
Қалыпты деңгей
|
Сыни деңгей
|
|
1. Жеке тұлға ретінде индивидуалдық мінез бітісі
|
1.1
|
Жоғарғы жүйке жүйесінің күшті,
тепе-тең типі.
|
Жоғарғы жүйке жүйесінің күшті, тепе-
теңдігі қозғалмалы.
|
Жоғарғы жүйке жүйесі инертті, әлсіз
тип.
|
|
4 — кестенің жалғасы
|
|
1.2
|
Басшылыққа
ұмтылу.
|
Қаталдық.
|
Шамадан тыс
қаталдық.
|
1.3
|
Өзіне
сенімділік.
|
Өз-өзіне
сенімділік.
|
Өзін- өзі жақсы
көру.
|
1.4
|
Қатаң талап
қоюшылық.
|
Талапқа
бағынбау.
|
Қаталдық.
|
1.5
|
Тіліктестік,
ықыластық.
|
Дербестіліктің
жеткіліксіздігі.
|
Шамадан тыс
конформизм.
|
1.6
|
Гипертимдік.
|
Тақуалық.
|
Демонстративтік, қызбалық.
|
1.7
|
Эмотивтілік.
|
Бөгелуші.
|
Дистимділік,
қобалжушылық.
|
|
2. Қарым – қатынас құрылысындағы мінез бітістері
|
2.1
|
Демократиялық
қарым – қатынас.
|
Авторитарлық
қарым – қатынас.
|
Либералды
қарым – қатынас.
|
2.2
|
Ұстанымды сұрақтарға байланысты конструктивті дау –
жанжал.
|
Оқушылармен ұжым мүшелерімен дау – жанжалға түспеу.
|
Көптеген сұрақтарға байланысты деструктивті дау- жанжал.
|
2.3
|
Ұжым
мүшелерімен бірлесуге ұмтылу.
|
Ұжым
мүшелерімен қарсылықта болу.
|
Компромисс, үнемі бейімделу.
|
2.4
|
Өзін-өзі
|
Өзін-өзі бағалау
|
Өзін-өзі бағалауы
|
|
бағалауы қалыпты.
|
төмен.
|
жоғары.
|
2.5
|
Ұжымда бөлектену деңгейі 0-
ге тең
|
Бөлектену деңгейі 10 %.
|
Бөлектену деңгейі 10 % жоғары.
|
|
3. Оқушының мамандық шеберлігінің бітістері
|
3.1
|
Материалды еркін жеткізу.
|
Тек өз пәнін
білу.
|
Тек қана
конспект бойынша жұмыс жүргізу.
|
3.2
|
Оқушының психологиялық жас ерекшелігімен, іскерлігімен санасу.
|
Оқушының жас ерекшелік, педагогикалық
психологиясы туралы білімнің болуы.
|
Жас ерекшелік, педагогикалық психология туралы білім жоқ.
|
3.3
|
Оқушылардың атын атайды.
|
Оқушылардың фамилиясын атайды.
|
Оқушыларға
қарым-қатынасы тексіз.
|
|
4 — кестенің жалғасы
|
|
3.4
|
Мәнерлі қимыл қозғалыс, сырқы пішімі әдемі.
|
Қимыл- қозғалысы мәнерсіз, киім пішіні
стандартты.
|
Шамадан көп қимыл-қозғалыс, киім пішіні қисынсыз,
салақ.
|
3.5
|
Сөйлеу
қарқыны 1 минутта
120-130 сөз.
|
Сөйлей қарқыны 1 минутта 120 сөзден төмен, дауысы ақырын, қыстырма
сөздерді көп
пайдаланады.
|
1 минутта 150 сөзден жоғары, сөзі ұғынықсыз, сөздерінің аяғын жұтады.
|
3.6
|
Тез жауап қайтару, шешім таба
білу.
|
Абдырап қалу, жауапқа шешім
табудағы реакция.
|
Реакция әлсіздігі, шешімнің жоқтығы.
|
3.7
|
Нақты мақсатты анық анықтау.
|
Жалпы мақсатты ғана бағдарлау.
|
Мақсат тұтастығының болмауы.
|
3.8
|
Барлық
оқушылардың оқу әрекетін
ұйымдастыра алу.
|
Көптеген
оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыра алу.
|
Көпшіліктің пассивтігі, тек қана жекелеген
оқушылармен жұмыс.
|
3.9
|
Оқу материалын түсінгенін үнемі
тексеру.
|
Түсіну деңгейін үнемі тексермейді.
|
Түсіну деңгейін ешқашан тексермейді (түсіндіру барысында)
|
|
4. Мамандық іс-әрекетінің тиімділігі
|
4.1
|
Оқу әрекетінің
|
Оқу әрекетінің
|
Оқу әрекетінің
|
|
нәтижелігі 85 %,
одан жоғары.
|
нәтижелігі 65-84 %.
|
нәтижелігі 45-64%.
|
4.2
|
Өзіне талапты жоғары деңгейге
қоюдағы жұмыс.
|
Орташа талап
қою.
|
Талап қою деңгейі төмен.
|
4.3
|
Үйрену деңгейі
64-100%.
|
Үйрену деңгейі
36-63%.
|
36 % төмен.
|
4.4
|
Оқытушы рейтингісінің ұпайы
4,4 одан жоғары.
|
3,8- 4,3 ұпай.
|
3,8 ұпайдан төмен.
|
Ұпай
саны
|
100
|
75
|
50
|
Оқыту процесінде тәрбие жұмысын тиімді жүргізе білу, оқушыда жоғары адамгершілікті, патриотизм сезімін, еңбексүйгіштік, дербестікті қалыптастыру білігі педагогтық шеберліктің тағы бір элементін құрайды.
Осылайша, пәні мұғалімі қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген, білім беру процесін басқара алатын, тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы тұлғасының дамуына бағыштап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет.
Ең алдымен мұғалім жан-жақты білімдар, өмірдің әр саласынан хабары бар, әртүрлі жағдайда жол тауып шыға алатын, мектеп өміріне байланысты барлық мәселені түсініп шеше алатын, әртүрлі сұраққа жауап бере алатын адам болуға тиіс.
А. С. Макаренко өзін талантты педагогпін деп есептемеген, бірақ көп еңбектендім, сондықтан шеберлікті меңгердім деген. Осы сөздің байыбына барып қарасақ, шеберліктің негізі еңбекте екен.
Такт - бұл адамдармен қарым-қатынасты реттеуге көмектесетін жағымды категория болып табылады.
Гуманизм қағидасына (принципіне) негізделе отырып, әдептілік, мінез-құлық, жүріс, тұрыс өте киын және қарама қайшылықты жағдайларда адамдарға деген құрмет, ізеттің сақтауын талап етеді.
Әдепті болу - әрбір адамға өнегелі, әдепті болуды талап етеді, әсіресе ол мұғалімге, себебі мұғалім жеке тұлғаның дамуына қатысып, өзіндік қасиеттерді қалыптастырады.
Педогогикалық такт - мұғалімнің кәсіби санасына, шеберлігінің бөлігі. Педогогикалық такт жалпы такт түсінігінен мыналар арқылы ерекшеленеді: мұғалімнің жеке, өзіндік қасиетін (әдептілік, кұрмет, балаға деген мейрім, кішіпейілдік) белгілейді.
Сонымен, педагогикалық такт - бұл оқытушы мен оқушының орынды іс-әрекетіндегі педагогикалық өлшем бірлігі, карым-қатынастың өнімді стилін кұра білу шеберлігі. Педагогикалык такт оқушылармен қарым-
қатынасқа түсу барысында сыйлай отырып, мүғалім балаларға қүрмет көрсетуге міндетті.
Педагогикалық такт - мұғалімнің салмақты, байсалды мінез- құлқынан көрініс табады.
Педагогикалық такт - мүғалімнің мінезіндегі жоғары гумандылық, оқушының қасиетін құрметтеу, әділдігі жэне әрекетіндегі балаға, ата- аналарға, еңбек бойынша әріптестеріне катысты шыдамдылығы мен өзін-өзі ұстай білуінің сана-сезімдік өлшемі; педагогикалық этиканы іске асыру формаларының бірі.
Өзіндік жұмысты мұғалім сенімімен бакылау керек. Практиканы мұғалімге оқушыларды ұдайы тексермей-ақ, олардың әрбір қозғалысын бақылауға болады. Мұғалім мен оқушы арасындағы дау-жанжал бұл мұғалімнің тактісінің дұрыс қалыптаспауының себебінен туындайды.
Мұғалімге такт сабақтың барлық этабында қажет. Әсіресе, оқушылардың білімін бағалау, тексеру кезінде көңіл аудару керек. Мұнда такт оқушының жауабын тыңдауға шеберлігін білдіреді: жауаптың формасына мазмұнына көңіл аудару, қиын оқушыларға төзе білу.
Барлық окушы жауап беру кезінде өзіне көңіл қойып тыңдағанды, жақсы көреді. Жауап беру барысында қолдау көрсету: жақсы көзқарас, күлімдеу, мимика, сонымен қатар баға қою кезінде өте маңызды болып есептеледі. Сонымен педагогикалық такт мұғалімнің мінез-кұлқы, жүріс- тұрысы. Өйткені, педагог оқушының алдында әртүрлі рөлге еніп шығады.
Сабақта - айқындық, қаталдық, кластың берілген тапсырмаға дайын болмаған жағдайда өзін-өзі ұстай біліп, салқын қанды болу керек. Сыныптан тыс жұмысты - еш зорлыксыз, сырластықпен, әсіресе жеке тұлғамен сұхбат жүргізу тиімді.
Тәрбие беру ісіндегі аса маңызды жайттардың бірі - педагогикалық такт. Педагогикалық такт деп мұғалім бойындағы мақсатқа сай адамгершілік сезімді айтады. Мұғалім оқушыларға педагогикалық ықпал жасайды.
Ықпал окушылар арасындағы мұғалімнің беделі мен өнегесі. Мұғалім қайда болмасын тек оқушылар үшін ғана емес, бүкіл жұртшылық үшін үлгі- өнеге. Ол әркез көпшіліктің бақылауында болады.
Өзін-өзі үйлесімді ұстай білетін, ілтипатты, қарапайым, әділетті болуында тактыға жатады. Әділетті ұстазды бола әр кезде бағалап, сыйлайды. Үлгі тұтады. Ол бала жүрегіне жол тапқан үнемі ұмтылмайтын, педагогикалық істің шебері.
Қорыта айтканда мұғалім - шынайы адамгершіліктің үлгісі. Ол өзінің ана тілінің әдеби және ғылыми сөз байлығын жете меңгерген, өз ұлтының әрі дүние жүзінің рухани игіліктерін бойына молынан сіңірген зиялы адам болуы керек.
Педагогтык әдеп - мұғалімнің ең жақын кәсіптік белгісі. Ол әртүрлі әрекет саласында педагогтың балалармен дұрыс қарым-қатынас жасауы. Жалпы әдеп «жұғысу», «адамдар арақатынасының түрі» мағынасында қолданады. Ал этикалық сөздікте «әдеп» адамдар арасындағы қатынастың
ерекшеліктерін, мінез-құлық кодексін айтады. Бірақ бұл анықтама толық емес.
Педагогтық әдеп - этика ғылымының салыстырмалы дербес белімі. Ол педморальдің ерекшеліктері мен кәсіптік ортадағы өнегелік қатынастарды зерттейді. Педагогтык әдеп - мұғалімдер арасындағы пайда болған қарым-катынастың ерекшеліктерін, мінез-құлқының, киінуінің, балалармен карым-қатынасының жэне т.б. жиынтығын білдіреді. Мұғалім кәсібінін ерекшелігі ең алдымен оның педагогтық әдебіне жатады. Әнші немесе музыкант үшін музыканы ұғу қандай қажет болса, мұғалім үшін педагогтық әдеп сондай қажет.
Педагогтық әдеп-жастардың тәлімгері ретінде өзіне койылатын әлеуметтік үмітті тепе-тең қабылдау негізінде құрылатын мұғалімнің мінез- құлқы. Бұл педагогтың шәкірттерімен, олардың ата-аналарымен және әріптестерімен дұрыс қарым-қатынасты қолдау іскерліктер мен өлшемдерді сезіне алуы арқылы көрінеді.
Педагогтық әдеп оқуда да, тәрбиеде де өте қажет. Оның рөлі тәрбие жұмысында тіпті ерекше. Әдеп әлемінен алыстау кезінде мұғалімнің тәрбиесі нәтиже бермейді. Моральдық сенімді, ынта, ықылас және талғамды күштеп қалыптастырмайды. Қалыптастыру үшін амал біреу: балалар мұғалімдерін шексіз сүйіп, құрметтеуі керек. Балалар көбінесе ескертпе жасағыш, сол аркылы өздерінің артықшылықтарын көрсетуге, үстемдік жүргізуге тырысатын мұғалімдерді жүре тыңдайды. Сондықтан, педагогтық әдепті сақтамайынша, олармен тіл табысу мүмкін емес. Белгілі психолог М. Д. Левитов айтып көрсеткендей, педагог әдептен құр қол болса, балалардың әрекетіне залалы тиеді, олардың бойында кейін түзетуге қиын соғатын неше түрлі жаман әдеп, кылықтардың пайда болуына себеп болады. М. Д. Левитовтың байқауынша, мұғалімнің әдеп әлемінен алыстығы, оқушыларды тұйықтыққа, сенімсіздікке, жаман оқуға бастап, тәртіп бұзуға итермелейді. Олар мұғалімге өшігіп, бәрін теріс ұстауға бейім тұратын көрінеді. Әдетте, әдепті адамдарды олардың кішіпейілділік, басқаны түсіне білушілік, жылы шырайлық, тапқырлық, елгезектік, өзгенің пікіріне құлақ салушылық, ұстамдылық, байсалдылық, сияқты мінез-құлық белгілеріне қарап тануға болады.
Жалпы әдеп және педагогтық әдеп бар. Кез келген тәрбиеші, мәдениетті адамның бойынан педагогтық әдеп табыла бермейді. Педагогтық әдеп - медициналық қызметкерлерінің дәрігерлік этикасы сиякты мұғалімнің кәсіптік белгісі. Педагогтардың кейбіреулері педагогтық әдеп - мұғалімнің балаларды баурап алатын табиғи қабілеті десе, енді біреулері - мұғалімнің жалпы мәдениетінің құрамдас бөлігі, ал үшіншілері - пәнді жетік білу және оның әдістемесін жақсы меңгеру деп есептейді. Бұл айтылғандардың барлығы да қай-қайсысында педагогтық әдептің азды-көпті белгілері бар. Педагогтық әдепті мұғалімнің жалпы мәдениеті тәртібі жэне жалпы әдістемелік сауаттылығымен қою кате. Педагогтық әдеп мұғалімнің барлық жақсы қасиеттерімен жымдасып жатады, бірақ өзіндік ерекшелігі
болады. «Педагогтық әдеп дегеннің өзі, шын мәнінде психологиялық әдеп»,
деген болатын К. Д. Ушинский.
Педагогтық әдеп тек қана педагогтық мораль принциптерінің мәнін қарастырып қоймай, олардың категорияларының мәнін де қарастырады.
Категориялары:
1. Кәсіби педагогтық борыш. 2. Педагогтық әділеттілік (әділдік), абырой. 3. Педагогтық беделділік.
Педагогтық әдептің басты ерекшелігінің бірі - мұғалім жас буынға моральдық тәрбие беру процесінде қайталау аркылы емес, бүкіл оку-тәрбие жұмысын адамгершілікке тэрбиелеу ісімен тығыз ұштастыра білуге байланысты болмақ. Бұл мұғалімнен принципшілдік пен жауапкершілікті талап етеді.
Ұстаздың білімділігі жастардың моральдык қасиетін өзінен-өзі қалыптастыра алмайды. Адам білімді болуы мүмкін, бірақ оның мінез- қүлқы, адамгершілік касиеті кейбір жағдайларда оның біліміне қайшы келуі мүмкін. Өмірде кейбір білімді адамдар арасынан мораль нормасы мен принциптері қайшы келетін, сөзі мен ісі арасында алшақтық бар адамдар да кездесіп отырады.
Педагогтық тактика мұғалімнің бір сөз тіркесін сан құбылтып айтатын алуан түрлі дауыс ырғығы, күлімсіреу, әсерлі көзқарас, ымқимылдарының жинақталған шоғыры. Сан құбылатын дауыс ырғағының ішінен тек бажылдауды, ал бар сөздік құралдардан: «Қимылдама», «Үніңді шығарма»,
«Сөйлемей отыр» деген сияқты мезі болған сөздер жиынтығын қолданатын
«техникалык» жағынан қаруланбаған мұғалімдердің табысқа жетуі шамалы болады. Әсер ету құралдарын ұзақ қолдануға болмайтындығы белгілі. Олар
«тозады». Егер, ол педагог өз тактикасын өзгертпесе, ол өз оқушыларының көңілінен шықпайды.
Оқытушы педагогтык техниканы да меңгеруі тиіс. Ол калай тұру, қалай отыру, орындықтан қалай тұру, дауысты қалай көтеру, қалай жымию, калай қарау, дауысты ұстай білу, сыңай білдіру, көз тастау өнері,т.б. педагог үшін дауысты билей білу маңызы зор. А. С. Макаренко дауысты мұғалімнің жұмыс аспабы деді.
Педагогтың жеке дара мәдениеті - тұлға әлемі. Мәдениет - адам әрекетінің саналы қызметінің көрінісі. Мұғалім мәдениеті өзін-өзі жетілдіру үшін педагогикалык еңбектердің мақсаттарын және оларға жету тәсілдерін еркін таңдауға мүмкіндік беретін кәсіби іс-әрекет пен өзіндік сана сезім негізінде колданады. Іс-әрекеттің және интеллектуалды тәжірибесін меңгеру жайында туындайды.
Мұғалім заманауи жаңалықтардан хабары мол, өз пәнін жетік білетін, жаңа озық іс-тәжірибеден өз қажетін тауып, өз керегіне жарата білетін, кәсіби шеберлігін ұштай жүретін, жаңалықты сезіне білетін, оны өз пәнін оқыту әдістемесіне батыл енгізе білетін жан.
Инновациялық мәдениет, ең әуелі мұғалімнің оқушымен қарым- қатынасынан көрінеді. Үлкеннің кішіге бұйыруы, ақыл айтуы және осыны істе деген үзілді кесілді талабымен емес, оқушыны өзін тең тұтып, жасы
кіші болғанымен, ой-білігі қатарлас әріптес ретінде тануынан, қарауынан мұғалімнің мәдениеті, ішкі жан дүниесінің байлығы байқалып тұрады.
Мұғалім білікті де білімді болса, оны шәкірт тез таниды, сыйлайды. Сыйластық карым-қатынастың бұзылуы, оқушының мұғалім тапсырмасын орындамауынан, орындағысы келмегеннен басталады. Мұғалім мәдениетінің тағы бір шарты - өз талабын орындата алуы. Мұғалімнің өз шәкіртінің жай күліп түсініп оған дем беруге, көмек көрсетуге дайын тұруы, бәрінен бұрын шәкірттің еңбегін әділ бағалауы да мәдениеттіктің белгісі.
Ұстаздық әдеп - мұғалімнің көркі. Сондай-ақ, мұғалім мен мұғалімнің қарым-қатынастағы ең маңызды көрсеткішінің бірі -ұстаздық әдепті сақтау. Ұстаздық әдеп - инабаттылық, әділеттілік, ұстанымдылық, адамгершілік және т.с.с. қасиеттерден көрініс беруі тиіс. Ұжымда бір істейтін әріптестерінің арасында түсінбестік, дау-дамай, кикілжіңдер кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайда әр педагогтың өзін ұстауы, өзін сыйлай білуі, өзгені сыйлай білуі, ойы, сөзі ұстазға тән ерекшеленуі керек. Баланы түсінбестікке бола өз басының жалпы ұстаз беделін түсірмеуі керек. Сондай-ақ, мынадай кемшіліктер мен келеңсіздіктерге қарсы тұрып, оларды жеңе білуі тиіс: шаршап шалдығушылық, ұйқысыздық, аурушаңдық, басқа адамдар туралы теріс ой-пікірлер айту, өзінің жұмысына салактық, немқұрайлык, таныту, ашуланшақтық, ынжықтық, орынсыз ұялшақтық және т.б.
Сендіру - адамдардың өзара әрекеттік қарым-қатынас жасау процесінің құралы болып табылады. Сендіру обьективтік процесс. Сендірудің элементі педагогикалық іс-әрекетте практика барысында орын алады. Дұрыс ұйымдастыруды сендіру оқушыларды белсенділігін арттырады, ынталандырады. Сендірудің әр түрлі түрі педагогикалық іс- әрекеттің амалының арнасын кеңейтеді, мұғалім оқушымен жеке жұмыс барысында жақсы әрі тактиканы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сөздің көмегімен оқушыларға сергектік сезімін немесе үрей, қуаныш немесе қорқыныш, өзіне сенімділік немесе сенімсіздік, қызығушылық не зерігу, сенім немесе күмән т.б. сезімдерді тудыруымыз мүмкін.
Келіспеушіліктер әртүрлі себептердің салдары болуы мүмкін. Педагогикалык ұжымдағы тұлғаарлық келіспеушіліктер бірлескен педагогикалық әрекет процесінде орныққан өзара байланыстардың бұзылуына байланысты туындайды. Ол педагогикалык ұжымда орын алатын келіспеушіліктің негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады.
Бірінші топ - кәсіптік-педагогикалық әрекетті мақсатқа жетуге кедергі келтіретін, іскерлік байланыстардың болуынан туындайтын кәсіптік келіспеушіліктер. Бұндай келіспеушіліктер жұмыстағы ынтасыздықтан, мұғалімдердің әрекет мақсатын түсінбеуінен және өз ісін жете білмеуінен туындайды.
Екінші топ - педагог мінез-құлқының өзара қатынас нормасына сай келмеуінен туындайды. Ол педагогтың өз әріптестерін және оқушыларға көрсеткен әдепсіздігі, кәсіптік этика нормаларының бұзылуы, ұжым талабын орындамау және т.б. түрінде көрініс береді.
Қорыта келгенде, ұстаздың әдепті сақтау үшін шәкірттерге талаптарды мына тұрғыдан қойган жөн:
Сабақты шәкірттердің белгілі бір тобының қабілетіне лайықтап, олардың бос отырмайтындай қаркынды жүргізу;
Тәртіп бұзушыларға үсті үстіне тапсырма беріп қою керек;
Балаларға орынсыз тіл тигізбеу;
Оқушылардың болымсыз қылығына ескерту жасау;
Сыныпта тәртіп орнатуға басқа адамдардан көмек сұрамау;
Бүкіл сыныппен немесе олардың басым көпшілігімен айтыс тартысқа түспеу,егер ондай жағдай болса, келісімге келу;
Шәкіртті марапаттау;
Балалардың көңіл күйін көтеріңкі ұстау;
Бағалау, мақтау немесе кінәлау әдейі болып, соған баланың көзін жеткізу;
Сынып жиынында балаларға еркіндік беріп, шэкірттер өз ойлрын айтып, ұстаздар одан қорытынды шығарғаны жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |