Курсы мамандығы: «5B010300-Педагогика және психология»



бет25/60
Дата10.03.2023
өлшемі302,06 Kb.
#72891
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60
Байланысты:
Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор

Білім беру – қоғам санасында сақталған әлеуметтік эталондарға, белгілі бір идеалды образдарға саналы бағытталған тұлға әлеуметтенуінің, дене және рухани қалыптасуының біртұтас процесі. Ал, білімі – оқыту нәтижесі, оқушының меңгерген білімдер, іскерліктер, дағдылар және ойлау әдістері жүйесі.
Оқыту - білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды меңгертуге, дүниетанымын қалыптастыруға, ақыл-ойын және потенциалдық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған мұғалім мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылған, мақсатты және басқарылатын өзара әрекет ету процесі.
Тәрбие – педагогикалық процесс жағдайында жеке адамның қоғамдық тәжірибені игеруге үшін бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдау және ұйымдастыру.
Педагогика басқа да ғылымдар сияқты сипаттау, суреттеу, түсіндіру және болжау функцияларын атқарады. Бұл функциялар бір-бірімен тығыз байланысты. Бірақ педагогика ғылымының объектісі әлеуметтік- гуманитарлық сферада жатқандықтан оның өзінің ерекшеліктері бар. Педагогика педагогикалық шындықты объективті көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар оны өзгертуі, жетілдіруі қажет. Сондықтан педагогика ғылымынң екі функциясын атап көрсетеді.
Педагогиканың теориялық функциясы үш деңгейде іске асырылады:

  1. сипаттау немесе түсіндіру – озық педагогикалық тәжірибені зерттеу;

  2. диагностикалық – педагогикалық құбылыстардың, оқушы мен мұғалім іс-әрекетінің тиімділігін анықтау, оларды қамтамасыз ететін себептерді, шарттарды анықтау;

  3. болжамдық – педагогикалық шындықты экспериментальды зерттеу, солардың негізінде сол шындықты түрлендіру моделін жасау.

Технологиялық функция да үш деңгейде іске асырылады:

  1. проективтік, әдістемелік материалдарды дайындаумен байланысты (оқу жоспарлары, бағдарламары, оқулықтар және т.б.);

  2. түрлендіруші – педагогикалық ғылым жетістіктіктерін білім беру практикасына енгізу;

  3. рефлексивтік және түзетушілік – ғылыми зерттеу нәтижелерінің оқыту мен тәрбие практикасына ықпалын бағалау және ғылыми теория мен практикалык іс-әрекеттің өзара әрекеттеріне түзетулер енгізу.

Тәрбие жүйесінің дамуында Ежелгі грек философтарының көрнекті қайраткері Демокрит (б.э.д. 460-470ж.ж). оның афоризмінің мәні бар “табиғат пен тәрбие бірдей. Тәрбие адамды қайта құрастырып, одан табиғатты шығарады”. Педагогиканың теоретиктері ірі Ежелгі грек ойшылдары Сократ (б.э.д. 427-347), Аристотель (384-322 ж б.э.д.) еңбектерінде адамды тәрбиелеуге, жеке адамды қалыптастыруға байланысты маңызды ойлары бар. Ежелгі Рим философы, педагогы Марк Квинтиллионнң (35-96) “оратордың тууы (оброзование)” шығармасы педагогикалық ой-пікірлердің дамуының нәтижесі. Қайта өрлеу дәірінің ойшылдары, педагог-гуманистері голланд Эразм Роттердамский, италиялық Витторино де Фельтрэ, франсуздар Франсуа Рабле.
Н. К. Крупская , А. С. Макаренко , В. А. Сухомлинский - сыныптан тыс тәрбие жұмыстарына, А. С. Макаренко – балалар ұжымына педагогикалық басшылық принциптерін, еңбек процесінің әдістемелерін, балаларды отбасында тәрбиелеу мәселелерін көтерді. В. А. Сухомлинский жастарды тәрбиелеудугі моральдық мәселелерді зерттеді.
Жалпы, білім, табиғат, қоғам, адам туралы ғылымның негізі жөнінде білім береді, дүниеге диалектикалық көзқарасты қалыптастырады, танымдық қабілеттерді дамытады. Жалпы білім адамды қоршаған дүниедегі даму
4.Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.
Педагогиканың адамдар туралы ғылымдар жүйесіндегі орны оның басқа ғылымдармен байланысын ашқанда көрінеді. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысының 4 деңгеін атап өтуге болады.
Бірінші деңгейі педагогиканың философиямен байланысы. Философия педагогикаға қатысты әдіснамалық функция атқарады. Педагогиканы зерттеушілердің ізденіс бағыттары олардың қандай философиялық көзқарастар жүйесін ұстануынан тәуелді (мысалы, материалистік, экзистенциалистік, неопозитивистік, прагматикалық және т.б.). Сонымен қатар философияның әдіснамалық функциясы оны ғылыми танудың жалпы принциптері мен әдістерін жасауынан да байқалады.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысының екінші деңгейі - оның басқа ғылымдардың зерттеу нәтижелерін пайдалануы. Оған педагогиканың психологиямен, әлеуметтанумен, биологиямен, физиологиямен және тағы да басқа ғылымдармен байланысы жатады.
Педагогиканың психологиямен байланысы дәстүрлі болып есептеледі. Тұлғаны дамыту, тәрбиелеу және оқыту оның психикалық ерекшеліктерін, психикалық процестердің механизмдерін білмей тиімді іске асыру мүмкін емес.
Педагогиканың әлеуметтанумен байланысын екі ғылымның зерттеу пәндерінен байқауға болады. Адам тәрбиесін қоғамнан тыс, әлеуметтік топтардың ықпалынсыз қарастыруға болмайды.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысының үшінші деңгейі – педагогика басқа ғылымдардың зерттеу әдістерін пайдаланады (әлеуметтану, математикалық-статистикалық әдістер).
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысының төртінші деңгейі – педагогика басқа ғылымдармен бірге адамды кешенді зерттеуге қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет