Курсы мамандығы: «5B010300-Педагогика және психология»



бет18/60
Дата10.03.2023
өлшемі302,06 Kb.
#72891
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60
Байланысты:
Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор

Негізгі әдебиеттер:


  1. Жүсіпова Ж.А. Педагогикалық шеберлік. – Алматы, 2011. – 316 б.

  2. Абдулинна О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педаггического образования. – М.: Просвещение, 1990. -141 с.

  3. Залесский Г.Е. Психология мировоззрения и убеждений личности. - М., 1994. - 142 с.

  4. Губайдуллина Г.Н. Педагогиканы оқыту әдістемесі. – Алматы,

2011.

  1. Каткин М.Н. Вопросы профессиональной педагогики. - М.:

Высш.шк., 2007. - 439 с.

  1. Батталханов Е. Инновациялық іс-әрекетке мұғалім даярлау жолдары

// Қазақстан мектебі. – 2008. - №3. – 75-77 б.

  1. Губайдуллин Г.Н. Педагогиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: Дәуір, 2011. -327 б.

  1. Муханбетжанова Ә. Педагогиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: Дәуір, 2011. – 302 б.

  2. Жүсіпбекова Н.Р. Жаңа технологиялар арқылы нәтижеге бағдарлау

// Қазақстан мектебі, 2010. №11.

Қосымша әдебиеттер:


  1. Айтжанова Р.М. Педагогикадан электронды дәрістер курсы. – Қарағанды: ҚарМУ, 2011.

  2. ellBRARY.RU. Вестник Московского университета. Серия 20: Педагогическое образование. Педагогика.

  3. http: // webofknowledge. com

  4. http: // : www.rmeb.kz.

  5. http : // www. sciencemag.org/

  6. ttp: // search.ebscohost.com

№4 Дәріс тақырыбы: Педагогтың үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары.


Жоспар:

  1. Үздіксіз педагогикалық білім – мұғалімнің кәсіби-тұлғалық дамуындағы және өзін-өзі танытуындағы жетістігінің шарты.

  2. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері. Әртүрлі жастағы оқушылармен педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері.

  3. Қазіргі жағдайдағы мұғалімнің коммуникативтік құзыреттілігі.

  4. Педагогтың сөйлеу мәдениеті – кәсіби іс-әрекет жетістігінің шарты.

  5. Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу - қазіргі мұғалім тұлғасын дамыту факторы, оның ерекшеліктері.

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан- жақты дамыған маман - уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады.


«Мұғалімдер - қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе,
«ең сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал, педагогикалық шеберліктің негізі неде?
Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің рөлін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын калыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.
Қазақстанда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында мемлекетіміздің білім беру жүйесінде жүргізілетін реформалардың мақсаты - оның нарықтық экономика жағдайында ғаламдық ауқымға ие болуын ескере отырып, саналы өзгерістерін қамтамасыз ету деп көрсетілген. Білім беруді реформалау осы саладағы жинақталған оң әлеуетті жақтардың негізінде осы процесті тереңдету мен дамыту үшін жаңа құқықтық, әдістемелік, қаржы материалдық жағдайларын жасауды және тиісінше кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр,"- деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылык, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,
шығармашылықпен жүмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген педагог болуы керек.
Қазақстан заңдары білім беруді қоғамның және мемлекеттің рухани, әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуының негізі деп жариялайды. Елімізде 1999 жылы қабылданған «Білім туралы» Заңда білім беру жүйесінің басым міндеттері көрсетілген:

  1. - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;

  2. - жеке адамның шығармашылык, рухани жэне дене мүмкін-діктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектілік байыту;

  3. - азаматтық пен елжандылыққа, өз отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді кұрметтеуге, халық дэстүрлерін кастерлеуге, конститутцияға қайшы жэне қоғамға карсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

  4. - әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, казак халқы мен республикасының басқа да халықтарының тарихын, дәстүрлерін, тілдерін меңгерту;

  5. - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу;

  6. - еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру.

Осы міндеттерді орындап, жүзеге асыруда мұғалімдердің рөлі өте зор. Бүгін мұғалімдердің еңбегінің нәтижесі қандай болса, ертең біздің қоғам сондай болады.
Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мүғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс калыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің емірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.
«Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын - жазушыларда, әртістерде, өнер адамдарында кездеседі. Ал, «мұғалім болу - талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» - деген сұрақ туады. Ұстаздың барлығы талантты болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта - ыкылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жагынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалык шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті
меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.
Педагогикалық шеберлік - ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д. Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, бұған оның қолы жетпейтіндігін», - айтады.
Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік «педагогикалық шеберлік» болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде «шеберлік белгілі саладағы өнер деп анықтама берілген, ал шебер өз ісінде өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман» делінген (С. И. Ожегов, 1990). Педагогикалық шеберлікті адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып , оның кәсіби қызметтік және тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру керек.
Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгерумен шеберлікке қол жеткізе алады ма? Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде кәсіби қызметінен көре аламыз ба? Жоқ, себебі педагог сағат сайын айналадағы өзгерістерді, жаңалықтарды қамтып, ғылымның заңдылықтарына сүйену арқылы әдемілік пен тәрбиелікті жеткізе білу керек. Бұл жағдайда ең объективті заңдар туралы сөз болып отырған, яғни нақты бір адамның-педагогтың өмірге көз қарасы, қарым-қатынасы туралы екенін түсіну маңызды болмақ.
Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі мен қазіргі отандық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз.
Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту саласы бойынша халық комиссары А.В. Луначарскийдің макалалары мен басылымдарда жарияланған сөздерінен білеміз. 1928 жылы тәрбиешілер мен коғам қайраткерлерінің мәжілісіндегі сөзінде ол педагогқа жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін атап айтқан: «Егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алатын болса, онда оны қайта құюға болады, егер асыл тастар бүлінсе, онда іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор баға жетпес гауьар - өмірге келетін адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немесе күнәсіздіктің үлкен күнәсі. Бұл материалмен алдын ала не істейтініңді анықтап нақты, айқын жұмыс істеу керек» дейді.
Н.К. Крупская (1960) 1932 жарыққа шыққан «Мұғалім туралы» деген мақаласында «үлгілі мұғалімнің мерилі» ретінде төмендегі критерийлерді анықтады: мұғалім өз пәнін, әрбір оқушыны, еңбекті Ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білуі керек, оқушының қабілетін оята білуі, оқытудың әдістемесін меңгеруі, оқу мен тәрбие жұмыстарын үштастыра білуі, беделді бола білуі қажет.
Педагогикалық шеберлік туралы А.С. Макаренконың (1988) пікірлеріне сүйенер болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік - бүл «тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы». Бұл жөнінде ол:
«Мен білік пен дағдыға негізделген шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім» дейді. Одан әрі жоғарыда
келтірілген шеберлік туралы түсінікті ережелер қатары кездеседі, «дауысты келтіру - өнер , көзқарасы мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілу, күлу бәрі - өнер болып табылады». «Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек «мұнда кел» деген сөзді 15-20 түрлі етіп айта алатын, даусымды, бет- әлпетімді 20 түрлі етіп құбылта отырып, кімді болса да өзіме шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетіндей дәрежеге жеткенде ғана» дейді.
Кеңес педагогикасы педагогикалық шеберлік корифейінің мәнін мінез-құлық білігінің кең ауқымында карастырады.
В.А.Сухомлинсий (1981) бұл түсінікке нақты анықтама бермейді, дегенмен, ол педагог тұлғасы тәрбиеленушіні тәнті ететін, өзіне тарта білетін, рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Ол : «Идеалдар мен қағидалардың, көзқарастары мен талғамының, симпатия мен антипатияның, моральдық-әдептілік қағидаларының педагогтың сөзі мен ісіндегі гармоналды тұтастығы - міне, осындай қасиеттер жалындаган жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ жұлдыз болады» дейді. Сондай -ак ауыз біршілік тәрбиеші үшін органикалық кажеттілігі ретінде өте маңызды, әрі жан дүниесін, жеке бақытын, ой-санасын онсыз елестете алмайтын өмір заңы екенін айтады.
А.И. Щербаков (1968) педагогикалық шеберлік - мұғалімнің - ғылыми, әдістемелік өнерінің, білігі мен дағдысының, жеке қасиеттерінің үндесіп, үйлесуі деп санайды. Мұндай үйлесімді тұтас әдістемелік өнер тек шығармашылықпен ғана туындайтыны айдан анық. Бұл өнердің негізгі атрибуты - өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен орындау дейді.
Ю.П.Азаров (1971), тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп, оның мәнін төмендегіше ашады: «педагогикалық шеберліктің негізі бала тәрбиесінің заңдылығын білу болып табылады» дейді. Одан әрі шеберлікті құрайтын қүрамдас бөліктерінің өзара әрекеті туралы айта келіп, шеберлікке берген анықтамасын дамыта түседі: «сезім мен техниканың өзара әрекеті педагогтын жеке тұлғаға немесе ұжымға жаппай эмоционалды образды ыкпал жасауына әкелетінін айтады».
Міне, шеберліктің құдіреті - осындай тұтасқан үйлесімде. Ю.П.Азаров (1989) қалың окырман қауымына арнаған публицистикалық басылымында
«мен шеберліктің формуласын қайта-қайта айта беруге дайынмын, оның мәні: технология, карым-қатынас, түлға сияқты үштікте» дейді. Шеберлік істейтін ісіміздің материалдық жағында болуы тиіс, мен технология деп
атап отырган. Бұл технологияны кешіктірмей іске асырсақ, соның арқасында қарым- қатынас жасалады. Ал бұл қарым-қатынас мені және мен қатысатын балаларды қалыптастырады деген екен.
Н.В.Кузьмина (1972, 1980) шеберлікті маманның өз жұмыс жағдайын зерттеп, зерделей білуі, кәсіптік міндеттерін оңтайлы шешу үшін кәсіби біліктілікті меңгеруі деп анықтайды.
Н.В.Кузьминаның пікірінше (1980), педагогтың кәсіби шеберлігі тәжірибе мен оқу міндеттерін шеше білуді жоғары деңгейде меңгеру. Бүл жалпы еңбек пен жалпы интелектуалдық білік қалыптасқанда ғана
жеткілікті биік дәрежеге ие болады (талдау, синтездеу, жалпылау, ауыстыру, нақтылау саласында).
Зерттеу жүргізген ғалымдардың пікірінше, педагогикалық шеберлік жөніндегі ғылыми-зерттеу пайымдаулар мыналар: педагогикалық максаттылық, бағыттылық;

  • тәрбие мен білім беру ісінің нәтижелілігі;

  • әдістерді, кұралдарды қолдана білудегі үйлесімділік;

- іс-әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы. Сонымен қатар әлеуметтік-қоғамдық өмірдің жаңаруына
байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейіде дамуы тиіс.
Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттер:

  1. Педагогикалық білім бірлігі.

  2. Педагогикалық кәсіпке бейімділігі. ;

  3. Ситуацияларды меңгеру.

  4. Балалардың психологиялық жағдайын меңгеру. Мұғалім шеберлігі

  • бүл өте жоғары білімді сапалар

әрі үдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері.
Қазіргі заман мұғалімінің тұлғалық белгісі - ой өрісінің кеңцігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Енді бір қыры - шэкіртпен карым-қатынастың, шәкірттің іс-әрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. ¥стаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек кесте - 1.
Кесте – 1
Ықпал түрлерін іске асыруда ұстаздың іс-әрекеті

Педагогикалық шеберлік - мүғалімге оку-тәрбие процесін ұйымдастыруда қажетті кәсіби білім, білік және дағдылардың жиынтығы. Педагогикалық шеберліктің негізі жоғары оқу орнында қалыптасады. Оның мазмұнына:



  1. Кәсіби педагогикалықбілім;

  2. Педагогикалық тәжірибе;

  3. Шығармашылықтәжірибе;

  4. Тұлғалық қасиеттері;

  5. Кәсіби педагогикалық бағыты енеді. Мысалы,педагогикалық тәжірибе-біріншіден,мұғалімнің нақты жағдайларды, балалардың, балалар ұжымының ерекшеліктерін және өзінің жеке ерекшелігін есепке ала отырып, педагогиканың практикадағы заңдарын және принциптерін шығармашылықпен, белсенді меңгеру мен іске асыруы.

Ал, педагогикалық шеберлікті меңгеру екі деңгейде жүргізіледі:

  1. Кәсіби педагогикалық қызметке дайындық кезінде алынған білім, білік, дағды.

  2. Кәсіби педагогикалық қызмет барысында алынған білім, білік, дағды.

Педагогикалық шеберліктің нәтижесі ретінде мұғалімнің шығармашылығы, жеке тәжірибесі және оның жариялылығы болып табылады. Мүғалімнің педагогикалық шеберлігі мен кәсіби қабілеттілігінің өзара байланысын А.С. Макаренко: педагогикалық шеберліктің туа біткен ерекшеліктері, қасиеттері арқылы белгіленетінін жоққа шығара отырып, ол оның кәсіби қабілеттілік деңгейіне байланысты екендігін көрсетті. Оның айтуынша, іскерлікке, педагогикалық квалификацияға негізделетін педагогикалық шеберлік - бұл тәрбие процесін білу, оны құру, қозгалысқа түсіру. Педагогикалық шеберлікті меңгеруге әрбір педагогтың жеке практикалық тәжірибесі мен еңбектенуі нәтижесінде қол жеткізуіне болады. Шебер педагог - бүл жоғары мәдениетті, өз ісінің шебері, оқыту мен тәрбиелеу әдістемесін білетін, психологиялық білімі бар, сонымен катар
әртүрлі ғылым саласынан хабардар маман.
Педагогикалык шеберлік - балаларды сүйетін, жүрек қалауымен жұмыс істейтін, әрбір педагогтың қолы жетерлік тәрбие мен оқытуда < тұрақты жетілдіріліп отырылатын өнер.
Педагогикалық үрдістің ерекшелігі, оның кұрылымы және мазмұны дамыту, оқыту, тәрбиелеу функцияларын тәжірибе бары-сында тарататын шеберліктің ашылу себептері болып табылады.
Педагогикалык шеберлік педагогикалық мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі бола отырып, мынадай төрт жүйені қамтитын күрделі кұрылымды қамтиды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет