Курсы мамандығы: «5B010300-Педагогика және психология»



бет21/60
Дата10.03.2023
өлшемі302,06 Kb.
#72891
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60
Байланысты:
Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор

1 - кесте


Құзыреттілік ұғымдарына берілген ғалымдардың анықтамаларының мәні



Авторлар

Қабілет

Білім, білік, дағды
жиынтығы

Тәжіри
бе

Әрекет тәсілдері

В.А.
Шапалов

құзыре
ттілігі










анов


М.М.Чош




құзыре
ттілік







Б.Т.Кенж
ебеков

құзыре
ттілік










рина


М.Ж.Жад




құзыре
ттілік







аева


Ш.Т.Тауб

құзыре
ттілік

құзыре
ттілік

құзыре
ттілік




ина


К.Ж.Аган







құзыре
ттілік

құзыре
ттілік

Сонымен, құзыреттілік дегеніміз - адамның өз кәсібіне сай игерген әрекет пен өнімді қызмет түріндегі білім жиынтығын маңызды қасиеттермен біріктірілген білік және саналы дағдылар тәсілдері аркылы тәжірибеде қолдана білу қабілетінің сапасы.


Жоғары оқу орнындағы педагог құзыреттілігін қалыптастыру бүгінгі кәсіби тұрпатты маман даярлаудағы қоғам сұранысы мен қажеттіліктерінен туындап отыр.
Жогары оқу орнындагы педагог мынадай құзыреттіліктің түрлерін иреуге тиіс:
Арнайы құзыреттілік - өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет.
Әлеуметтік құзыреттілік бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті (ұжыммен, топпен) қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу.
Білім беру құзыреттілігі - білім беру қызметінде кэсіби білімді, біл ік пен дағдыны, максат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру кызметінде субьектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылык, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.
Осы аталган құзыреттіліктерге ортақ белгілер мыналар:

    • іргелі және интеграциялық білімнің жоғары деңгейі;

    • жинақталған іскерлік, дағды қабілеттерді меңгеру;

    • кәсіби педагогикалық кызметтің жаңашыл әдістері;

    • инновациялык технологияны меңгеру;

    • шығармашылық шеберлік.

Сонымен, корыта келгенде, құзыреттілік дегеніміз - адамның өз кәсібіне сай игерген әрекет пен өнімді қызмет түріндегі білім жиынтығын маңызды қасиеттермен біріктірілген білік және саналы дағдылар тәсілдері арқылы тәжірибеде қолдана білу қабілетінің
сапасы.
Жоғары оқу орнындағы педагог кұзыреттілігі педагогикалык кабілеттер негізінде және құзыреттілік түрлерінің жиынтығынан тұрады десек, В. А. Сластенин: «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі педагогикалык іс- әрекетті атқару үшін қажетті теориялық және практикалық дайындығы және ол мүғалімнің кәсіби профессионализімі» деп сипаттайды.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі ұғымы мүғалімнің жеке мүмкіндіктерін білдіреді, ол педагогикалық ситуацияларды дербес және тиімді шешуге ықпал етеді. Ол үшін мұғалім педагогикалық теорияларды және оны практикада қолдануды білуі керек.
Ғалым В. А Мижериков бойынша, мұғалімнің педагогикалъщ құзыреттілігі дегеніміз кәсіби іс-әрекетті орындаудағы теориялық және практикалық дайындықтарының бірлігі.
Педагогикалық құзыреттілік - педагогтың кәсіби көрсеткіші; педагогтың дайындығы және «қабілеттенуі» аркылы, іс-әрекеттерді меңгерудің әдістері мен құралының шынайылығында, алға қойған міндеттерді шешу мүмкіндігінде көрінетін нәтиже.
Жоғары оқу орны оқытушысының кәсіптік-тұлғалық құзіреттіліктері Энциклопедиялық сөздікте былайша жіктеледі:

    • Бейімделу - өркениетті адамның жайлы өмірді қамтамасыз етуде, қоршаған әлем туралы білімінің, табиғатка қатынасы, ортаның өзгергіштігіне бейімделу және бірегей табиғи байлықты шынайылықтың шығармашылық жолмен түрленуін сақтау арқылы қолданылатын

интеллектуалды, физикалық және психомоторлы біліктіліктердің жиынтығы;

    • Әлеуметтік - үйымдастырушылық - әр түрлі нақты әлеуметтік жағдаяттарды шешу үшін мақсатты таңдалған жол іздеу негізінде адамдардың арасындағы қарым-қатынастардың барлық қатынасушылар үшін қолайлы өзгеріске әкелетін, нәтижесінде өз мақсаттары, көңіл-күйі, әрекет ету тәсілдерін реттеуді қажет ететін түлғаның білімдерінің, рефлексивті біліктіліктерінің және қабілеттіліктерінің жиынтығы;

    • Коммуникативті - құрылымы жағынан күрделі және білім беруді ұйымдастыруда тұтас, қарым - қатынас жасаудағы негізгі міндеттерді табысты жүзеге асыруды және түлғаның өз мүмкіндіктерін ашуын қамтамасыз ететін және лингвистикалық біліктіліктерді меңгерумен сипатталатын, тілдік тәртіптің арнайы әлеуметтік - мәдени нормалары мен қарым - қатынас жасаушылар арасында психологиялық заңдар, колайлы жағдайды колдау, түлғаның әсерлі сезімтал ортасын дамыту;

Құндылықты-мәнді - тарихи дәуірге, әлеуметтік немесе тендерлік топқа, адамның белгілі бір уақыт аралығындағы кәсібіне қатысты өзгермейтін (инвариантты) сипаттағы құзыреттіліктердің жиынтығы, сонымен қатар олар тұлғаның озық ойы мен әрекетін анықтайды, оның
«уақыттан озу» қасиетін келешектің әулиесі және жаратушысы болуын, күн ілгері тұлғаның сыртқы әрекеттерге қатысты тұрақтылығын анықтайды, кез келген жағдайда адамның «дербестігін» сақтауды қамтамасыз етеді.
Сонымен, мұғалімнің кәсіби кұзыреттілігі үшін психологиялык- педагогикалық және арнайы білімдерді меңгеруі керек, сонымен бірге ол білімдерін нақты бір ситуацияларда колданылуы қажет. Кәсіби құзыреттілік мұғалімнің өз ісінде шебер болуын анықтайды деп айтуға болады.
Педагогикалық құзыреттілік мұғалімнің теориялық және практикалык дайындығынан қүралады. Олар өз кезегінде педагогикалық іскерліктерге бөлінеді. Педагогикалық қүзыреттіліктің құрылымы:
Педагогикалық іскерлік-бул теориялық білімге негізделген және үйлесімді түлғаны дамытуға бағытталаған, бірізді жүзеге асатын автоматтандырылыған әрекеттердің жиынтығы. (В. А. Сластенин).
Педагогикалық іскерліктер - мұғалімінің әр түрлі әрекеттерінің жиынтығы, ең бастысы олар педагогикалық іс-әрекеттің қызметіне сәйкес келеді, белгілі бір мөлшерде мұғалімнің жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтайды. (В. А. Мижериков).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет